Серік Мырзалы философия оқу құралы


IV тарау. Қайта өрлеу мәдениеті аясындағы философия



Pdf көрінісі
бет93/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   422
Байланысты:
2 (1)

IV тарау. Қайта өрлеу мәдениеті аясындағы философия
§ 1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
Қайта өрлеу дәуірі (фр. Renаіssance) – Ортағасырдан Жаңа Заманға 
өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз XIV-XVI ғасырлармен белгілейміз. 
Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алып қарасақ, бұл кезде 
солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орна-
ласқан қалаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның 
өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз 
қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып, қалаларға келуіне, 
алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. 
Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық 
қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік 
өмір өзінің әртүрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен 
көзге түседі. 
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер қоғамның рухани өміріндегі 
біршама жаңаруларға әкеледі. 
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық 
ой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болу-
ына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың филосо-
фияда күш алуына әкеліп соқты. 
Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы – ол 
тәжірибелік зерттеу – эмпиризм (emperіa, – грек сөзі, тәжірибе) 
бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайым-
дау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал 
бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық 
интеллигенцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Ортағасырдағы 
қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір 
жағдай күрт өзгере бастады. 
Ортағасырдағы қауымдық негізде ұйымдасқан әртүрлі кәсіби топ-
тар жаңа жағдайда бірте-бірте ыдырап, оның орнына жеке адамдардың 
іс-әрекеті көбірек бағалана бастайды: табиғи мол дарыны бар адамдар 
өздерінің мүдделері мен мақсаттарына сай суретші, мүсінші, дәрігер, 
жазушы, сәулетші т.с.с. болуға тырысады. Ал мұның өзі ресми ғылымға, 
сол кездегі схоластикалық нәтижесі жоқ ой өрісіне қарсы сезімдерді 
туғызады, өйткені олардың ой-санасы, дүниетанымы, шығармашылық 
ізденістері діннің шеңберінен шығып, жаңа қөзқарасты талап етеді.
Ал бұл айтылған ойлардың айқын көрінісі – Ортағасырдағы уни-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет