Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық



Pdf көрінісі
бет96/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 4. Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық 
көзқарастар. Николло Макиавелли
Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы 
капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, 
адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің 
қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне
мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың 
ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген 
тұлға – Н.Макиавелли.
Николло Макиавелли (1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер 
сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының 
арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, 
әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі 
әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай, ол мемлекеттік 
жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломатиялық істерді атқа-
рады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге 
сол кездегі қоғам туралы көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік 
берді. Ол ертеден келе жатқан «алдымен өмір сүру, содан кейін 
пәлсәпәлау» (prіvus vіvere deіnde phіlosopharі) өмір сүруге тырысты. 
Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. 
Сондықтан Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Меди-
чилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне 
кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н.Макиавелли өзінің негізгі: 
«Патша», «Флоренция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы 
жөнінде» т.с.с. еңбектерін жазады.
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы
Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан 
табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бой-
ынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы 
капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың «өзім дегенде 
өгіздей қара күшім бар» деген сияқты іс-әрекеттері себеп болса керек. 
Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ – саудагерлер мен 
қолөнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н.Макиавелли адамның 
іс-әрекетінің ең терең түрткісі – ол оның мүддесі деген тұжырымға 
келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның 
негізгісі – өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. 
«Патша» деген еңбегінде Н.Макиавелли «Адамдар меншігінен 
айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», – дейді. «Меншік 
жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой (onore) және сый-сияпат (onorі) 
келеді», – дейді ұлы ойшыл. 


146
Осындай адамға деген көзқарасты жан-жақты аңықтама ретінде 
пайдаланып, Н.Макиавелли өткен адамзат тарихын (ертедегі Грекия 
мен Римді) осы тұрғыдан қарайды. Мұндай көзқарастың тарихтағы 
түңілушілік сипатын айтпаса да көруге болады. «Адамдар жайында, 
жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рақымсыз және тұрақсыз, 
алдау мен екіжүзділікке жақын, әлдебір төнген қауіптен қашады, оңай 
олжаға жүгіреді». 
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік 
ұйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана 
адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп 
қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды туды-
рады. Сөйтіп, Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет адамдардың өз 
іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай 
қатысы жоқ. 
Н.Макиавеллидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол 
тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар 
адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу 
мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, 
«ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық 
пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығатыны туралы» 
пікірге келеді. Өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли 
Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен 
тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы 
қалыптасқан мақсат-мұраттардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик 
дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық 
алдындағы абыройынан жұрдай болды. 
Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің 
қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан 
бас тартқан адамдарды жұмаққа батыл іс-әрекеттерінің арқасында 
емес, көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендер 
деп есептейді. Кейіннен XІX ғ. Ф.Ницше христиан дінінің моральдық 
қағидаларын сынағанда, осы Н.Макиавеллидің идеяларына ұқсас 
пікірлер айтады. 
Ал мұның өзі Н.Макиавеллидің айтуына қарағанда, кертарт-
палыққа әкеледі. Ол Грекия және Римнің өткен тарихында болған 
көпқұдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені олар белсенді адамдарды
батырлықты паш еткен. 
– Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық 
дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе 
алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, – деген ащы пікірге келіп 
тоқталады ұлы ойшыл. 


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет