Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет183/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Рефераттар тақырыптары:
1. Ресей философиясындағы славянофильдер мен батысшылардың 
бiр-бiрiмен күресi.
2. В.С.Соловьевтiң философиялық көзқарастары.
3. Н.А.Бердяевтiң философиясы.
4. В.И.Вернадскийдiң ноосфера идеясы.
5. Ғарыш философиясы және оның негiзгi өкiлдерi.


265
ХI тарау. Қазақ мәдениеті шеңберіндегі 
отандық философия
§ 1. Қазақ руханиятының ерекшелiктерi
Көне гректердiң айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан баста-
лады. Ал оның өзi өмiрдегi күнбе-күн кездесетiн айқын да түсiнiктi 
құбылыстардан туындамайтыны баршаға мәлiм. Таңғалатын құбылыс 
сиқырлығы мен көпқырлылығы, әсемдiлiгi мен орасан зор күш-қуаты, 
я болмаса ерекше нәзiктiгiмен көрiнiп, адамның жан дүниесiнде ерекше 
iз қалдырады.
Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Оған бiз жастық 
шағымызда тоймаймыз. Есейе келе, олардың көбi үйреншiктi нәрселерге 
айналып кетедi де, көп адамдар, өкiнiшке қарай, сол ғажап қасиетiнен – 
дүниеге таңғалудан – айырылып қалып, өз руханиятын жүдетедi.
Философиялық деңгейге көтерiлсек, бұл дүниеде мәңгiлiк адам 
таңғалатын екi-ақ құбылыс бар. Оның бiрi – әлем, барлық, өмiр сүрiп 
жатқан дүние болса, екiншiсi – өзiндiк сана-сезiмi, iшкi рухани өмiрi 
бар адам болмақ. Бiрiншiсi – құшаққа да, ой елегiнiң ауқымына да сый-
майтын шексiз де мәңгiлiк Әлем, Дүние, Ғарыш болатын болса, екiн-
шiсi – ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бiрақ 
өзiнiң нәзiк жан дүниесi бар адам. Бiреуi – макрокосм, екiншiсi – 
микрокосм. Адам – кiшi әлем ретiнде үлкен әлемге – ғарышқа тең. 
Бүкiл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында 
жиналған.
Мiне, философия, негiзiнен алғанда, осы екi құбылысты бiр-
бiрiмен салыстырған кезде, адамның ғарыштағы орны мен рөлi туралы 
ойланған кезде пайда болады. Ал ол – саналы пенде – адамға тән нәрсе.
Сондықтан, көркемдеп айтсақ, осыдан мыңдаған жылдар бұрын 
өмiр сүрген белгiсiз түрiк бабамыз алдындағы жатқан дүниеге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет