261
§ 4. Ғарыш философиясы
Ғарыш философиясы деген кезде, бiз екi нәрсенi айтуымызға болады.
Бiрiншiден, ол – дүниенiң бiртұтастығы және соның шеңберiндегi
адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; екiншiден, адамзат мәңгi осы
жер бетiнде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы нысандарды игерiп,
өзiнiң ықпалын бүкiл ғарышқа тарата ала ма?
Бiрiншi сұраққа қайсыбiр ұлттық философия жауап беруге тыры-
сады, ал екiншi сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негiзiнен
алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс
философиясының
ерекшелiктерiнiң бiреуiне жатқызуға болар едi деп
ойлаймыз. Ал ендi оның өзiнiң де себебi бар шығар.
Бiздiң ойымызша, Алтын Орда мемлекетiнiң қысымынан кейiнгi
Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпiлуi
(бiрнеше ғасырдың шеңберiнде Едiл өзенiнiң ар жағынан сонау Қиыр
Шығысқа дейiн жетуi), өлшемсiз кең-байтақ жерде мемлекеттiгiн
құруы, ұлттық ой-өрiстi де кеңейтiп, оған ғарыштық өлшем берсе
керек. Мүмкiн, басқа себептер де болған болар.
Еуропа ой-өрiсiнде ғарыш жөнiнде христиандық антропоцентрлiк
көзқарас ғасырлар бойы өмiр сүрдi. Оның негiзгi қағидасы: адам –
жаратылған дүниенiң ең биiк шыңы, жер болса – ғарыштың ортасы.
Коперник мұндай көзқарасқа төңкерiс жасайды: ғарыштың ортасы –
жер емес, Күн. Ғаламда тек жерде ғана өмiр бар. Дж.Бруноның шексiз
ғалам мен өмiр жөнiндегi ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуiрдегi
ғылымда ғарыш механикалық-физикалық нысан, сансыз атомдардың
өрiсi деген пiкiр қалыптасты.
Ендi, мiне, орыс философиясында XVIII ғ. бастап,
антропокосмизм
Достарыңызбен бөлісу: