Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет180/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   422
Байланысты:
2 (1)

идеялары пайда болып дамиды. Яғни адамның жер бетiндегi орны 
емес, оның ғарыштағы рөлi зерттеле бастайды.
Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негiзгi идеялар:
а) ғарыштағы адамзаттың өлместiгi (К.Э.Циолковский);
в) биосфераның ноосфераға өтуi (В.И.Вернадский);
с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тiрiлту (Н.Ф.Федоров);
д) Күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский);
е) сананың ғарыштық дамуы (Н.К.Рерих); т.с.с.
К.Э.Циолковский оқырмандарға орыс космонавтикасының әкесi 
ретiнде кеңiнен таныс. Сондықтан бiз оның ғылыми-техникалық идея-
ларын қарастырмай, тiкелей оның философиялық көзқарастарына 
көшемiз. Оның ойынша, адам – ғарыш өмiрiнiң бiр бөлiгi, сондықтан 
адамзат цивилизациясы ғарыштағы өзгерiстермен тығыз байланысты.
Әрине, мәңгiлiк ғарышқа қарағанда, жер бетiндегi адамзат әлi өте 


262
жас. Дегенмен болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде, жер 
бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi 
мүмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде 
адам ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн 
игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне 
көтерiледi, – деген батыл пiкiр айтады.
К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және ғарыштық өмiр сүруiн 
бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру – адамзаттың «сәбилiк 
шағы», сондықтан ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты 
мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс 
жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығарма-
шылық – өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа 
шығу – көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:
а) адамзат қажеттiліктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта 
өзгерту;
в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;
с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс ғарышты игеру;
д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық ғарышта өмiр 
сүре алатын дәрежеге келуi.
Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң ғарыштағы ерекше 
орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ. К.Э.Циолковский 
адамзатты жер тартылысынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп 
көркемдеп айтуға болар едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет