Серік Мырзалы философия оқу құралы


Әл-Кинди – араб философиясын бастаушы ұлы тұлға



Pdf көрінісі
бет83/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Әл-Кинди – араб философиясын бастаушы ұлы тұлға
Әл-Кинди (800-879 ж.ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. 
Бағдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада 
өткізген. 
Әл-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол 
айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап 
жазған, бірақ көбі осы уақытқа шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: 
«Аристотельдің кітаптарының санын және философияны ұғу үшін не 
керек?», «Бірінші философия туралы», «Бес мән-мағына жөніндегі 
кітап» т.с.с.
Әл-Киндидің онтологиялық көзқарастары
Әл-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, екі субстанция 
жөнінде айтады. Бірінші субстанция – ол сезімдік заттар, оларды сан 
мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның 
сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым – 
сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салысты-
рады. 
Заттардың сапалық жағын геометрия және астрономия ғылымдары 
зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. 
Оларды игермей, адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам 
философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші суб-
станцияға жетуге жол жабық. Өйткені ол – тұрақты және өзгермейді…
Әл-Кинди: «Адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы – философия», – 
дейді. Оның мақсаты – заттардың шынайы табиғатын ашу, соның 
негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз
сәйкестеуіміз керек. 
Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. Қайсыбір затты танудың 
себебі – ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. 
Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе – бірінші ақиқат – Алла тағала 
жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен төрт сұраққа жауап 
беру керектігін айтады ойшыл. 
Ол бар ма?
Ол не? 
Ол қандай?
Себебі неде?


123
Әл-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы дүние 
санайды. Ал Айдың ар жағында әлемде ешқандай қозғалыс: дүниеге 
келу, кету, құру жоқ. Ол – тек қана жер бетіндегі болмысқа тән 
нәрселер. Бізді қоршаған болмыс өзгермейтін төрт элементтен: от, ауа, 
жер, судан, тұрады, тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана 
азайып, көбеюі мүмкін. 
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ 
мән-мағынадан алыста. Ол – сезімдік тану. Ол өне бойы өзгерісте, 
тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байла-
нысты. Оның сан жағы тұрақты емес: үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, 
теңсізденеді. Оның сапа жағы да өзгерісте: ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, 
күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан дүниедегі заттардың 
бітімі қабылданады да, оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді. 
Екінші танымның түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден 
алыс, ол – ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік 
қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды 
түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың 
елегінен өткізуге болады. Қорыта келе, Әл-Кинди адамның дүниетану 
мүмкіншілігін мойындап, айнала қоршаған ортаны зерттеп, ғылымды 
дамытуға шақырады. 
Әл-Киндидің философиялық көзқарастарын ары қарай дамытып, 
Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударып, оған көлемді түсініктер 
жасап және өзінің философиядағы ерекше ойларымен тарихта қалып, 
философия тарихында «Екінші мұғалім» атағын алған Әл-Фараби 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет