Серіктестігі


ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
30
1.5. ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІНІҢ 
ИНСТИТУТТАРЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ
Қоғамдағы  өзгерістердің  қазіргі  заманғы  үрдістері  ба-
рабар  институттарға  және  тиімді  қызмет  ететін  тетіктерге 
сүйенетін болса, сәттілікпен жүзеге асырылатын болады. 
Жалпы  танылған  ғаламдық  халықаралық  институт 
Экономикалық  және  әлеуметтік  кеңес,  ЮНеСко,  бҰҰДб, 
ЮНеП және басқалары сияқты бөлімшелері бар біріккен Ұлттар 
Ұйымы болып табылады. бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі 
және бҰҰ бас Хатшысы өршіген халықаралық шиеленістердің 
көбін басып тастау ісінде, тұрақты даму және экологиялық 
қауіпсіздік концепциясын әзірлеп шығаруда, гуманитарлық 
ынтымақтастықта маңызды рөл атқаруда. Дұрысында — бұл 
өркениеттер сұхбаты мен өзара әрекеттесудің басты мінбері. 
Дегенмен оның жұмысында да кемшіліктер жоқ емес. 
Қаржылық-экономикалық  ынтымақтастық  институт-
тары  —  Халықаралық  валюталық  қор,  бүкіл  әлемдік  банк, 
бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқалары дамып келеді. 
Алайда  мәселе  олардың  өз  қызметінде  өркениеттер  се-
ріктестігі  қағидасын  толыққанды  жүзеге  асырмағанында 
жатыр. 
Азиялық-тынық  мұхит  экономикалық  ынтымақтастық, 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, еуропадағы қауіпсіздік және 
ынтымақтастық  ұйымы,  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  пен 
сенім шаралары жөніндегі кеңес және сол сияқты бірлестіктер 
өркениеттер серіктестігінің институттарына айналып келеді. 
Қазақстан  кейбір  ғаламдық  және  аймақтық  серіктестік 
институттарының жұмысына белсенді атсалысуда және күллі 
адамзат мүддесінде олардың көпполярлық дүние құрылымы 
қағидаларына негізделіп дамуына септігін тигізуге дайын. 
Халықаралық ынтымақтастық пен өркениеттер серік тестігі 
институттарының қатарында әлемнің жетекші елде рінің көбін 
біріктіретін «G-8» айрықша рөлге ие. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
31
«Сегіздікке» қатысушы елдің үлесіне әлемдік экспорттың 
49%,  өнеркәсіптік  өндірістің  51%,  ХВҚ  активтерінің  49% 
келеді. «G-8» — әлемнің анағұрлым дамыған мемлекеттерінің 
экономикалық  және  саяси  бағытын  реттеуші  аса  маңызды 
тетік. 
«Сегіздік»  саммитінің  шегінде  бүкіл  әлемдегі  жүздеген 
миллион  адамды  толғандыратын  көкейтесті  мәселелер 
талқыланады.  Сонымен  бірге  оның  рөлі  құрамына  кіретін 
мемлекеттердің тек экономикалық және әскери әлеуетімен 
ғана емес, әлемнің жетекші державаларының жыл сайынғы 
кездесулерінде  шығарылатын  адамзаттың  қазіргі  уақытта 
анағұрлым  қажетті  мәселелерін  шешу  бойынша  сындарлы 
серпіндерімен де анықталады. 
«Сегіздікке» мүше елдердің саяси ықпалын ескере оты-
рып,  бұл  шешімдер  көп  жағдайда  магистралдық  көріністі 
тұжырымдайды,  ол  болса  бүкіләлемдік  қоғамдастық  үшін 
бағдар  болып  табылады  және  ең  ақырында  бүкіләлемдік 
институттар шегінде әмбебап сипатқа ие болады.
«G-8»  қазіргі  заман  саясатының  негізгі  бейресми 
тетіктерінің  бірі  болып  табылады.  бұдан  басқа,  бұл  ха-
лықаралық  қатынастардың  келешегін  концептуалдық 
қабылдау немесе аталмыш «жаңа әлемдік тәртіп» негіздері 
әзірленіп шығатын орталықтардың бірі. 
Әлемдік экономикалық сахнада жаңа бірлестік — «үл кен 
жиырма» («G-20») күшейіп келеді. Дамыған және дамушы 
жетекші елдердің көшбасшылары ғаламдық экономикалық 
дағдарыс сияқты ғаламдық күресте жеңу үшін өз күштерін 
жұмылдырып,  оның  себептерінің  ортақ  ұғымын  шығарып, 
оның  қайталануына  жол  бермеу  мақ сатында  әлемдік 
қаржылық нарықтың нормативтік және институционалдық 
базасын қайта құрудың ортақ ережелерін өзара келістіреді. 
«G-20»  еурокеңес  пен  әлемнің  дамыған  және  даму-
шы  жетекші  19  елін  біріктіретін  бейресми  экономикалық 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
32
қоғамдастық  екені  мәлім.  олардың  ішінде:  Аргентина, 
Австралия,  бразилия,  Ұлыбритания,  Алмания,  Үндістан, 
Индонезия,  Италия, канада,  Қытай, мексика,  Ресей,  Сауд 
Арабиясы, АҚШ, түркия, Франция, оңтүстік корея, оАР және 
Жапония. «Жиырманың» ішінде ғаламшар тұрғындарының 
үштен  екі  бөлігі  тұрады,  олар  дүниежүзілік  жалпы  өнімнің 
85%-ын  шығарады.  2009  жылдың  көктемінде  боаодағы 
(Қытай) экономикалық саммите сөз сөйлегенде, мен Азия-
дағы тура сондай міндеттерді талқылау және пайда болған 
күрделі  мәселелерді  шешу  жөнінде  ұсыныстар  шығаруды 
көздейтін АӨСШк негізінде «азиялық жиырманы» («А-20») 
құруға ұсыныс жасадым. 
Жоғарыда аталып кеткен барлық халықаралық институт-
тар мен тетіктер халықаралық қатынастарды демократиялан-
дыруды нығайтуға, қазіргі ғаламдық проблемаларды әділетті 
шешуге, өркениеттер серіктестігін дамытуға мүмкіндік туғыза 
алады және соны жасауға тиісті. 
Қазіргі  заманғы  үрдістерді  зерттеуде  ғаламдық  жүйе-
лердің  әртүрлі  жіктелімі  келтіріледі.  олардың  ішінде 
негізгі  үшеуін  бөліп  көрсету  қажет:  энергоэкологиялық, 
технологиялық және қаржылық-экономикалық мәселелер. 
бұл мәселелер өзара байланысты және бірін-бірі қиындата 
түседі:  сол  қиындықтардың  қалғандары  шешілмей  тұрып, 
біреуін шешу мүмкін емес.
кітаптың  келесі  тараулары  осы  үш  ғаламдық  мәселені 
шешудің  ықтимал  жолдарын  қарастыруға  және  оларды 
өркениеттер сұхбаты мен серіктестігі негізінде инновациялық 
шешу стратегиясын негіздеуге арналған.

ӨРКЕНИЕТТЕРДІҢ 
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
СЕРІКТЕСТІК 
СТРАТЕГИЯСЫ
 
2-тарау

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
35
Ұлттар  мен  өркениеттердің  әлемдік  қоғамдастығы  
XXI ғ. түпкілікті түрде жаңа қауіп-қатерге тап болады: өзара 
әсер  етіп  және  содан  күшейе  түскен  ғаламдық  энергети-
калық,  экологиялық  және  азық-түлік  дағдарыстары  әлем-
дік  дамудың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  мәселесінің 
сәттілікпен шешілетініне күмән туғызды. бүгінгі таңда әлемдік 
қоғамдастық үшін көкейкесті мәселелер ғаламдық энерге-
тикалық  дағдарыстың  тереңдей  түсуі  мен  ғаламшардағы 
қолайсыз  климаттық  өзгерістердің  өсіп  келе  жатқан  қауіп-
қатері болып табылады. 
Энергоэкологиялық  болжам  және  оның  негізінде 
әзірленіп шығарылған өркениеттер серіктестігінің белсенді 
стратегиясы қазіргі күні ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі 
инновациялық  жаңартудың  анағұрлым  талап  етілетін 
элементтеріне айналып келеді. 
бұл, ең біріншіден, энергетика мен экология ғаламдық 
сипатқа ие болатынымен және тиімді шешілуіне елдер мен 
өркениеттердің өмір қамтамасыздығы, сондай-ақ олардың 
өзара әрекеттесуі мен келешегі тәуелді болатын анағұрлым 
күрделі  геоэкономикалық  және  геосаяси  мәселелердің 
қатарына кіретінімен түсіндіріледі. 
XXI  ғ.  бірінші  жартысы,  қолда  бар  сарапшылық  баға 
бойынша,  ғаламдық  кеңістіктегі  аса  ірі  өзгерістермен  си-
патталады.  білімге  негізделген  инновациялық  қоғамның 
құрам бөлшегі ретінде өндіріс пен тұтынудың ноосфералық 
энергоэкологиялық тәсілін орнықтыру жолымен жеңуге бола-
тын ғаламдық энергоэкологиялық дағдарыс өрістеп келеді. 
бұл жағдайларда ғаламдық дағдарыстар кешенін жеңу 
келешегін анықтау, болашақтың оптимистік, инновациялық 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
36
серпіліс  сценарийін,  ғаламдық  энергоэкологиялық  страте-
гияның  негіздерін  дәлелдеу,  оны  іске  асыру  жолдары  мен 
қозғаушы күштерін анықтау аса маңызды. 
Саясаткерлер мен мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар 
мен  бизнесмендер,  ғаламдық  азаматтық  қоғам  ғылыми 
болжамдарға  сүйене  отырып,  ұзақ  мерзімді  даму  страте-
гиясын әзірлеп шығару және оны жүзеге асыру, қазіргі және 
болашақ ұрпаққа, келешекке жол ашып беру үшін жауапты. 
бүгінгі  таңда  энергоэкологиялық  серпіннің  кейбір  
бет алыстары мен келешегі байқалып отыр, міне, ғаламдық 
энергоэкологиялық  стратегияны  әзірлеу  кезінде  соларды 
ескеру қажет.

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
37
2.1. ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІН: 
ДАҒДАРЫС САБАҚТАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯ 
НЕГІЗДЕРІ
 
Ғ
АЛАМДЫҚ
 
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
 
ДАҒДАРЫСТЫҢ
 
СЕБЕПТЕРІ
 
МЕН
 
АЛҒЫШАРТТАРЫ
менің  көзқарасым  бойынша,  ғаламдық  энергоэко-
логиялық дағдарыстың негізгі алғышарттары мен себептері 
келесі баптарға саятын сияқты. 
сұраныс  пен  ұсыныс  арасындағы  алшақтық.  бұл 
энергия қорларына өсіп жатқан сұраныс пен негізгі дәстүрлі 
энергия  көздері  ретінде  қазбалы  қорларды  пайдаланудың 
шектеулі мүмкіндіктері арасындағы ұлғайып жатқан алшақ-
тық.  кейбір  зерттеушілердің  деректері  бойынша,  1900 
жылдан 2005 жылға дейін әлемдегі энергия тұтыну 15 есеге 
ұлғайды, ал 2030 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда 
тағы да 60-70%-ға өседі. 
Сарапшылардың пікірі бойынша, шығарылатын мұнай мен 
табиғи газдың қорлары 100 жылдан аз уақыт қа жететіндей 
ғана  қалды.  егер  осы  күнгі  беталыстар  сақталатын  болса, 
онда  әлемдегі  жылдық  мұнай  тұтыну  2018  жылға  қарай  
3 млрд т жетеді. тіпті жаңа кен орындарын ашудың арқасында 
өнеркәсіптік  қорлар  айтарлықтай  өссін  делік,  геологтар 
2030–2040 жж. қарай барланған әлемдік мұнай қорларының 
80%  пайдаланылатын  болады  деген  қорытындыға  келді  
(1-сур.). Сонымен бірге, бай және қолжетімді мұнай қорлары 
сарқылған  сайын  мұнай  шығарудың  шығындары  бағасы 
сияқты өсіп тұратынын да ескеру қажет.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
38
1­сур.  Мұнайдың  негізгі  продуцент­елдерінде  барланған  мұнай 
қорларының сарқылу мерзімдері 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
39
көмірсутекті шикізатты, атап айтқанда, мұнайды өн дірудің 
қазіргі  заманғы  технологиялары  қорлардың  100%-дық 
шығуын қамтамасыз ете алмайтыны жағымсыз жайт болып 
табылады. Қорлардың едәуір бөлігі қайтымсыз жоғалады. 
көмір  қорлары,  мұнай  мен  газ  қорларына  қарағанда, 
айтарлықтай  көп,  алайда  олар  да  шексіз  емес.  Әлемдік 
көмір  қорларының,  шамамен  алынған  баға  бойынша,  
10 трлн т құрайтын төрттен үш бөлігі АҚШ, ҚХР мен бұрынғы 
кСРо  елдерінің  үлесіне  тиеді.  Өткен  ғасырдың  90-шы  жж. 
әлемдік көмір тұтыну жылына 2,3 млрд т астам мөлшерді құрады. 
көмірді пайдалану тек дамушы елдерде ғана емес, өнеркәсіптік 
тұрғыдан дамыған елдерде де әжептәуір ұлғайды. 
Қолда бар болжамдар бойынша қазіргі заманғы тұтыну 
деңгейінде  көмір  қорлары  тағы  да  420  жылға  жетуі  тиіс. 
бірақ егер тұтыну қазіргі қарқынмен өсе беретін болса, оның 
қорлары 200 жылға да жетпейді. 
Алайда  көмірді  пайдаланудың  артуы  атмосфераға 
парниктік  газдары  шығарындылары  мөлшерінің  өсуімен 
байланысты, ал Жапониядағы (2008 ж.) «G-8» саммитінде 
2050 ж. қарай парниктік газдарының шығарындыларын екі 
есе азайту туралы келісімге қол жеткізілді, ол жалпы көмір 
тұтынуды  шектейді.  Энергия  қорларына  өсіп  келе  жатқан 
сұраныс кем дегенде үш факторға байланысты. 
олардың біреуі — демографиялық. Әңгіме өзегі ға лам-
шар халқы санының өсуі, ал соның салдары ретінде, әсіресе 
табыс  деңгейі  төмен  елдердегі,  адам  басына  шақ қандағы 
орташа энергия тұтынудың өсуінде.  бҰҰ-ның демография- 
лық  болжамының  орташа  нұсқасы  бойынша,  әлем  халқы 
2050  ж.  дейін  47%-ға,  ал  нашар  дамыған  аймақтарда  —  
60-тан 160%-ға дейін өседі. 
екінші  фактор  —  экономиканың  қарқынды  дамуы,  әсі-
ресе Қытай, Үндістан, бразилия, малайзия сияқты елдерде, 
орталық Шығыс мемлекеттерінде және т.б. Ғалымдардың са-

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
40
науы бойынша, ғасырдың басымен салыстырғанда бастапқы 
энергия тасушыларына сұраныс 2030 ж. қарай 53%-ға өсетін 
болады. Сөйтіп, 70%-ын дамушы елдер, ең алдымен Үндістан 
және Қытай, қамтамасыз етеді. 
Үшінші фактор — энергия алу тиімділігінің төмендігі, ал 
бастысы  —  энергия  пайдалану  тиімділігінің  төмендігі,  яғни 
әңгіме индустриялық технологиялар мен қазіргі заманғы өмір 
кейпінің энергиялық ысырапшылығы туралы.
Энергия  қорларына  сұранысты  қанағаттандырудың 
шектеулі мүмкіндіктеріне келетін болсақ, олар кем дегенде 
екі факторға байланысты. 
бұл ең алдымен қазбалы отын қорлары мен оларды энер-
гия өндірісінде пайдалану арасындағы диспропорция. мұнай 
мен газға әлемдік қорлардың төрттен бір бөлігінен азы келеді, 
бірақ олар энергия өндірісінің 80%-дан астамын қамтамасыз 
етеді. көмір мен табиғи уран қорларының 76%-ы тек 13% 
энергия  жеткізуді  береді.  Жалпы  әлемдік  энергия  қуатын 
пайдаланудағы  үлесі  шамамен  40%  құрайтын  мұнайды 
және көлік үшін отын ретінде, сондай-ақ жылу мен электр 
энергиясын  өндіру  үшін  қолданылатын  мұнай  өнімдерін 
жағу кезінде атмосфераға зиянды шығарындылардың 40% 
қалыптастырылады. 
басқа  фактор  —  энергия  көзі  ретіндегі  қазбалы  табиғи 
қорлардың  сарқылғыштығы.  Адамзат  энергия  қорларына 
әлемдік  қажеттіліктің  85%-ына  дейін  қанағаттандыратын 
дәстүрлі табиғи қазбаларды — мұнай, газ, көмір, уранды және 
т.б.  пайдалануды  үдемелі  қарқындылықпен  жалғастырып 
келеді. 
Ғалымдардың  пікірлері  тек  мерзімдерге  қатысты  қа-
быспайды (орташа арифметикалық көрсеткіштер: мұнайды 
40  жыл  ішінде  үздіксіз  жеткізу,  уранды  —  50,  газды  —  60, 
көмірді — 150 жылдан сәл көбірек), ал көмірсутекті отынның 
«мәңгілік келешегі» жоқ дегенде бір жерден шығады. 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
41
Қаржылық-экономикалық  себептер.  Энергоэколо-
гиялық  дағдарыстың  қаржылық-экономикалық  себептері 
маңызды рөл атқарады. 
егер  тұтыну  өндіруден  оза  бастаса,  онда  мұнайдың 
бағасы қайтадан күрт жоғары көтеріледі де, одан кейін іле-
шала ғаламдық өндіріс құлдырай бастайды және де оның 
салдары ретінде экономикалық дағдарыс басталады. 
егер  мәселені  экономикалық  тұрғыдан  қарастыратын 
болсақ,  онда  кен  орындары  алыс  және  қатынауға  қиын 
аймақтарда орналасқан көмірсутектерді өндіру, тасымал дау 
және қайта өңдеу барған сайын қымбатқа түседі жә не үдемелі 
қаржы салуды талап етеді. «морган Стэнли» бағалауы бо-
йынша, осы ғасырдың басынан бастап жаңа кен орындарын 
геологиялық барлау мен қазбалаудың құны екі еседен астам 
өсті. 
оПек-ке кірмейтін мұнай өндіргіш елдер кейіннен өтеуді 
талап ететін мұнай өндіру мен қайта өңдеу технологиясын 
жетілдіру бойынша ғылыми әзірленімдерге ғана жуырдағы 
онжылдықта 1 трлн  астам долларды жұмсауды жоспарлап 
отыр.  көмірсутектерді  энергия  секторында  пайдаланудың 
тиімділігі әлі салыстырмалы жоғары болса да, оның тө мендеу 
беталысы айдай анық көрініп тұр. 
Эн е р гоэ ко л о г ия лы қ  д ағд ар ы с т ы ң  ге о с ая -
си  себептері.  көмірсутектердің  кен  орындарының 
географиялық орналасуы тым біркелкі емес, сондықтан да 
энергияға  тәуелділік  сияқты  фактор  жайында  сөз  қозғау 
қажет. бұл ғаламдық және сонымен бір мезетте салыстыр-
малы  ұғым.  Ғаламдық  деп  тұрғаным,  ол  тап  қазір  табиғи 
энергия  қорлары  бар-жоқтығына  қарамастан,  кез  келген 
елге қатысты. Салыс тырмалы болғаны – өйткені кез келген 
энергия қорлары уақытша бәсекелестік артықшылық болып 
табылады. 
Әлемдік мұнай қорларының үштен екісі  таяу Шығыста 
–  саяси  дағдарыстар  мен  әскери  шиеленістерге  жомарт 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
42
аймақтарда  орналасқаны  –  бүгінгі  күннің  ақиқаты.  Сарап-
шылардың санауынша, болашақта мұнайға деген өсіп жатқан 
сұранысты  тап  осы  аймақтан  жеткізуді  едәуір  арттырудың 
есебінен қанағаттандыруға тура келеді. 
Ал  мұнай  өндіру  небәрі  10-15%-ға  азаятын  болса, 
ол  өнеркәсібі  дамыған  елдер  экономикасының  берекесін 
қашыруы  мүмкін.  70-шы  жж.  мұнай  өндірудің  небәрі  
5%-ға  азаюы  бағалардың  төрт  еседен  астам  өсуіне  алып 
келді.  осындай  жағдайда  мұнай  өнімдеріне  бақылау  жа-
сау  үшін  күресте  әскери  күшті  қолдану  халықаралық  және 
ұлттық қауіпсіздік мәселесі ретінде қарастырылады. Геосаяси 
қайшылықтар мен келешегі бар көмірсутектер қорлары, соның 
ішінде әлемдік мұхиттағы қорлар үшін күрес күшейе түседі. 
біз  соны  қалаймыз  ба,  жоқ  па,  алайда  мұнай  мен  газ 
геосаяси факторларға, саяси күш көрсетудің тиімді тетігіне 
айналады, энергетикалық бопсалау, қауіп пен лаңкестік тура-
лы сөз қозғауға мәжбүр етеді. Энергия қорларының көздері 
мен жеткізу жолдары — халықаралық террористердің шаб-
уылдары үшін әлеуетті және аса осал нысана. біз өркениеттің 
мұнайға бақылау жүргізген шегінен өтіп кеткен сияқтымыз. 
енді мұнай бізді бақылап отыр! біз тікелей және ауыспалы 
мағынада ол үшін барған сайын үлкен баға төлеуге дайынбыз. 
Экологиялық себептер. табиғат пен адамдар келешекте 
экологиялық зомбылықты — көмірсутектерді энергия тасушы 
ретінде  тиімсіз  пайдаланудың  нәтижесін  көтеруге  шамасы 
келмейтін болады. осы көзқарас тұрғысынан біз әлдеқашан 
энергоэкологиялық  дағдарыстың,  экологиялық  апаттың 
алдында  тұрмыз.  бүкіл  әлемде  әртүрлі  дәстүрлі  энергия 
құрылғыларында жыл сайын 3 млрд т астам мұнай жағылады. 
бұндайда 45-50 млрд т ауа пайдаланылады, ал атмосфераға 
Жер шарының әрбір тұрғынына шаққанда 300 кг-ға дейін 
зиянды және тіпті қауіпті заттектердің шығарындысы жаса-

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
43
лады. көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, дәл осы бүкіл 
әлемдік жылынуды және соның салдары ретінде климаттың 
жағымсыз өзгерістерін тудыратын көшетхана әсерінің басты 
себептерінің бірі болып табылады. 
Сонымен,  атмосфераға  зиянды  шығарындылардың 
40%-ы электр және жылу энергиясын алу үшін мұнай мен 
мұнай өнімдерін жағу есебінен қалыптасады.  бүкіләлемдік 
денсаулық сақтау ұйымының айғағы бойынша балалар нау-
қасының 30%-ы дерлік жағымсыз экологиямен байланысты. 
Атмосферадағы  улы  шығарындылар  жыл  сайын  шамамен 
3  млн  адамның  өмірін  алып  кетеді.  Ғаламдық  климаттың 
жылынуының тигізетін зияны,  бҰҰ болжамдары бойынша, 
2040  ж.  дейін  жыл  сайын  адамзат  үшін  $1  трлн    баратын 
болады.  осы  себептермен  1997  ж.  желтоқсанда киотода 
(Жапония)  атмосфераға  зиянды  шығарындыларды  азайту 
жөніндегі халықаралық құжат қабылданды.
Сөйтіп,  энергоэкологиялық  дағдарысқа  тән  белгілер 
қандай  да  болмасын  дәрежеде  өткен  ғасырдың  70-ші  ж. 
бастап айқын байқала бастады да, ғаламдық және жүйелі 
сипатқа ие бола отырып, XXI ғасырда асқынуға қарай анық 
беталыс алды. 
Сонымен бірге, мен ғаламдық энергоэкологиялық 
дағдарыс  экономикалық  дағдарыспен  байланысты 
болса да, одан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін 
атап айтқым келеді. 
олардың байланысы 2008 ж. анағұрлым айқын көріне 
бастады.  Энергия  тасушыларына,  атап  айтқанда,  мұнайға 
бағаның  күрт  өсуі  өндірістің  қымбаттауын  туғызып,  көлік 
шығындарын  ұлғайтты,  ол  өндіріс  көлемінің  жаппай 
қысқаруына алып келеді де, осы уақытта дамып келе жатқан 
қаржылық дағдарысты әжептәуір тереңдете түседі. 
елеулі  айырмашылықтарды,  менің  ойымша,  қысқаша 
келесі баптарға жатқызуға болады: 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
44
Біріншіден,  экономикалық  дағдарыс  негізгі  макроэко-
номикалық  көрсеткіштердің  құлдырауынан  көрініс  табады 
(тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығындағы өсу не-
месе сұраныс қарқындарының төмендеуі, ЖіӨ азаюы және 
т.б.).
Сонымен бірге ғаламдық энергоэкологиялық дағдарыс 
бастапқы энергия қорларын өндіру және тұтынудың өсуімен, 
әлемдік  энергия  нарығында  сұраныстың  көтерілуімен  
сипатталады. Экономикалық дағдарыстың белгісі ұсыныстың 
сұраныстан асып түсуі болып табылады. Энергоэкологиялық 
дағдарыстың белгісі энергия қорларына деген сұраныстың 
оның ұсынысынан асып түсуінде. 
Екіншіден,  экономикалық  дағдарыс  қордың  көп  жұм-
салуын  талап  ететін  салалардағы  өндірісті  қысқартудың  
салдарынан қоршаған ортаға шығарындылардың азаюымен 
қатар жүреді, ал энергоэкологиялық дағдарыс кезінде кері 
беталыс байқалады — минералды отынды пайдаланудың өсуі 
салдарынан қоршаған ортаның ластануы ұлғаяды. 
Үшіншіден, экономикалық дағдарыс кезінде ұсыныстың 
сұраныстан асып түсуіне байланысты әлемдік нарықта және 
дағдарыс  жайлап  алған  елдердің  ұлттық  нарықтарында 
бағаның құлдырауы орын алады. 
Энергоэкологиялық  дағдарыс  кезінде,  керісінше,  сұ-
раныстың  ұсыныстан  асып  түсуі  энергия  тасушылардың 
әлемдік  және  ішкі  бағаларының  өсуіне  алып  келеді,  ал 
кейіннен қымбаттау тізбегі, инфляциялық толқынды тудыра 
отырып, тұтастай экономикаға таралады.
Экономикалық  және  энергоэкологиялық  дағдарыстар-
дың бір уақытта қабаттасып келуі стагфляция деп аталатын 
құбылысты тудырады. 
егер біз ғаламдық энергоэкологиялық әмірлерді дұрыс 
түсініп,  тиімді  ғаламдық  энергоэкологиялық  стратегияны 
әзірлеп шығарсақ, оған жеткізбейтінімізге үміттенемін.

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет