59
критерийлерін біріздендіру, минералды қорлардың,
орман, су, балық шаруашылығы, мелиорация мен
топырақ құнарлығын көтеру бойынша ғаламдық кадас-
трды әзірлеу;
табиғат қорларының пайдалы құрамын толық шы ғарудың
•
көлемін ұлғайту, мұнай қайтарымының коэффициентін
көтеру, өндіру мен байыту кезіндегі жоғалымдарды
қысқарту;
минералды және өзге табиғи шикізатты тасымалдау
•
кезіндегі жоғалымдарды, электр мен жылу энер гиясының
жоғалымдарын азайту, қалдықсыз және аз қалдықты
технологияларды тарату, автономды ко генерациялағыш
қондырғылардың торабын, шағын ГЭС-терді құру, мұнай
мен кен шикізатын қайта өңдеу кешендігін тереңдету.
тмД елдері үшін бұл ба ғыттардың қажеттілігі айқын.
бар мәселе сол елдердің экономикасының бәсекеге
қабілеттілігінің өсуіне сай болатын олардың тиімді
шешімінде жатыр.
мысалы, еурокеңес Қазақстан мен Ресейге минералды
шикізатты, атап айтқанда, мұнай мен газды тасымалдау
кезіндегі жоғалымдарды азайту бойынша пайдалы техно-
логияларды ұсынады. бірақ оларды нақтылы іске асырудың
егжей-тегжейіне келгенде, жеңе алмайтын кедергілер
пайда болады, өйткені біз әлі де бұл мәселе бойынша
Қазақстан, Ресей, еурАзЭҚ, еурокеңес пен бүкіл әлемнің
игілігіне қызмет ететін серіктестік түрін әзірлеп алған жоқпыз.
минералды шикізатты шығарып алудың да жағдайы
шамамен осындай. Қазақстан мен Ресейге бұрынғы кСРо-
дан металлургия мен байыту технологиялары мұраға қалды.
оларды 90-шы жж. дағдарысына байланысты дер кезінде
дамыта алмадық және де тау-кен-металлургиялық кешен
кәсіпорындарының көбінде қазіргі күні де пайдаланып
келеміз.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
60
Нәтижесінде кеңестік кезеңде жиналған пайдасыз үйін-
ділер мен қалдықтардың бәріне кеңестік кезеңнен кейінгі
уақыттың қалдықтары қосылып, осы күнге дейін өсуін жал-
ғастыруда. Сол үйінділерде тек қана негізгі металл емес, со-
нымен бірге VI қайта балқыту технологиялары қажет ететін
ілеспелі сирек кездесетін металдар бар. Шығарып алу мәсе-
лелерін шешудің дәстүрлі ыңғайлары оңды нәтижелер берген
жоқ, енді серіктестіктің жаңа түрлерін әзірлеу қажет және де,
бәлкім, оларды әлемдік экономиканың VI технологиялық жөн-
жосыққа өту қажеттілігімен байланыстыру қажет шығар.
табиғат қорларын сақтау мәселесін шешудің үшінші ба-
ғыты энергияның балама және қайта жаңартылатын көздері
мен материалдары болады. Қазбалы отын мен шикізатты
сақтаудың маңызды бағыты олардың көлемді түрде балама
көздерімен – ядролық энергетикамен, сутекті энергиямен
және отындық элементтермен, қайта жаңартылатын күн
және жел энергетикасының көздерімен, гидроэнергетика-
мен, екінші буындық биологиялық жанармаймен алмастыру
болып табылады.
бұндай алмастыру барлық елдер мен өркениеттердің
өнеркәсібінде, құрылысында, көлігінде, тұрғын үй-ком мунал-
дық және үй шаруашылықтарында олардың серіктестігі мен
технологияларының трансферті негізінде жүргізілуі тиіс. бұл
табиғи шикізаттың таусылуы мен қымбаттауына байланысты
экономикалық өсудің шектеулерін жоюға, сөйте отырып,
халықтың өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Әртүрлі өркениеттер мен елдердің табиғат-климаттық
және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, келісілген крите-
рийлерден, өзара бәсекелестікте болатын энергияның балама
көздерінің салыстырмалы экономикалық және экологиялық
тиімділігінен шыға отырып, баға беру талап еті леді. Анағұрлым
тиімді көздерді әзірлеуде, инновациялық игеру мен таратуда
өркениеттердің серіктестігін қамтамасыз ету қажет.
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
61
мемлекеттер мен өркениеттер серіктестігінің осындай
түрін жасау қажеттілігі бүгінгі күнде айдай анық, өйткені қайта
жаңартылатын энергетика тек дамыған елдерде ға на дамы-
тылады және де оның зерттелуі мен ендірілуіне көп қаражат
жұмсау талап етіледі. Атомдық энергетиканың дамуында
әлемдік қоғамдастықтың келісімін талап ететін екі маңызды
жағдай бар: екі жақты мақсат факторының бар болуы, яғни
бейбіт және әскери мақсат. Сонымен бірге қалдықтарды көму
міндеті де бар.
Э
НЕРГИЯНЫ
САҚТАУ
Әлемдік энергетиканың бүкіл даму тарихы энергияның
ақылға қонымды және ұқыпты жұмсалу мәселелерін шешуге
байланысты.
Энергиясақтаушы технологияларды әзірлеп шығару
қажеттілігі біршама уақыттан бері зор маңызы бар мәселеге
айналып кетті. Экономиканың дерлік барлық салаларындағы
энергия тасушыларына, мұнай болсын, көмір не газ болсын,
үнемі өсіп жатқан қажеттілік қазбаланып жатқан кен орын-
дарында оларды өндіру көлемінің күрт өсуіне алып келді.
Нәтижесінде отын-энергетикалық қорлардың табиғи қорлары
өте жылдам азая бастады.
көптеген зерттеушілер жаңа экологиялық жағынан таза,
қайта жаңартылатын энергия көздерін игеруді ең бірінші
кезектегі міндет деп санайды.
басқа көзқарасқа сәйкес, жаңа энергия көздері, ал атап
айтқанда, күн энергиясы адамзаттың қажеттіліктерін едәуір
дәрежеде қанағаттандырғанша, біраз жыл өтеді. отынның
бір түрінен басқа түріне – ағаштан көмірге өту үшін бірнеше
мыңжылдық, ал мұнай мен газға өту үшін шамамен 60 жыл
ғана қажет болғанын еске түсіру жеткілікті. бұл энергияның
жаңа көздерін ендіру уақытын бағалауда бағдар ретінде,
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
62
әрине, ғылыми-техникалық ілгерілеудің жылдамдатылуына
қарай, алынуы мүмкін деген жорамал бар.
Жуырдағы онжылдықтар ішінде энергетикаға ағашты,
көмірді, мұнай мен газды өз есебінен шығармауға және
бір уақытта энергия өндірудің жаңа көздері мен әдістерін
іздестіру мен ендіру бойынша жұмыс жүргізуге тура келетіні,
міне, содан.
Жаңа әдіс идеясының тартымдылығы, энергия көзінің
(мысалы, күн энергиясының) қарапайым және шексіз бо-
лып көрінуі оны кеңінен пайдалану мүмкіндігінің қиялын
тудырады. Алайда күн энергетикасын ендіру тарихына оның
алғашқы тәжірибелік эксперименттерінен бастап 35 жыл,
ал оның бүкіл әлемнің ауқымындағы үлес салмағы әлі күнге
дейін 1%-дан кем.
тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген елдің әлеу-
меттік-экономикалық дамуы міндетті түрде анағұрлым
үнемді энергетикалық қорларды игеру және таңдаумен сүйе-
мелденіп отырады, сондықтан да, соңғы уақытта Қа зақстан
Республикасы экономикасының жетекші секторларында бұл
мәселені шешуге мұқият назар аударылатыны тегін емес.
Атап айтқанда, менің тарапымнан «Қазақстан Республикасы-
ның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру мен
дамыту концепциясын» әзірлеу тапсырмасы берілді.
Энергияны сақтаудың рөлін саналы түсінуге түрткі бол ған
70-ші жылдардағы әлемдік энергетикалық дағдарыс, ол кез-
де 10 жыл ішінде мұнайдың бағасы 17 есе, газдың бағасы 10
есе, көмірдікі – 3,7 есе көтерілді. бұл бүкіл әлемде энергияны
сақтау бойынша ұлттық бағдарламалар қабылдауға себепші
болады, ал нәтижесінде 5-10 жыл ішінде өнімнің салыстыр-
малы энергия жұмсағыштығы 20-40%-ға төмендеді.
АҚШ-та федералдық энергияны сақтау бағдарламалары
1973 ж. бастап әрекет етеді. 2005 жылдың тамызында энер-
гия тиімділігі мен энергияны сақтауды ынталандыру бірінші
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
63
кезектегі мақсат еткен 10 және одан көп жылға есептелген
Энергетикалық акт-2005 қабылданды. онда «Нөлдік энергия-
сы бар үй» ұранына айрықша назар аударылған. Америкалық
үйде жылуды тиісті оқшауламау мен тиімсіз жарықтың себе-
бінен орта есеппен алғанда 10-нан 50%-ға дейін энергия
жоғалатынына сүйенсек, сол шығындарды 30%-ға азайту
мақсаты қойылады.
Энергияны сақтау мәселесі Жапонияда өте қатты
көтерілген. бұл, біріншіден, елді меншікті табиғи энергия
тасушыларымен қамтамасыз ету үшін энергия қорларының,
ең алдымен, мұнайдың жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Қазіргі
уақытта Жапония өзіне қажетті энергия тасушыларының
80%-ын импорттауға мәжбүр болып отыр.
1979 ж. Жапонияда энергия сақтау туралы заң кү шіне енді.
ол сол кезде энергияның 70%-ын тұтынатын ірі өнеркәсіптік
кәсіпорындарға қатысты шығарылды. Электр энергиясын
тұтынуды қысқарту бойынша шаралар әзірлеумен қатар, заң
энергияның пайдаланылмайтын көлемдерін барынша азай-
та отырып, отынды жағу үрдісін ұтымды етуді, тасымалдау
кезіндегі жылу жоғалтуды қысқартуды бұйырды. бұл бағытқа
күш салмаған кәсіпорындар ірі айыппұлдар төледі.
2003 ж. бұл заң кеңейтілді. енді оның күші энергияның
басқа да ірі тұтынушыларына — үлкен кеңселік ғимараттар-
ға, әмбебап дүкендерге, мейманханалар мен аурухана-
лар ға тарайды. Жапонияның үкіметі 2010 ж. дейін қайта
жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энер-
гиясының үлесін өндірілетін электр энергиясының жалпы
көлемінің 1,5%-на дейін жеткізуді мақсат етіп қойды.
ек саммитінің нәтижелері бойынша (2008 жылдың 11–
12 желтоқсаны, брюссель) ек елдерінің көшбасшы ларымен
«20-20-20» жоспары қабылданды, ол атмосфе раны лас-
тандыратын шығарындылардың көлемін 2020 жылға қарай
1999 жылдың деңгейінен 20%-ға қыс қартуды, энергия
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
64
тұтынудың жалпы құрылымындағы қайта жаңартылатын
көздерден алынатын энергияның үлесін 20%-ға көтеруді және
жалпы энергия шығындарын 20%-ға азайтуды көздейді.
Алманияда 2006 ж. басынан бастап «Ғимараттардың
энергетикалық сипаттамалары» атты директива күшіне енді,
оның ережелері еуропалық одаққа мүше елдердің ұлттық
заңнамаларында өз көрінісін тапты.
еуропалық парламент және еуроодақ кеңесімен
әзірленген сол директиваға сәйкес, ғимараттың энергиялық
тиімділігі — оның тұтынатын энергия мөлшері басқасымен
қатар, жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ету, желдету,
ауаны баптау мен жарықтандыру. Ғимараттар энергетикалық
жүйелер деп саналатын болды. ек директивасының ереже-
лері энергия сақтауға қатысты қолданыстағы ұлттық заңға
енгізілді.
Алманияда энергия сақтауды ендіру мемлекет тара-
пынан емес, негізінен банктер мен ірі корпорациялармен
қаржыландырылады. капитал DENA — Неміс энергетикалық
агенттігі — 2000 ж. берлинде құрылған жауапкершілігі шек-
теулі қоғам, федералды құрылым болып табылады. оның
құрылтайшылары ГФР мемлекеті мен қаржылық институт —
Несиелік қайта қалпына келтіру және дамыту ведомствосы
болып табылады. бұл құқық федералды үкімет пен банктік
топ арасында тең бөлінеді.
2007 ж. бастап берлин әкімшілігі өз қажеттіліктері үшін
қала циклінде 100 км жүріске көп дегенде 6,5 л бензинді
жұмсайтын автомобильдерді ғана сатып ала алады. 2011 ж.
дейін рұқсат етілген шығын мөлшері 5 жылға дейін төмендетілуі
тиіс. компьютерлер мен басқа да электрондық аспаптарды
сатып алу кезінде берлиннің әкімшілік мекемелері өз таңдауын
электр қуатын ең аз жұмсайтын өнімдерге тоқтатуы тиіс.
көпшілік үшін, соның ішінде біз үшін де үлгі тұтарлық
емес пе?
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
65
Энергия сақтау келешегі. 1986–2015 жж. ғаламдық ба-
ғалауға сәйкес энергия сақтау әлемдік энергия қажеттілігінің
2/3 өсімін қамтамасыз етуі мүмкін, ал XXI ғ. ортасында жыл
сайын бүкіл әлемдік энергия балансы көздеген мөлшерден
көп отынды үнемдеу мүмкін болады.
Энергия сақтаудың әлемдік тәжірибесі үйреткендей,
ол ел басқарудың жоғарғы деңгейінде оған негізгі назар
аударылатын жерде тиімді. мемлекеттің экономикалық
тұрғыдан дамыған елдер қатарында алатын орны мен
оның азаматтарының өмір деңгейі осы мәселенің шешілу
нәтижелеріне тәуелді.
Қазақстан өзінің энергетикалық мәселелерін шешу үшін
барлық қажетті табиғи қорлар мен мүмкіндікке ие болып қана
қоймай, мұнайды, мұнай өнімдері мен табиғи газды импортта-
ушы елдер үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды көлемдерде
экспортқа шығара отырып, іс жүзінде еуропалық және азиялық
мемлекеттер үшін қор базасы болып табылады.
Алайда біздің еліміздегі отын-энергетикалық қорлардың
молдығы энергияны ысырапшылықпен пайдалануды мүл дем
қолдамауы тиіс.
Энергия сақтау бір уақытта энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің негізгі әдісі де, көмірсутектік шикізатты
экспортқа шығарудан түсетін жоғары табысты сақтаудың
нақтылы әдісі де бола отырып, ғаламдық қоғамдастықтың
стратегиялық міндеттеріне жатқызылуы тиіс.
ішкі даму үшін қажет етілетін энергия қорларын қаты-
науға қиын аудандарда шикізатты өндіруді ұлғайту мен жаңа
энергия нысандарының құрылысын салу есебінен ғана емес,
тікелей энергия қорларын тұтыну орталықтарында — ірі және
шағын елді мекендерде энергия сақтау есебінен анағұрлым
аз шығынмен алуға болады.
Энергия сақтаудың стратегиялық мақсаты біреу ғана және
оның анықтамасы — барлық салаларда энергия тиімділігін
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
66
көтеру, ол шешімдерді қабылдау кезінде ескерілуі тиіс.
Сондай-ақ оны қандай шаралармен және қаншалықты нақты
іске асыруға болатынын анықтау қажет.
Энергия сақтаушы технологиялар. Энергия қорла-
рының үдемелі өсуі оларды пайдалану тиімділігін көтеру
қажеттілігіне алып келді. Электр энергиясы, газ, жылу, су
тарифтерінің соңғы жылдардағы тез өсуі аса қатты байқалады
және де бұл беталыстың сақталу ықтималдығы үлкен.
тарифтердің өсуі негізінен энергия тасушылар құнының көте-
рілуімен, генерациялайтын көздердің және энергия тасу-
шылардың көліктік коммуникацияларының тозуымен анық-
талады.
бұл орайда органикалық отынның (көмір, мұнай, табиғи
газ) қорларын ұтымды пайдалану мен үнемді жұмсау елеулі
қажеттілікке айналады.
тап сол қатарда — экономиканың барлық секторларында
энергияның ақырғы тұтынуының тиімділігін арттыру, қайта
жаңартылатын энергия көздерін дамытуды (биомассалар,
гидроэлектроэнергия, күн энергиясы, жел энергиясы мен
геотермальдық энергия және басқа энергия көздері) көтеру
тұрады. Және де осының бәрі бірге алынып, адамзаттың
энергияға қажеттілігін және оның ғаламдық ауқымда тұрақты
дамуын қамтамасыз ете алады.
Энергетикалық тиімділікті жоғарылату — қажетті энер-
гияға анағұрлым аз экономикалық және әлеуметтік шығындар
арқылы қызметтер мен тауарларға деген қажеттілікті
қанағаттандыруды қамтамасыз етуді мақсат еткен шаралар
мен құралдарды анықтау мен іске асыру жөніндегі міндет
ретінде қарастырылуы мүмкін. бұндайда жергілікті, ұлттық,
аймақтық және әлемдік деңгейдегі тұрақты даму мен
үйлесімді табиғат ортасын сақтау үшін қажетті ең аз шығындар
қарастырылуы тиіс.
Өнеркәсіптік жағынан дамыған елдер өмір деңгейін
төмендетпестен және экономикаға кері әсерін тигізбестен
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
67
оның жұмсалуын айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Дамушы
елдер өз әл-ауқатын бұрын дамыған елдерге қарағанда
энергияны аз мөлшерде тұтыну арқылы көтере алады.
елдердің қайсысында болмасын, энергия сақтау эко-
номикалық көрсеткіштерді де, қоршаған ортаның сапасын
да жақсартатын маңызды фактор болмақ.
Энергия сақтау — энергия өндірісін ұлғайтудың орнына,
оны үнемдеу бойынша шараларды іске асыру немесе оны
мүлдем пайдаланбау жағдайында арзан түсетінін іс жүзінде
көрсеткен экономикалық даму факторы.
бұл энергия өндірісін немесе оның импортын кеңейтуге
арналған қаржылық қорларды іс-әрекеттің басқа түрлеріне,
мысалы, өмір, жақсы тұрмыс деңгейін көтеруге, көлікті
дамытуға, денсаулық сақтауға және т.б. бағыттауға мүмкін
болатынын білдіреді.
Қаржылық қорлардың едәуір мөлшерін босатудан
алынған сондай ғаламдық әсермен қатар, энергия пайдала-
ну тиімділігінің өсуі де өнеркәсіптің өнімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін көтеру тұрғысынан өндірістік қызметке тигізетін
әсері зор.
Алдыңғы қатарлы энергетикалық тиімді технологиялық
жабдықтың ұлттық өндірісін дамыту ондай жабдықпен
шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді деген фактіні де
ескеру қажет. тап осы себептермен авангардты елдер энер-
гия сақтау бойынша қарқынды ғылыми зерттеулер жүргізіп
жатыр.
Қазақстандық ғалымдар да энергия сақтау мәселесі
бойынша жұмыс істеп келеді, атап айтқанда, өте жарық
диодтардың негізінде энергия сақтаушы шамдарды өнді-
румен және күн энергетикасына қажетті кремнийді өндірудің
шығындарын айтарлықтай азайтатын және оны алу үдерісінің
экологиялық тазалығын арттыратын поликристалдық крем-
нийді қысқартылған желі бойынша өндірудегі өнеркәсіптік
сынақтарды аяқтаумен айналысады.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
68
Энергетикалық тиімділікті көтерудің қоршаған ортаға
тигізетін пайдасы айқын көрінеді: қоршаған ортаға барынша
аз зиян әкелетін энергия — ол пайдалануды қажет етпейтін
энергия ғана емес, өндіруді де қажет етпейтін энергия.
Әрбір жағдайда оның белгілі бір мақсаттарда пайдаланы-
луы (тұрғын үйлердің жылу оқшаулағыштарын жақсарту,
қозғалтқыштардың ПӘк-ін көтеру және т.с.с. есебінен) азая
беретін болса, ластаушы заттардың шығарындылары өзінен-
өзі қажетті пропорцияда қысқара бастайды.
отын мен энергияны пайдалану тиімділігін көтеру
қоршаған ортаны қорғаудың ең арзан жолы болып табыла-
ды. бұдан басқа, қоршаған ортаға тигізілетін пайда — ақысыз
марапат (мысалы, қоршаған ортаны қорғау мен ластану-
ды бақылау үшін арнайы іске асырылатын шаралармен
салыстырғанда). Сондықтан да энергия сақтау жөніндегі
іс-шаралардың мемлекеттік экологиялық саясаттағы орны
басым болуы қажет.
Алайда тек қана энергия сақтау стратегиялары мен бағ-
дарламаларын түсіну мен іске асыруды түсіну энергия сақтау
саясатының жалпы табысына жету үшін жеткіліксіз екені
анық. ол үшін ақырғы тұтынушы деңгейінде, ең бірінші-
ден, оны қалай жасау керек және сол үшін ең оңтайлы жол
қандай екенін білу қажет, сондай-ақ техникалық, қаржылық
және ұйымдық құралдардың қажетті құрауыштары бар болуы
тиіс.
Өз экономикаларының энергия тиімділігін көтеру ісінде
елеулі табыстарға жеткен әлемнің өнеркәсіптік тұрғыдан
дамыған жетекші елдерінің тәжірибесін алатын болсақ, ол
үшін анағұрлым кең ауқымда энергия сақтау саясатының
ұйымдық, институционалдық, нормативтік-құқықтық, қар-
жылық-экономикалық, ғылыми-техникалық және ақпарат-
тық-білім беру бағыттары бойынша іс-шаралар кешенінің
білікті әзірлемесі қажет.
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
69
Экономиканың әрбір нақты саласындағы энергия сақтау-
дың қолда бар мүмкіншіліктерінің спектрін білу, әртүрлі
санаттағы энергия тұтынушылар үшін техникалық-эконо-
микалық критерийлері бойынша сәйкес келетін іс-шаралар-
ды таңдау мен оларды іске асыру бірізділігін анықтау ептілігі
қажет.
балама нұсқаларға, экономиканы құрылымдық қайта
құруға негізделетін энергетикалық стратегия, әрине, жаңа
кен орындарын қазудан, жаңа электр станцияларын салудан
бас тартуды білдірмейді. бұндай қажеттілік бар және энергия
қорларын үнемдеу мүмкіндіктері шамалы жерлерде оларды
құру қажет.
кен орындарының едәуір бөлігі таусылып біткен жә-
не халық шаруашылығындағы энергия өндірудің күрт
төмендеуіне жол бермеу үшін, энергия қорларының жаңа
көздерін табуды талап етеді.
Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және
энергия сақтаушы құрылымдарды құру үшін белгілі бір
мезгіл керек екенін атап айту қажет. бұл жағдайларда жаңа
кен орындарын барлау және қазбалауды жүргізу, жаңа
энергетикалық қуаттарды құру талап етіледі. бар мәселе
қорларды үлестіру ауқымдары мен басымдылықтарында.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, эконо-
микадағы энергия өндірісінің сапасы емес, сан жағынан өсуін
және энергия сақтау саясаты мен қайта құруды қосарландыру
мүмкін емес екені айқын. Қазірдің өзінде оЭк-ге барлық
қаржы салудың айтарлықтай бөлігі кетіп жатыр және бұл
соманың одан әрі өсуі экономиканың басқа салалары үшін
өте жағымсыз жағдай туғызумен байланысты.
Энергия сақтаудағы серіктестік неге бағытталуы тиіс?
таңдау нұсқаларының ішінде:
энергияның бағаларын түсіру мүмкіншілігін күте отырып,
•
жаңа станциялардың құрылысын салуға негізделген жал-
пы энергияны әрі қарай өсіру;
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
70
эне
•
ргияны үнемдеуге негізделген түпкі экономикалық
нәтижелерді өсіруге бағдар ұстау.
Экономикалық дамудың энергия сақтаушы түріне өту
экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тұрғыдан анағұрлым
тиімді екенін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
Қ
АЙТА
ЖАҢАРТЫЛАТЫН
ЭНЕРГИЯ
КӨЗДЕРІ
Энергоэкологиялық өрістегі әлемдік дағдарыстық құбы-
лыстарды жеңудің және өндіріс пен тұтынудың ноо сфералық
энергоэкологиялық тәсілін орнатудың оңтайлы нұсқаларының
бірі көмірсутекті энергетикадан қайта жаңартылатын энергия
көздеріне біртіндеп өту болады.
Әдетте, қайта жаңартылатын энергия көздеріне төмен-
дегілерді пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру
жатады:
1) жел энергиясы; 2) судың гидродинамикалық энер-
гиясы; 3) күн сәулесінің энергиясы; 4) көміртек шикізатын
газдандыру нәтижесінде алынатын газдан басқа, органи-
калық қалдықтардан алынатын биомассалар мен газдардың
энергиясы.
Әлемдік энергетиканың даму болжамдары бойынша,
болашақта қайта жаңартылатын энергия көздерінің үлесі
артады (3-сур.). күн энергиясы негізгі рөл атқаратын қайта
жаңартылатын энергия көздерінің үлесі ұдайы өсіп тұрады
және де болжамдар бойынша, XXI ғ. аяғына қарай 65%-дан
асып түсуі мүмкін.
еурокомиссияның жоспарлары бойынша, 2020 ж. қарай
еуропалық энергетиканың 20%-нан астамы қайта жаңар-
тылатын энергия көздерінің есебінен генерацияланады.
Ал тиісті деңгейде қаржыландырылған кезде қазіргі
заманғы технологиялар 2030 ж. қарай еуропаны энергияның
балама көздерімен 50-65%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |