45
Ғ
АЛАМДЫҚ
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ӨКТЕМДІК
Энергоэкологиялық өктемдікті өткен ғасырдың аяғында
ноосфера теориясының негізін қалаушылардың бірі, орыс
ғалымы Никита моисеев алғаш тұжырымдады.
«бізге керегі, — деп жазады Н. моисеев, — адамзаттың
қажеттіліктерін, оның белсенді іс-әрекетін ғаламшардың
мүмкіндіктерімен, оның әрі қарай даму мүмкіндіктерімен ке-
лістіретін өзімізді дамыту тәсілін табу. міне, өктемдіктің ана-
ғұрлым жалпы тұжырымдамасы осы болып табылады, өйткені
оны бұзатын болсақ, ол адамзатқа қаупін төнді реді» [4].
Ғаламдық энергоэкологиялық өктемдік, яғни бола-
шақтан келген әмір, бізге әлемдік энергетиканың даму бета-
лыстарын болжау арқылы да түсініледі.
Жоғарыда аталып кеткен энергоэкологиялық дағдарыс
нышандары мен себептерін, энергетиканың қазіргі күн гі
жағдайы мен болжамдық бағаларды талдаудың негі зінде
жуырдағы 25 жыл ішінде әлемдік энергетиканың дамуындағы
басты беталыстар мынадай болады деп тұ жырымдауға бо-
лады:
электр және жылу энергиясын алудың анықтаушы көзі
•
ретіндегі органикалық отынның басымдылығы. Қазіргі
уақытта біздің ғаламшарымыздағы негізгі органикалық
табиғи пайдалы қазбаларды үлестіру энергетикалық
тұрғыдан келесідей болып көрінеді: көмір — 63,3%, газ
– 13,3%, мұнай – 12,5%, уран – 10,7%;
кейбір елдердің қарқынды дамып жатқан экономикасы-
•
на және ғаламшар тұрғындарының ұлғайып келе жат-
қан санына байланысты бастапқы отын-энергетикалық
қорларға сұраныстың өсуі;
көптеген елдердің энергия көздерінің шеттен әкелінуі
•
өсіп келе жатқан тәуелділік жағдайында әлемдік және
аймақтық энергетикалық нарықты кеңейту;
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
46
көмірсутекті отынға бағаның өсуі және соның салда ры-
•
нан электр энергиясы мен жылу тарифтерінің кө терілуі;
экономиканың көп энергия шығынын талап етуін тө-
•
мендетуге беталыс, энергияны сақтау саясаты;
көмірсутектерді энергия көздері ретінде пайдалану
•
тиімділігін көтеру мақсатымен оларды қайта өңдеу тех-
нологиясын жетілдіру;
әлемдегі электр энергиясының жинақталған жалпы
•
көлеміндегі автономдық орталықтандырылмаған энер-
гетика үлесінің ұлғаю беталыстары.
Негізгі қатысушылар әрекетінің өзгеруінен туындай тын
энергия қорлары нарығының конъюнктурасында айтар-
лықтай өзгерістерді күтуге болады. бұндай өзге рістердің
болжамсыздығы осы нарықтың дамуы үшін де, бүкіл әлемдік
экономиканың дамуы үшін де елеулі тұрақсыздандырғыш
фактор болып табылады.
бірақ бұл жуырдағы 25 жылға болжам. Ал әрі қарай не
болмақ?
Жалпы көлемде және адам басына шаққандағы энер-
гияны тұтынудың қазіргі күндегі өсу беталыстарын сақтаған
кезде, 2050 ж. қарай өркениетке энергия көздері жағынан
да, атмосфераға зиянды шығарындылар жағынан да
энергоэкологиялық дағдарыстан құтылу мүмкін емес.
Сол себептен қазірдің өзінде біз ертеңгі ұрпағымыз бұдан
қалай құтылады екен және бүгін біз оларға қалай көмек
көрсетеді екенбіз деп ойлануымыз қажет.
Соңғы уақыт ішінде әлемдік сарапшылық қоғамдас-
тықтың күшімен экологиялық факторлардың әлеуметтік-
экономикалық дамуға қазіргі күнгі және болашақтағы ти-
гізетін ықпалына көпнұсқалы бағалар берілді.
бҰҰ Қоршаған орта бойынша арнайы бағдарламасының
шегінде (UNEP — United Nations Environment Programme)
«Ғаламдық қоршаған орта келешегі» («GEO-4») баяндама-
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
47
сы дайындалды. онда қоршаған ортаның әлемдегі және
аймақтар бойынша өзгерістерінің толық болжамы берілген.
2000 жылдан бастап (нақты деректер) 2050 жылға
дейінгі қоршаған ортаны сипаттайтын кең ауқымды көр-
сеткіштер болжамның жоғарғы деңгейі ретінде қаралады.
болжам гипотетикалы түрде ұсынылған төрт сценарий ба-
рысында әзірленген [5].
бірінші сценарий — Нарық басымдылығы (Markets First)
жеке сектор үкіметтің белсенді қолдауымен экономикалық
өсуге қол жеткізіп, сонымен бір мезгілде қоршаған орта мен
адамзаттың жақсы тұрмысын ұстап тұрудың ең жақсы жол-
дарын жүзеге асырады деген жорамалға сүйенеді.
Ғаламдық мәселелерді шешудегі жеке сектордың
басқарушы және бағыттаушы рөлі қатты күмән тудырады.
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Ұлы депрессияның айыпкері
тап сол болған және әлемдік валюталы-қаржылық жүйеге
зиян келтіріп отырған қазіргі заманғы валюталы-қаржылық
дағдарыстың бастауы болып отыр.
екінші сценарий — Саясат басымдылығы (Policy First)
үкіметтер жеке және қоғамдық секторлардың белсенді
қатысуымен қоршаған орта мен адамзаттың жақсы тұр мысын
жақсарту үшін мықты саясатты бастамаға алып, жүзеге асы-
рып жатқанын негізге алады. Партиялар мен саясаткерлердің
«басқарушы және бағыттаушы» рөлі өркениеттерді көбінесе
ізгі ниеттер дүниесіне алып кетіп отырды.
Үшінші сценарий — Қауіпсіздік басымдылығы (Security
First) үкіметтер мен жеке сектор байлар мен қоғамдағы әл-
ауқаттылардың айрықша рөлін ескере отырып, адамзаттың
тұрмысын жақсарту немесе бірқалыпты ұстап тұруды бақы-
лау үшін жарысуда деп топшылайды.
бұл сценарий әлді әрі ақшалылардың қоршаған ортасы-
ның негізгі қорларын пайдалануға қол жеткізу басымды-
лығы мағынасында айтылған. бұл нұсқаның на рықтық нұс-
қадан салдары жағынан айырмашылығы шамалы.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
48
төртінші сценарий — Қабылдауға боларлық немесе
тұрақтылық басымдылығы (Sustainability First) азаматтық
қоғам және жеке сектор қоршаған ортаны және адамдардың
тұрмысын жақсарту ісінде әділеттілікке жүгіне отырып, тығыз
ынтымақтастықта болатынын ұйғарады. барлық әрекеттердің
ашықтығы мен заңдылығы қоршаған ортаны қорғау мен
әлеуметтік-экономикалық саясатқа бірдей салмақ береді.
Азаматтық қоғам әлемнің барлық елдерінде дамыған емес,
сол сияқты жеке сектор да барлық елдердің экономикасының
өзегі болып табыла бермейді.
менің пікірімше, екінші және төртінші нұсқалардың ең
жақсы құрам бөліктері іріктемесінің мәселені шешу мүмкіндігі
бар сияқты.
Қазақстан мен басқа да дамушы елдер үшін төмендегідей
бағыттары бар стратегиялық даму сценарийі анағұрлым
нақтырақ:
1) елдің мемлекеттік-жеке серіктестіктің қағидалары мен
тетіктерін қолдану арқылы дамудың инновациялық түріне
өтуді қарқындату жолымен әлемдегі жоғарғы экономикалық
позицияларды тез жаулап алу;
2) басқа елдермен біріге отырып, табиғат қорына және
қоршаған ортаға күш түсіруді азайту арқылы қамтамасыз
етілетін басқарудың түпкілікті жаңа технологияларын өндіріс
пен тұрмысты ұйымдастыру түрлерін дамыту.
толғағы жеткен жалпыәлемдік экономикалық мәселе-
лерді шешуге кірісе отырып, бізге қайтадан «жоғары да-
мыған батыстың» ынталы шәкірттері рөлін ойнауға болмай-
ды. тек өзін өндірістік және ғылыми-технологиялық ұлттық
мүдделерге сәйкес көтере отырып, біздің еліміз әлемнің
тұтастай даму траекториясына қажетті концептуалды ықпалын
тигізе алады.
Қазірдің өзінде Қазақстан өзінің ұлттық мүдделеріне де,
табиғаттың, экономика мен қоғамның әлемдік ауқымында
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
49
жаңа өктемдіктің өзара қатынастарына да бір мезгілде
жауап беретін даму стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыру
үшін өзінің аумақтық-табиғи артықшылықтарын пайдалану
мүмкіндігіне ие.
мұның бәрі тек білім беру жүйесінің сапасын көтеруге
және ғылым мен өнертабысты барынша қолдауға сүйенетін
адам әлеуетін дамыту мемлекеттің басты басымдылығына
айналғанда ғана қол жеткізуге болады.
бір нәрсе айдай анық: біз белсенді түрде, яғни күнделікті
қолда бар технологияларды инновациялық дамытумен
айналысуға әмір беріп тұратын ғаламдық энерго экология-
лық өктемдікті жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қол-
дануымыз қажет:
1) тұтынуды оңтайландыру;
2) табиғат қорларын сақтау;
3) энергияны сақтау;
4) қайта жаңартылатын энергетика;
5) балама энергетика.
біз энерготехнологияларды дамытудың ең оңтайлы
деген нұсқаларының өзі энергоэкологиялық мәселелерді
мәңгілікке шеше алмайтынын білуіміз керек. 2050 ж. дейін
қолда бар энерготехнологияларды инновациялық дамытудың
арқасында мәселенің өткірлігі басылуы әбден мүмкін.
Энергоэкологиялық өктемдіктің қаһары оны елемеуді
көтере алмайтындай тым қатты. ол бізден дәл қазір энерго-
технологиялардың жаңа нұсқаларын әзірлеуді ойластыруды
талап етеді. оны біз төменде талқылаймыз.
бұндағы атап кететін жайт: жақын келешекте біз (әр
ел қандай да болмасын дәрежеде) энергетикалық қорлардың
тапшылығына міндетті түрде тап боламыз, тіпті бастан кешіп
жатырмыз да. бұл экономика дамуының ең маңызды құрам
бөлшегіне — еңбек өнімділігін көтеруге, ал соның салда-
ры ретінде, жалпы экономиканың өсуіне қауіп төндіреді.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
50
Сондықтан энергия мен қорларды сақтауды қамтамасыз ету,
қайта жаңартылатын жаңа энергия көздерін іздестіру және
ендіру, әлемдік қоғамдастықтың энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі күшін біріктіру маңызды міндеттерге
айналуы тиіс. менің көптеген алдыңғы ғылыми жұмыстарым
мен тәжірибелік ізденістерім осыған арналған болатын.
Сөйтіп, келешектен келетін энергоэкологиялық өктемдік
энергоэкологиялық мәселе шешімінің үш жолын жүзеге асы-
руды талап етеді:
қолданыстағы энергия технологияларын инновациялық
•
дамыту;
қайта жаңартылатын және балама энергетикада қол-
•
данатын дайындамаларды инновациялық дамыту;
түпкілікті түрде жаңа энергия технологияларын әзірлеп
•
шығару.
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
51
2.2. ҒАЛАМДЫҚ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
МАҚСАТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ
Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияның басты
мақсатын былайша тұжырымдауға болады:
«Өркениеттер серіктестігі негізінде XXI ғасырдың орта
сына қарай ғаламшардағы барлық өркениеттердің және
елдердің энергетикалық және өзге табиғат қорларына ұтым
ды қажеттіліктерін қанағаттандырудың оңтайлы дең гейіне
жету. Бұл келешек ұрпақтың мүддесінде энергетика лық
қорларды сақтау, көшет газдарының шығарындыларын
және қоршаған ортаны ластаудың басқа да түрлерін шама
мен екі есе қысқарту, өндіріс пен тұтынудың ноосфералық
энергоэкологиялық тәсілін орнату арқылы мүмкін болады».
осылай тұжырымдалған басты мақсат оны жүзеге асы-
рудың мынадай өзара байланысқан элементтерден тұратын
негізін құрайды (2-сур.).
Стратегияның түпкі мақсаты — өндіріс пен тұтынудың
ноосфералық энергоэкологиялық тәсілінің орнауы.
Алғашқы бастама — өркениеттер мен мемлекеттер се-
ріктестігіне негізделген ұзақ мерзімді энергоэкологиялық
стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру.
Аралық нәтиже — 2050 ж. қарай көшет газдары мен
атмосфераға басқа да шығарындылардың көлемін екі есе
азайту.
Аралық нәтиже мен түпкі мақсатқа келесі іс-шараларды
іске асыру жолымен қол жеткізіледі:
тұтынуды оңтайландыру;
•
қорларды сақтау;
•
энергияны сақтау;
•
қайта жаңартылатын энергетиканы дамыту;
•
балама энергетиканы дамыту;
•
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
52
2сур. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияның мақсаттары
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
53
түпкілікті жаңа энергия технологияларын дамыту.
•
Жоғарыда аталған іс-шаралардың сәтті жүзеге асыры-
луы стратегияның түпкі мақсатына — өндіріс пен тұтынудың
ноосфералық энергоэкологиялық тәсілінің орнауына қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
көрсетілген әрбір іс-шараның маңыздылығы мен келе-
шегін қарастырайық.
Т
ҰТЫНУДЫ
ОҢТАЙЛАНДЫРУ
бұл мәселе екі жақты:
1) өндірістік және жеке тұтынудағы энергияны ысы-
рапшылдықпен тұтыну, оның салдары қайта жаңартыл-
майтын қорлардың таусылуына және қоршаған ортаның
шамадан тыс ластануына алып келеді;
2) елдер мен өркениеттер бойынша тұтыну деңгейіндегі
алшақтық.
бірінші мәселе бойынша энергетикалық қорларды
тұтынудың қалыптасқан деңгейлерін бағалай отырып,
оңтайлы, уақыт пен кеңістікте үлестірілген ғаламдық ауқымда
қорлардың жеке түрлері бойынша тұтыну нормативтерін
әзірлеп шығару. оның негізі ел дердің табиғи-климаттық,
технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және өркениеттік
ерекшеліктері мен энергоэкологиялық қажеттіліктерін,
тамақтану құрылымы мен халқының өмір сүру жағдайын
ескеретін тұтыну нормативтері болуы керек.
елдердің және ғалам нормативтерінің негізінде ғалам-
шар ауқымында ұтымды тұтыну нормаларына қол жеткізу
бойынша ғаламдық шаралар жүйесін әзірлеп шығару қажет.
бұл елдер бойынша қорлардың негізгі түрлерін тұтыну
деңгейіндегі аса үлкен алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.
көріп отырғанымыздай, ұтымды ғаламдық тұтынуға
ұтымды қол жеткізу тек технологиялық, экономикалық және
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
54
саяси күш салуды талап етіп қана қоймай, ғаламдық деңгейде
де, әрбір жеке отбасы деңгейінде де тиімді жұмыс істейтін
ноосфералық этиканы тарату бойынша да күш салуды талап
етеді.
біз осы маңызды міндетті орындаудың оңай емес екенін
түсінуіміз қажет. оның жүзеге асырылуы индустриялық
дәуірде қалыптасқан және XX ғ. екінші жартысында қауіпті
шектерге жеткен өмір сүру кейпі мен тұтыну моделінің
түбегейлі өзгеруіне алып келеді.
Т
АБИҒАТ
ҚОРЛАРЫН
САҚТАУ
Ғылым мен технологияның ілгерілеуіне қарамастан,
экономикалық даму табиғат қорларын тұтынудың көбеюін
қажет етеді. мысалы, соңғы 100 жыл ішіндегі әлемде өнді-
ріліп шығарылған 185 млрд т астам көмір мен 45-50 млрд т
темір кенінің жартысынан көбі 1960–2000 жж., яғни қордың
көп жұмсалуын талап ететін технологиялардың аса қарқынды
даму кезеңіне келеді. минералды шикізаттың басқа түрлерін,
көбінесе түсті және легірлеуші металдарды тұтыну тап сол
кезеңде 3-5 есе және одан артық, тыңайтқыштарды өндіру
үшін шикізатты тұтыну 3-3,5 есе ұлғайды.
Өндірілетін минералдардың көлемі бойынша АҚШ,
Қытай және Ресей бірінші, екінші және үшінші орын алып
алда келе жатыр, олардың үлесіне бүкіл әлемдік минералды
шикізатты өндірудің 41% тиісті.
Алдағы 50 жыл ішінде мұнайды – 2-2,2 есе; табиғи
газды – 3-3,2 есе; темір кенін – 1,4-1,6 есе; тазартылмаған
алюминийді – 1,5-2 есе; мысты – 1,5-1,7 есе; никельді — 2,6-
2,8 есе; мырышты — 1,21,4 есе; минералды шикізаттың басқа
түрлерін – 2,2-3,5 есе әлемдік тұтыну өсетіні күтіледі.
тұщы суды тұтынудың өсу қарқыны да кем емес,
ал кейбір аймақтарда оған қол жеткізу XXI ғ. ең өзекті
мәселесі болып табылады. Әлем халқының үштен бірі
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
55
судың біршама немесе едәуір тапшылығын сезінуде.
бүкіләлемдік банк сарапшыларының болжамдары бо-
йынша, егер су қорларын қорғау мен үлестіруді жақсартуға
бағытталған институционалдық өзгерістер жүргізілмесе,
су тапшылығы ғасырдың бірінші тоқсанында халықтың
жартысының немесе одан да көбінің үлесіне тиюі мүмкін.
Жаңа жағдайларда табиғаттың қор жеткіншілігіне ие
болу үшін күрес әлемдік ауқымда шиеленісе түспеуі мүмкін
емес еді.
Экологиялық стандарттарды, тұтыну қорларын тиімді
пайдалану мөлшерін, сыртқы ортаға қалдықтарды шығаруды
шектеу туралы жұмыстарды жасау қанағаттанарлық деп
құпталмақ емес.
Шектеулер мәселені шеше алмайды, тек қана оның
шешімдерінің көрінісін туғызады, өйткені олар, яғни шектеу-
лер, дамушы елдерде алғашқы қорларды пайдалану бары-
сында табиғи ортаны улайтын экологиялық «лас» өндіріске
итермелеп отырғандарға бағытталмаған.
Жоғары дамыған елдердің қолдары жеткен қор сақтаушы
технологиялар деңгейіне жақындау үшін дамушы елдер
еңбекті техникалық қаруландыру деңгейін айтарлықтай
дәрежеге көтеруі, яғни капиталдық шығындарды айтар-
лықтай ұлғайтуы тиіс еді. табиғат қорлары мәселесінің өзге
шешімдерін іздеу керек.
одан әрі экономикалық өсудің қажеттіліктері мен
табиғатқа экологиялық нормалар тұрғысынан күш түсірудің
шегіне жеткен жағдайы арасындағы қайшылықтарды
қалайша жоюға болады?
табиғат қорларын сақтау мәселесін шешудің бірінші
бағыты экономиканың инновациялық дамуы болады.
Дамушы елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де, бұл
мәселенің шешімі ел экономикасын инновациялық жолға
қоюды жылдамдатуда жатыр.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
56
бұны әлемдік минералды-шикізаттық кешенді ғалам-
дандырудың теріс жақтарын немесе салдарын ескере оты-
рып, ең бірінші кезекте жасау қажет:
көптеген дамыған индустриялық мемлекеттер шикізат
•
өнімдерінің импортына бағдар ұстай отырып, өз
аумақтарынан минералды шикізатты өндіретін және
қайта өңдейтін кәсіпорындарды жайымен ығыстырып
келеді;
минералды шикізаттың барлық түрінің дерлік әлемдік
•
нарығы қазіргі уақытта қаныққан және өз мемлекетінің
сауда саясатына ықпал етуге қабілетті индустриялық
елдердің продуценттері шикізатты төмен бағамен ұсы-
натын жаңа сатушылардың пайда болғанын қаламайды;
отын-энергетикалық қорлардың және негізгі өтімді
•
металдардың тмД елдерінен қалыптан тыс ұлғайған
экспорты олардың ұлттық өнеркәсібінің шикізатпен
қамтамасыз етілуінің төмендеуіне алып келеді және оның
тиімді қызмет ету мүмкіндіктерін шектейді;
стратегиялық және аса маңызды минералды шикізат
•
түрлерінің экспорты тмД елдері экономикаларының
өнеркәсіптік секторларында валюталық түсімдерді
тиімді пайдаланумен сүйемелденбейді. тмД елдерінің
әлеуметтік-экономикалық жағдайының әлемдік на-
рықтағы бағаларға және сол елдерде қызмет ететін
компанияларға қатысты тең құқықтан айыратын әре-
кеттерге тәуелділігі күшейе түседі.
басқа сөзбен айтқанда, ғаламдану Жердің қорларын
«бірінші дүниеге» бағындырады және адамзатты бөлек -
тейді.
осы беталыстарды жеңу үшін инновациялық- техно-
логиялық салада өркениеттер серіктестігі қажет. бұл жа-
йында ғаламдық ауқымда анағұрлым толық әңгіме кітаптың
келесі тарауында жүргізіледі. бұндағы айта кететін маңызды
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
57
нәрсе: сол серіктестік дамушы елдердің экономикасын
қайта жаңартылатын энергетиканы белсенді пайдаланумен
ерекшеленетін VI технологиялық жөн-жосықтың деңгейіне
ауыстыруға, сондай-ақ нанотехнологияларды, биотехноло-
гияларды және т.с.с. негізінде энергия жұмсауды аз қажет
ететін өнімдерді, жаңа материалдарды өндіруге көшуге
бағытталуы тиіс.
Қазақстан 2003 ж. «Қазақстан Республикасының 2003–
2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын» қабылдай отырып, осы жолмен келе жатыр.
Қазақстанның экономикасын инновациялық жолмен
дамытуды табиғи қорларды сақтау арқылы шешу мәселесінің
қажеттілігі, еңбектің энергиямен қамтамасыз етілуі жағынан
АҚШ және басқа да жоғары дамыған елдерден әлдеқайда
артта қалуында болып отыр. Адам басына шаққанда электр
энергиясын тұтыну Қазақстанда 4320 кВт-сағатқа жетеді, ол
АҚШ-тағыдан 3,3 есе төмен.
тұтастай жоғары дамыған елдерді алғанда бір адамға
шаққандағы электр энергиясын тұтыну шамамен 9 мың кВт-
сағ. құрайды.
тұтынатын электр энергиясының әрбір бірлігіне жа-
салатын іЖӨ мөлшері бойынша да Қазақстан АҚШ пен
батыс еуропа елдерінен айтарлықтай артта қалды. Сөйтіп,
Қазақстанда тұтынатын электр энергиясының бірлігіне
(1 кг мұнай баламасына) сомасы 1,9 АҚШ доллары бола тын,
ал еуропалық кеңес елдерінде 5,3 АҚШ доллары болатын
іЖӨ жасалады.
міне, осыдан біздің экономикамыздың энергия тиім-
ділігінің жеткіліксіздігіне байланысты мәселенің бүкіл өткірлігі
және оны жылдамдатып инновациялық даму жолына ауысты-
ру қажеттілігі көрініп тұр.
Экономиканы инновациялық дамытумен біз міндетті
түрде қазір айналысуымыз керек, өйткені кейбір ғалым дар-
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
58
дың болжамы бойынша «...XXI ғ. ортасында-ақ апатқа ұшырай-
тын сияқтымыз, оның үстіне, апат тез арада құтқару шараларын
орындай алмайтындай жағдайда болуы мүмкін» [4].
Айтылған сөзден шығатыны, бүгінгі күні табиғат қор ла-
рын сақтау мәселелерін шешу үшін стандартты емес иннова-
ция-лық ойлау мен өркениеттер серіктестігінің түпкілікті
жаңа түрлерін іздестірудің шығармашылық жолдары қажет
етіледі.
Атап айтқанда, өркениеттер мен мемлекеттердің кө-
бі үшін қолайлы болатын табиғат қорларын сақтаудың
инновациялық әдістерін табу қажет.
табиғат қорларын сақтау мәселесін шешудің екінші
бағыты табиғатты ұтымды пайдалану болады. бұл бағыттағы
басты нәрсе болашақ ұрпақ үшін ғаламшар ауқы мында
қорларды сақтаудың салмағын күшейту керек. Энергетикалық
және өзге минералды қорларды өндірудің, ормандарды –
ғаламшардың «жасыл желегін» кесудің қазіргі кездегі жоғары
қарқыны, егістік жерлердің азаюы, тұщы сумен қамтамасыз
етілудің төмендеуі іс жүзінде қазіргі ұрпақ болашақ ұрпаққа
азып-тозған, ластанған, өндіріс пен адам өміріне қажетті
қорларға кедей ғаламшарды қалдыра отырып, олардың
несиесіне өмір сүріп жатқанын білдіреді. бұл қауіпті беталыс
1992 ж. Рио-де-Жанейрода Ғаламшар Саммитінде жария-
ланып, 2002 ж. Йоханнесбургте өткен Саммитте расталған
тұрақты даму стратегиясының негізгі қағидаларына қарсы
келеді. Өйткені тұрақты дамудың негізгі қағидасында былай
делінеді — келер ұрпаққа бізден кейін молынан қалатындай
етіп өмір сүр.
тұрақты даму тұрғысынан тиімді қор сақтау үшін мынаны
қамтамасыз ету қажет:
геологиялық барлау мен табиғат қорларын қайта өн-
•
діру бойынша күш салуды ұлғайту; барланған пайда-
лы қазбаларды алынатын пайдалы қазбаларға кіргізу
Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |