на ты өзіне қажет техникалық және комму налдық суды Кеңгір өзенінен алуға тиіс; суар малы егін шаруашылығын өркендету өте ша ғын зерт теу материалдары негізінде әзір ленген дігін атай оты рып, жобаға пайда ланыл ған кейбір деректердің қайыра тексері луін, бұл ауданнан жер а сты суларын іздеп, оның қорын дәлірек анықтау қажет тігін де ескермей, сірә, бұл мәселе түпкілікті шешілмейді...» Ұзын-ырғасы жеті жылдай зерттеліп, мамандар ұсынған түрлі нұсқа-
лар егжей-тегжей тексерілуден кейін, ту баста инже
нер-гидро
техник
Ф.П. Моргуненков ұсынған жерден, яғни 1928-1931 жылдар аралығында гео-
логтар Гривнев пен Зайцев тоспа табаны бо луға гидрогеологиялық құрылымы
жарам ды деген тұжырым жасаған Досмұрза моласы тұрған дөңесте, бертінде
«Кеңгір су қоймасы» атанған тас бөгет тұрғызуға мәмлеге келісті. Оның
техникалық жобасын әзірлеу Мәскеудің Водоканалпроект инсти тутына тап-
сырылды...
1936 жылдың жазында дайын болып, жер
гілікті мамандар назарына
ұсынылған жоба бойынша, Кеңгір бойында тұрғызылмақ (қазіргі Жезқазған
қаласын шыр айнала қоршаған су айдыны) тас бөгеттің ұзындығы – 622,
биіктігі – 26 метр, одан ұзын тұрқы – 37,5 көлденеңі – 1,5 шақырымдай жа-
санды көл түзілуге тиіс.
Сонымен, Жезқазған жайындағы ұзақ сонар айтыс нақты
әуенге көшіп, жобалаушы институттардың қарамағына түскен.
Өйткені 1936 жылғы 25 наурызда Ауыр өнеркәсіп наркомы
Г.К. Орджоникидзе Жезқазған мыс қорыту комбинатының құры-
лысын бастау жөніндегі бұйрыққа қол қойған...
20-0196
306
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұрынғы техник Федор ПАСТУХОВТЫҢ естелігінен:
«...Дальний» деген участокта, Рудник поселкесінен жеті шақырым жерде, құрылыстық материалға барлау жасап, жыра қаздырып жүргенімде жеңіл машинамен Қа ныш Имантайұлы іздеп келді. Мау сым ның (1936 ж. – М.С.) бас кезінде менің отря- дыма бір топ студент қосылған. Бәрі де төртінші курсты бітіргендер. Қа ныш Иман тайұлы жұмысымның жай-жап са- рын сұрады, графи калық материал дарды қарап шықты, тек бұрынғыдай барлау жыраларын аралаған жоқ. «Көр мей сіз бе?» деп тықақтап едім: – Мен саған, Федюша, өзімдей сенемін. Саған және Павел Прокопьевке, екеуің де тапсырған істі тиянақты орындай сың- дар... – деді. Қос іргесінде саз сұрыптап отыр ған студент екі қызға келіп: – Жұғымды саз сияқты, үлгіні көбірек алыңдар, қайтарда ала кетіп, отқа төзімділігін сынатамын, – деді де мені ма шинаға шақырды. Жолсыз даламен жарым сағаттай изеңдеп, Кеңгірдің тө- менгі тұсына келдік. Бір топ адам күтіп тұр екен. Қарсақбай зауытының басшыларынан өзгелерін та ны мадым, бір-бір папка құшақ таған ірі мамандар. Cөз етіп тұрған әңгімелері біржосын: «Жоқ, өндірісті бұл жер ден әрірек қою керек, суға түсуге кел- ген жұрт түтінге шашалып, газға тұншыққан сайын бізді балағаттап отыр ғанын мен қаламай мын» немесе «Темір жол бекеті осы жерде қалсын; ал қала алысырақ ор налассын, па ровоз айғайын минут са й ын естіп жатқан адамда ұйқы бола ма?» де- сіп, қызыл кеңірдек бол ған дауларын тың дай түскім келіп әрі соған құлақ тү руден де қысылып үнсіз тұрмын. Қа ныш Иман тайұлы Кеңгірдің арнасы та ры лып, екі жа- ғалауы да биік жарланып біткен дөңес теу жерге келгенде ғана сөзге араласты. – Анау қарсы жағадағы топырақпен көмілген ағаш қаданы