біздің адамдар қақ қан. Тоспа-бөгеттің табаны осы жер ден түседі... Енді оң жаққа қараңыздар, қарсы алдымызда мидай кең жазық жа тыр. Мыс за у ытының шеткі қоршауы сол жерге тұр- ғызылса деймін. Ал қаланы бұл жер ден қолмен нұсқап түсіндіру қиын, кар таға жақындаңыздар, міне, мына арадан... Бірер сағат әуре болып, әр жерге то пы рақтан үйме жасап, оның үстіне белгі қазықтар қағып, тақтайшаға «Мыс зау ы-
307
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ты», «Вокзал», «Аэроплан айлағы», «Қа ла лық бақ», «Фабрика», «Ленин кө шесі», «Ста лин көшесі», Қарсақбай зауы тының бас инже нері И.А. Стригиннің ұсы нысы бо йынша, биіктеу бір қыраттың ор тасы на «Кеңгір мейрамханасы» деп жазып, құдды бір Жаңа Жезқазғанның іргесін тү гел көте ріп шыққандай-ақ бір- бірімізге құттықтау айтып тарастық. Ақырында Қаныш Имантайұлы екеу міз иен жазықта оңаша қалдық. Батуға ай налған күн Қарсақбай жақ иыққа шы ғып алып, алтын шапағын қиғаштай тө гіп тұр. Сағым ойнаған кең дала таби ғаттың осы бір кеңпейіл, ыстығы біршама кеміген мазалы мезгіліне бас игендей да мыл дап, тым-тырыс мүлгіген тыныш- тық қа ауған. Қала ор найды деген қырат тың жусаны бұрқыраған бір тұсына кел генде Қаныш Имантайұлы жерге сұлай кетті де, маған «Асықпа, демал» дегендей ишарат білдірді. Екеуміз жусанды далаға төсімізді тө сеп жатып, былайғы жұрт естісе күлкісі ке лер қызық әңгіме шерттік. – Солай, Федюша, қияли іс деуші едіңдер, мі не, көрдің бе, бәр- бәрі бүгін шын дыққа айналды! Күні ертең осы жерге экска ватор келеді де, келешек қала іргесін қазуға кіріседі. Сол жерге зәулім биік үйлер сап түзейді. Екеуміз жатқан қыраттың ор тасында фонтан атып, саялы бақ өсе ді! Жұмыстан қай тып келе жатып, Федя, осы арада, жоқ, сен өйтіп күлме, мен саған ертегі емес, шын- дықты айтып отырмын. Иә, жұмыстан қайтып келе жатып, осы арада бір-біріне су шашып асыр салған балақан дарды кө ресің... – Соған дейін оқып алсам жарар еді. Көп нәрсені мен жете түсінбеймін, көбіне ойша қо рытып, солай болғаны жөн-ау деп долбарлап жасаймын... Имандай шыным, Қа ныш аға, оқығым келеді, үй болған соң бі лесіз... – деп әңгіме сүренін ішімде жүр ген көкейкесті арманыма бұрдым. – Оның жөн сөз, Федюша, оқу керек. Сенің геологияға деген ынтаң бөлек, байқампазсың, – деді Қаныш Имантайұлы бұл ойым ды іле құптап, – бірақ сен биылша оқуды қоя тұр, сезесің бе, қанша жұмыс кү тіп тұрғанын?.. Ертеңнен бастап осы жер ге көшесің, не керек – бәрін бергіземін, екі-үш ай осы алаңда жұмыс істеп, қала мен өндіріс салынатын алаңдардың табан астын тексересің. Ал бұл өте-мөте жау а п ты жұмыс, күні ертең оқуына кетіп қа латын сту дент терді мұндай мәнді іске қоя ал маймын. Ұқтың ба, сені неге осы жерге ертіп кел генімді? Болашақ Жезқазған қаласы ның іргесіне геология лық негіздеме әзір лей сің.
308
Медеу СӘРСЕКЕ
...Тамыздың орта шенінде Қаныш Иман тайұлы жұмысымыз- ды тексере келгенде, құрылыс алаңынан біз жүз қаралы ұңғыма бұрғылап үлгерген едік. Олардың тік қима сын да сызып, калькаға түсіріп қой ғанмын. Қаныш Имантайұлы соның әрбірін асық пай көріп, бұрғылау- дан шыққан керн дерді түгел қарап өткен соң: – Жарадың, Федюша! – деді қолымды қысып. – Жұмысың