Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет121/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ОРНАЙДЫ ҚАЛА ӘЙГІЛІ
І
1936 жылдың шілде айы. Шаңқай түс. Кеңгірдің Наушабай ата-
латын төменгі саласында жайлауда отырған Бекболат ауылының 
үлкен-кішісі үй сыртынан естілген автомобиль гүріліне елеңдеп, 
есік алдына жүгіріп шыққан: кішкене фордигімен тағы да келіп 
қалған Сәтбаев екен; қасында бір топ орыстар бар...


299
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Машина ауылдан аулағырақ жерге тоқта ды да, жолаушылар 
үсті-басын Төрткүлдің майда шаңынан сілкіп болған соң ғана 
Әбді рах ман ақсақалдың киіз үйіне қарай жүрді.
– Ассалаумағалейкум!
– Әлік сәлем, Қанышжан!
– Здравствуйте, ақсақал.
– Ыздрәсти, жоғары шығыңдар! 
– Сіздің ауылдың қымызы ұнаған соң тағы келдік... 
– Құдай тағала келгеннен айырмасын, Қаныш шырақ!
– Балалар, іргені көтеріңдер. Таңертеңнен бері күн өтінде 
болғансыңдар, сірә, түтіккен түрлеріңнен көріп тұрмын... Бәй-
біше, сусын ды тездет! – деп Әбдірахман ақсақал қонақтарын үйге 
бастады.
Бұлар жеті түтін болатын: Әбдірахман, Сәмет, Әлім, Бал-
ғымбай, Байсымақ, Жанділді және Әубә кір үйлері. Жетеуі де 
осы төңіректегі баға налы найманның Бек болат бұтағынан. Тұр -
мыстары қораш, кедей ауыл болғанымен – көңілдері жо март, дас-
тарқаны жаюлы жандар. Еңбегімен жер емген, азын-аулақ мал 
өсіріп, соның несібесімен күн көрген ауыл. 
– Қаныш шырағым, кейінгі кезде Науша байға келуді жиілет-
тің. Мұның да астынан бірдеңе таптың ба? – деді Әбдірахман қарт 
тегене толы қымызды алдына ала беріп.
– Бұл жердің кереметі астында емес, үс тінде, Әбе. Білгіңіз кел-
се, ауыл адамдарын шақыртыңыз. Наушабайда таяу жылдарда 
қандай өзгеріс болатынын айтып берейін. Мына кісілер соның жо-
басын жасауға келген мамандар, Мәскеу жігіттері, – деп Қаныш 
Имантай ұлы қасындағы серіктерін таныс тырды.
Қонақтар қымыз ішіп шөлін басқан кезде, Әбеңнің алты қанат 
үйі лық толды. Ересек балалар мен әйелдер де қалмаған, жапа-
тармағай келіпті.
– Бұл жердің Наушабай деген ескі аты сақтала ма, сақталмай 
ма – ол арасын білмей мін, – деді Сәтбаев көпке қарап. – Анық 
білетінім – нақ осы дөңеске, сіздің ауыл отырған биік жарқабақтың 
үсті не үлкен қала салынады. 
– Қала дейді?! Бізге оның керегі қанша?
– Қандай қала? Қарсақбайдай үлкен бола ма? Әлде ана Жез-
қазған іргесіндегі Үред ник қалашығындай қиқы-жиқы жертө-
лесі мен барағы жыпыр лаған кішкентай бірдеме ме? 
– Жә, тыныш отырып тыңдаңдар! Сөз бөлгені несі, түге! – деп 
Әбең жеку айтты.


300
Медеу СӘРСЕКЕ
Жұрт тынышталған соң қонақ әңгімесін жалғады. 
– Жоқ, бұл арадан салынатын қала екеуіне де ұқсамайды. 
Мұның көшелері оқтай түзу, үйлері биік те сәнді, көрген жан 
келбетіне таңғалғандай сұлу болады. Әр үйдің ал дында жайқалып 
гүл, мәуелеп ағаш өседі. Өйткені бұл шәр де кем дегенде жүз мың 
кісі тұра ды!.. Қала мен қоса тап осы жерде, Кеңес Одағындағы, 
бәл кім, дүние жүзіндегі ең үлкен мыс зауыты орнайды. Ал сіздің 
Наушабайда кен тасын ұнтақтап, қайыра байытатын бірнеше 
ірі фабрикалар ірге көтереді. Сол себепті бұл қаланың негізгі 
тұрғындары құры лысшылар мен байытушылар, кен қорытушы 
метал лургтер болады. Сол кезде Рудниктегі тұрғындар осы жер-
ге көшіп, онда кен өндіретін өндіріс қана қалады. Ал кеншілер 
шахтыларға осы арадан қатынап тұрады...
– Ойбай-ау, салт атпен түсте шық қан да, Үредникке жұлдыз 
жамыратып әрең же 
тіп жүрміз. Сонда жұмысты қай уақытта 
істейміз? – деген күңкіл естілді есік жақтан.
– Бұған да амал бар, отағасы. Руд ник пен қаланың арасында 
жүйрік электропо езд жүріп тұрады. Немесе жүз кісілік үлкен ав-
тобустар. Былайша айтқанда, жеңгейдің самаурыны қай наған ша, 
сіз сол жерде бола сыз.
– Жә, Қанышжан, сен солай десең сен 
беу 
ге болмайды. Ал 
сенейік десек, ер тегі лерде айтылатын дию-перілердің бір-ақ түнде 
тұр ғызатын қияли шаһарларына ұқсайды. Осы айтып отырған 
қашан салы нады? Біз көреміз бе? – деп сөзге килікті Әбдірахман 
қарттың өзі де. 
– Көресіз, – деді Қаныш Имантай ұлы сабырлы шырайда, –
сөзсіз көресіз, Әбе! Ке лесі жылы сіздің ауылдың малы жайылып 
жүрген жазыққа пойыз келеді. Одан арғысы әрі дегенде бес-алты 
жыл... 
– Айтқаның келсін, жарқыным! Аузыңа – май, астыңа – тай! 
Сонымен келесі жылы бұл араға қонба, жаңа қалаға орын бер 
дейсің бе? 
– Жайлау ғана емес, сіздер, сірә, қыс тау ла рыңызды да бере-
сіздер. Өйткені Дос мырза моласының айналасы, Кеңгірдің осы 
жарқабақтан отыз шақырымға дейінгі жо 
ғар 
ғы бойы айдыны 
шалқар көл болады. 
– Ә, не дейді?! Қой, қарағым, мына сөзіңде қисын жоқ... 
– Соншама су қайдан келеді, аспаннан жауа ма?
– Аспаннан емес, жерден аламыз, отағасы. Кеңгірдің алдын 
бөгейміз. Бірақ ол Қарсақбай дағы тоспадан жүз есе үлкен бола-


301
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ды. Жаңа қалаға, фабрика мен зауытқа да көп су керек. Әлгінде 
айтқан бау-бақша, мәуелі ағаштар, жайқалған гүлдер де сонымен 
өседі.
– Бәрекелді, сөз-ақ! 
– Шынында да көреміз бе, қап, ке шірек тумай!..
– Көрмей өлуге болмайды екен, бәйбіше!
– Ау, сонда Бекболаттың жеті түтіні қай да көшеді?
– Оған қайғырмаңыз, ақсақал. Жаңа қала дан пәтер аласыздар. 
Өйткені қарап отырасыздар ма, өздеріңіз де сол қаланың іргесін 
көтере сіз дер. Ал, мына отырған кішкене балақандар осы жерде 
салынған зәулім мектепте, техни кум, институтта оқып, ма ман-
дық алады. Күндердің күнінде осы жерде орнайтын зауыт пен 
алып шахталарды жүргізетін дөй инженерлер осылар болады... 
Қаныш Имантайұлы тостағандағы қалған қымызды сарқып 
ішіп, бата жа сады да, үй ішіндегілерге жымия қарады. Ешкім 
ләм-мим деген жоқ. Сірә, көбі әлгінде естігеніне сенер-сенбесін 
білмей дағдарып қалғандай... 
ІІ
Кеңгір су қоймасы мен Жаңа Жезқазған қаласының орнын 
белгілеу мәселесі маман дар сарабына әлденеше рет түскен. Со-
ның бірі Мәскеуде, академияның ғылыми сессия сы кезінде, 
1934 жылғы 13 қараша күні су қорлары секциясының мәжілісін-
де болған-ды. Ғылыми айтысты Водоканалпроект институ-
тының жетекші мамандары И.Е. Суров, М.А. Стекольников 
және М.А. Руффель кезекпе-кезек мінберге шығып өрістеткен...
– Біз жасаған схемаға көз салыңыздар, – деген-ді олар. – 
Ұлытауда арынды өзендер мол екеніне тәнті боласыздар. Алайда 
соның бәрі көктемге ғана тән құбылыс...
«Онысы рас, – деп ойлаған-ды Қаныш Имантайұлы геология-
лық саяхаттары кезін 
де өзі кешкен Ұлытау өзендерін есіне
алып: – Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Жыланды, Үлкен Жезді мен 
Кеңгір атанады да Сарысуға құяды – бәрі де оңтүстікке ағатын-
дары; теріс тікке Қыпшақ, Терісаққан, Қара Торғай, Сары Торғай, 
Кері Торғай, Сөрелі, Жетіқыз, Сарлық, Есқұла, Қайыңды, Бозай, 
Арғанаты шығады; күнбатысқа құлайтын арналы өзен 
дер – 
Үлкен Жыланшық пен Дулығалы Жы лан шық; оңтүстік батыс-
та – Байқоңыр, Қи яқты, Қарғалы, Қайдагөл, Түйемойнақ, Үй тас-
Айдос, Қостеңбіл, Дүй сенбай, Қумола, Бі леуті, Қалмаққырылған 


302
Медеу СӘРСЕКЕ
өзендері; картаға түспегенмен көктемде ағыл-тегіл тасып, жаяу-
жалпыға өткел бер 
мейтін арналы бұ 
лақ 
тар қаншама!.. Иә, 
көктемде бұл атырапта өзен де, бұлақ та аз емес...» 
– Біздің институт екі жыл бойы Ұлытау ауданында зерттеу 
жүргізді, – деп Суров сөзін жалғады. – Нәтижесінде Жезқазған 
төңірегінде ешқандай жерасты суы жоқ екендігіне көзіміз жетті. 
Үлкен Жез қазған комбинатының құрылысын бас тай тын болсақ, 
бір ғана үміт – жергілікті өзен дердің көктемгі суын шама келген-
ше ұстап қалу. Бұл үшін сегіз, бәлкім, он жерден су қой ма сын 
салу керек. Атап айтқанда, Қара Кеңгір, Сары Торғай, Байқоңыр, 
Қияқты, Үлкен Жез 
қазған тоспаларын және Қумола өзе 
ні 
нің 
бойынан үш бөгет. Осы тоспадан кен ші лер секунд сайын екі жа-
рым мың литр су алатын болады. Өндіріс қажетін бұл артығымен 
өтейді. Жобаланған су қой малары Ұлытау алқа бында бау-бақша 
өсіріп, әсіресе көкөніс егіп, егін шаруашылығымен де емін-еркін 
шұғыл дану ға мүмкіндік туғы зады. Кешелі-бүгінгі мә жілістердің 
бәрінде де бұл өлкенің топырақ құрамы егін салуға қолайсыз, 
қоректік зат тары тым жұтаң деп баға ланды. Біз ұсын ған тоспалар 
жүйесі бұл көзқарасты бүтіндей жоққа шығармақ...
Сәтбаев қолын көтеріп еді, мәжілісті бас 
қарушы ака 
демик 
Веденеев басын изеді. 
– Жолдас Суров, Ұлытау алқабы үшін қай сала маңызды деп ой-
лайсыз? Өндіріс қа жеті, әлде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру? 
– Жоспарлы өндіріс жүйесі социалистік ша 
руашылықты 
«Мынау мәнді, мынау мән 
сіз» деп бөлмейді. Ал коммунизм 
құрылысының түпкі мақ саты – дала мен қа ланы те ңеу!.. Мұны сіз, 
қадірменді Сәтбаев жолдас, жақсы білесіз. Сөйтсе де ұғындырып 
көрейін: бұл өлкеде бір емес, сонша көп қойма жасауды ұсын-
ғанда, біз екі са ла ның да өрістеуін ескердік. Ал Ұлытау ауда-
ны – өн діріс қа на емес, ауыл ша руа шылығы нан да кенже қалып 
отырған жұтаң өлке...
Б.Е. Веденеев қарындашын үстелге ұрып: 
– Жолдастар, негізгі мәселе бойынша пікір айтуларыңызды 
өтінемін. Әңгіме су сыз қаңсып жатқан шөл даланы суландыру 
тура сында», – деп ескерту жасады.
– Суров жолдастың мәнді ұсынысының қажеттігін мойын-
дай тұрып, бір жайтты ашық айтуды парызым деп білемін, – деді 
Сәтбаев мінбеге шыққан соң. – Менің ше, бұл жобада дер бес екі 
мәселе бір-бірімен мимырт араласып кет кен: оның бірі – Ұлытау 
алқабында мыс өндірісін ашу; екіншісі – ауыл шаруашылығын 


303
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тыңнан кө теру, яғни тоспа лардағы суды егін шілік пен бау-бақшаға 
пай 
далану... Ал біз бүгін не үшін жиналып отыр 
мыз? Үлкен 
Жезқазған комбинатын сумен жабдықтау мәселесін кеңесу үшін! 
Водока налпроект жобалаушыларымен Жезқазғанда бұл жайын-
да талай мәрте әңгімелескенбіз. Демек, жергілікті мамандардың 
пікірі Суров жолдасқа мәлім. Сөйтсе де, өндіріс мүддесінен алшақ 
жасалған, тіпті қиғаш кеткен фантас тикалық жоба көріп отыр-
мыз. Неге? Ауыл шаруашылық өнім дерін Жезқазғанға әзірше 
пойызбен де әке луге болады. Ал Жезқазған мысын «су жоқ» деп 
миллиардтаған тонна бос жыныспен қосып, алысқа тасу – мүлдем 
тиім сіз. Біздің ше, Ұлытау ауданында барлық керекті өзі өндіретін 
сан салалы шаруашылық жобалау – қате көзқарас! Біз орта 
ғасырдың нату ралдық шаруашылығы дәурен сүрген заманда емес, 
социалистік құры лыс дәуірін де еңбек етіп отырмыз, жолдастар...
Соңғы қатардан бір-екі кісі қатты күліп, қол соқты. Алдыңғы 
орындыққа жайғасқан академиктердің бірі қасындағы жас инже-
нерге бұрылып, әлдене деп жымиды. 
– Қаныш Имантаевич, Үлкен Жезқазған қоймасы секундына 
екі текше метр су беретініне шүбаланбайтын боларсыз? – деп сұра-
ды инженер Руффель.
– Бұл – иланымды болжам. Оны толтыратын Кеңгір – Ұлытау-
дан бас алатын өзендердің қорлысы...
– Сол тоспада 237 миллион текше метр су болады. Өндіріс 
қажетіне оның алтыдан бірі ғана шығындалады. Қалған суды 
егінге пай да ланбасақ, буға айналып бәрібір ұшып ке теді. Сіздің 
солақай ұстанымыңызға таңмын, – деді Руф фель. 
Тағы бірер маман пікір білдірді. Бірақ екі жақ та бір-біріне есе 
бермеуге бекінгендей-ақ өз ойларынан танбады. 
Борис Евгеньевич алдындағы графинді тықылдатты, айтысу-
шылар тоқтамаған соң орнынан көтеріліп:
– Сәтбаев жолдас бұл ауданда егін шаруа шылығын өркендету-
ге қарсы. Әрине, керек болса, азық-түлікті алыстан тасуға бола-
ды. Бірақ өндіріс басында шоғырланатын халықтың қамын неге 
ойламасқа? Оларды көк өніссіз шөл далада қалай ұстаймыз?.. – 
деді. 
Жезқазған барлаушысы оған да айғақ айтты. 
– Астық егудің пайдалы екенін мен өте жақ 
сы білемін. 
Шындығында бау-бақша жемісіне тәбетім жаман емес. Ал Ұлытау 
алқабының жан-жақты гүлде нуі – менің көкейкесті арманым!.. 
Бірақ мен, тап бүгін, қиялдан гөрі нақты іспен шұғылда нуды жөн 


304
Медеу СӘРСЕКЕ
көремін. Бір ауданнан сегіз иә он су қоймасын тұрғызу – тамаша 
іс. Оларды өзара жалғастыратын құбырлар жүйесін қоса есепте-
генде, бұл жүйе кем дегенде жүз миллион сомға түседі. Жә, сон-
ша қаржыны бізге кім береді? Бір деңіз... Екінші, бүгін таңда 
Отан өндірісіне Жезқазғаннан не қажеттірек: мыс әлде картоп? 
Меніңше, мыс! Кеңгір бөгетін салу үшін де едәуір қаражат ке-
рек. Үкімет бұл қаражатты бізге береді. Не үшін? Тек қана жер 
астындағы мыс көмбесін алу үшін! Ендеше, су тоспасы өндіріс 
қаже тіне ғана қызмет етуге тиіс. Руф фель жолдас әлгінде сіз 
өндіріс пен қала қа жетіне Кеңгір қоймасындағы су қорының алты-
дан бірі шы ғындалады деді. Бұл – жо рамал есеп және осы өңірдегі 
қазіргі өнді ріс тердің шамалы сұранысы мен небәрі отыз мың дай 
халықтың қажетіне ғана жасалған жоба. Ал мен, Суров жолдастың 
әл гінде маған үйреткен саяси сабағын еске алып, яғни Жезқазған 
бола ша ғы на социалистік жоспарлы құрылыс деп қарап, Ұлытау 
алқабында алдағы жиырма-отыз жылда ең кемі үш жүз мың кісі 
тұра ды; онда орасан зор алып кеніштер, карь ер лер, фабрикалар, 
за уыттар жұмыс істейді; әрқайсысында мыңдаған жұ мыс шылар 
еңбек етеді де мекпін. Демек, «Суы қажет мөл шерден әлденеше есе 
артық» деп отырған қойманың өндіріс пен қала шығынын толық 
өтей алмауы әбден ық тимал жайт. Бұдан шығатын уәж: тос паның 
суын жер суландыруға жоба лауға болмайды! Бұ лай етсек, жол-
дастар, өзін-өзі ақ тамайтын артық шығынға ұшы рай мыз. Себебі, 
біздің зерттеуімізше, Ұлы 
таудың оңтүстік бау 
райы, жоғарыда 
аталған алты-жеті тоспалар салынатын төңіректің топырағы 
егіншілікке мүл 
дем жарамсыз. Ал, егін салу үшін шұрайлы, 
топырағы құнарлы жер іздесек, оны бұл өлкенің теріскей өңірі нен 
қарау керек...
...Әңгімеге ақырында «Гидроэлектро 
проект» институтынан 
шақырылған сарапшы маман, профессор А.А. Предтеченский ара-
ласты.
– Сәтбаев жолдас ойланатын сөз қозғады, – деп бастады 
ол. – Мәселенің әділін айту қажет: талқылауға ұсынылған су 
балансы то лық зерттелмеген, небәрі екі жылдық аз деректерге 
сүйенген... Жезқазған өндіріс тері қуатын қауырт өсірген кезде 
ауыл шаруашылығына пайдалануға су қалмай 
ты 
нын со 
дан-ақ 
көріп отырмыз. Демек, жер үстіндегі суды жинап, тоспада ұстау 
мәселесін жан-жақты зерттеп, артезиан қоймаларын іздеуге де 
күш салу керек!...
Мәжілісті академик Веденеев қорытты.


305
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бүгінгі талқы не көрсетті? Көп-көрім жоба тартылды 
алдымызға. Сөйтсек, ол Мәскеуде отырып, долбармен жасалған 
дүмбілез дүние екен. Институт жобалаушыларының бұл іске жа-
уапсыз қарағаны, өткен жаз 
да жасалған болмашы бақылауға 
сүйеніп, сол өңірде жүргізілген зерттеулер мен жергілікті маман-
дардың ой-пікірлерін ескермей, нақ ты лы жер жағдайына үйлесімі 
аз, шикілі-пісілі жоба ұсынғаны талқылау үстінде мәлім болды. 
Топырағы зерттелмеген, құнарсыз қыртысты ауданда суарма-
лы егіншілік кәсібін ұйымдастыруды ұсыну – осының айғағы. 
Су балансы есебінде де дүдәмал жайттар көп... Ал біз болашақ 
мыс өндірісін аса ділгер сумен қамтамасыз ету мәсе лесін шешуге 
жинал дық... Сол себепті назар ларыңызға мынадай қаулы жобасын 
ұсына мын: «...Жобалану кезеңіндегі Үлкен Жез қазған мыс комби-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет