Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет22/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

үйінде кездестім. Семейге келген сайын Абай Құнанбайұлы 
Николай Яковлевичке соқпай кетпейтін...» – депті семейлік 
ұстаз А.А. Брю 
ханов ұлы ақынның мұражайында сақтаулы 
естелігінде.
ІІ
Қаныш келген жылы Семейде қырық мың нан астам тұрғын 
болған. Екі жүз жылда қарапайым бекіністен облыс орталығы 
атанған жасамыс қалаға айтарлықтай жетістік емес. Алайда 
өзімен қатарлас ірге тепкен Өскемен, Павлодар, Верный, Жар-
кент, Аягөз, Қапал тәрізді уездік қалалармен салыстырғанда 
көнтерімді өсу...
О күндегi Семей – Алтайдан Алатауға, Ер тiстен Есiлге дейiнгi 
орасан зор аймақты алып жатқан ұлан-ғайыр өлкенiң әкiмшi-
лiк орталығы. Алты ояз, жүзге тақау болысқа бөлінген қалың 
ел бағынатын генерал-губернатор кеңсесi де осында. Соған орай 
Ертiс жағасындағы қала ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
беріде тез өскен, көркi де айтарлықтай келбетте. Еуропа мә нерi-
мен салынған еңселi ғимараттар, iшi ға на емес, сырты да неше 
алуан әлемiшпен безе 
нiп, орталық көшенiң екi жағында сап 
түзеп тұрады: губернатор кеңсесi, генерал шенiн дегi ұлықтың өзi 
тұратын әдемi үй, Қы тай консульствосы шығыстық сәулет өне-
рiнiң озық үлгiсiмен салынған, банк ғимараты, ер балалар мен 
қыздар гимназиясы, көпестер клубы, қалталы саудагерлердiң 
өза 
ра бәсекемен тұрғызылған, сән-салтанаты бiр-бiрiнен асқан 
дүкендерi мен тұрғын үйлерi – Сiбiр мен Қазақ даласының өзара 
түйiскен шебiнде тұрған жаңа мекеннің айрықша орнын, тари-
хи мәнiн паш еткендей. Қаланың мешiттерi мен шiркеулерi де 
өзара бой жарыстырып, бiр-бiрiнен даң қын асыру үшiн ғана емес, 
бұқара халыққа дарытар уағызы тiр шiлi гi нiң әр саласына кеңi-
рек тарату үшiн де тайталасқа түскендей. Жаңа ғасырдың басында 
осы қалада 12 мешiт, 6 шiркеу мен жебi рей халқының дiни құт-
басы – синагоганың жа рыса қызмет iстегенi облыс орталығының 
рухани ділін айқын аңғартса керек...
Ол күндегі Семей – Сібір мен Орта Азияның өзара пұл айырбас-
тап, сауда-саттық жүргізе тін шекаралық алтын қақпасы. Жаңа 
ға 
сыр 
дың екінші жылында ашылған Ай 
ырбас алаңы жұмыс 


54
Медеу СӘРСЕКЕ
істейді. Арғы жылдарда оған он бір мың түйе келіп кетеді екен. 
Он бір мың жанкешті жануар Тәшкент пен Бұхараның жібегі мен 
мейізін, Құлжа мен Шәуешектің шайы мен кәрлен ыдыс-аяғын, 
ішкі Қытайдың күміс телген неше түрлі асыл бұйымдарын Ертіс 
жағасына тасыған. Орал мен Сібір дің кәсіби шәрлері – Тобыл, 
Омбы, Ірбіт, Новониколаев (осы күнгі Новосібір), Томның темір-
терсегін, әр түрлі қолөнер заттарын, ба ғалы аң терiлерiн Орта 
Азия түкпірлеріне жеткiзетiн де осы жануарлар. Жаңа ғасырда 
тек тасымал құралы өзгердi, тауар айналымы да жүздеген есе өстi. 
Семейдің өзі де бұл кезде бірталай бұйымдар өндіреді: шегі-
рен былғарысы – жәрмеңке сөресінде бір күн жатпайтын өтімді 
пұл; қала зауыттары өзара бәсекемен күйдіретін кірпіштер бе-
ріктігімен әйгілі; даланың ділгер қажетін өтеу үшін сабын қай-
натылады; балауызы мен сырасы да шартарапқа жақсы мәлім... 
Семейге темір жол 1915 жылы тартылған. Ал пароход бір лес ті-
гі «Меркурийдің» қызметін қала тұрғындары екі ғасырдан бері 
пайдаланып келеді.
Облыс орталығының мәртебелі дақпырты мәдени-рухани дең-
гейiн де күрт көтерiп, уез дiк қалалардан көш iлгерi алға шы-
ғуына жағдай туғызған. Он бес жасар жас өс пiрiм бұл айырма-
шылықты келген бетте-ақ аңғарған. Бұдан үш жыл бұрын, Пав-
лодарды алғаш көргенде 14 мың тұрғыны бар қаласымақты ертегi 
шәрдей көрiп, аузын ашып таңырқағаны әншейiн нәрсе болып 
шықты. Нағыз өркениеттi һәм өскелең қала деп мына Семейдi 
айт! Оқу залындағы даңғарадай кең терезелер көпес үйлерiнiң 
қақпаларындай керемет үлкен. Халық үйiнiң сән-салтанаты 
қандай?! Ал кіндік тұстағы облыстық кiтапхана ше? Қаншама 
мың кiтап бар онда, журналдар ше?! Тіпті шетелдiк басылымдар 
да келiп тұрады десе дi. Тек соған көкiрегiң жетiп оқи алсаң!.. 
Шаңырақтай көзәйнек терi қушық бетiн тұтас жауып, ертелi-кеш 
кітапқа шұқшия оқып отыратын оқымыстылар бұл жаққа қай-
дан келген десеңшi. Үлкендердің айтуынша, көпшілігі – өз еркiн-
сiз келген, өкiмет ке жазалы жандар. Әрине, әлдебiр қылмысы 
үшiн. Ал газет-журналға үңілуіне қарасаң – қылмыс жасаған 
бұзақы адам деп сiрә да ойламайсың. 
...1856 жылғы жаздың жаймашуақ күн 
дерiнiң бiрiнде унтер-офицер 
Достоевский казарма үйiнен шыға бере, қақпа алдында, ат жақты, моңғол 
пiшiндi, нұрлы көзi күлiм деп, өзiне қарай жiтi адымдап келе жатқан әскери 
киiмдi қазақ жiгiтiмен ойда жоқта ұшырасып қалды. «Апырау, бұл кiм?» де-
генше, поручик жiгiт өзiн қапсыра құшты. 


55
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Федор Михайлович! Қымбаттым, сiздi iздеп келемiн! 
– Вали-хан! Қайдан жүрсiң? Көктен түстiң бе? Ай-ай, Вали-хан достым! 
Екеуi дабыралай сөйлеп, айдаудағы жазушының уақытша пәтерiне жет-
кенше ауыздарын жапқан жоқ. Сiрә, бiр-бiрiне айтары аз емес. Шоқан досы 
Тянь-Шаньға саяхатқа аттануға әзiрлiк жасауда екен, осы қаладан аттан-
бақ. Ыстықкөлдiң арғы-бергi жағасын түгел шарламақ. Федор Михайлович 
те жан досына осы өңiрдегi қазақтар тарихынан жиған-терген деректерiн 
мақтана көрсеттi. Қажет десе, соның бәрiн сый етпек. Өйткенi Шоқандай жас 
бiлiмпаз туған халқы жайында аса құнды этнографиялық материалдарды 
көптеп жариялап, Еуропа жұртын хабардар етуге тиiс... 
1858 жылы Семейге екiншi мәрте келге 
нiнде де Шоқан Уәлиханов 
тұтқын қамытынан босаған жазушыға қайыра кезігіп, алыстағы қатерлi 
сапарға, Қашқар елiне саяхат жасауға бiржола бекiнгенiн досына құ пиялап 
мәлiмдеген. Сол саяхатқа оны қадiр мендi П.П. Семенов-Тян-Шанский көн-
дi рiптi. Өйт кенi сол ел Еуропа тұрғынын өз ішіне кіргiзбейдi екен. Жуықта 
бiр ше телдiк ғалым сол елге жасырын барамын деп жер жастаныпты-
мыс. Ал өзі сауда керуе нiне iлесiп, Әлiмбай деген көпес тiң атын жамылып 
бармақ... Әрине, бiрiн-бiрi айрықша құрметтейтін екi дос бұл жай ында, тағы 
нендей оқиғалар турасында неше күн, неше түн әңгiме шерттi. Бәлкiм, Бұзау 
аралға барып, ұзақты күн серуен де жасаған болар-ау. Бiр жолы атқосшы 
алып, мықты аттармен Шыңғыс бөктерiне, оның түстi гiн дегi Ар қат тауына 
салт атпен еру болып қайтты. Тағы бiрде Тарбағатай бөк терiне, Аягөз өзенiне 
дейiн шарлады. 
Мiне, аурухана ірге тепкен Больничныйдан (қазiргi академик 
Павлов атындағы) бергi Крепостная көшесi. Өз дерi тұратын Үлкен 
Владимир көшесiнен те рiскейге қарай екi жүз қадам жүрсең-ақ 
сол үйге тап боласың. Рас, бұл көшеде тас төселген тротуар жоқ, 
әдейi төгіп қойғандай сусыма құм. Қаныш сол көшедегi жұпыны 
үйдi жақсы бiледi: астыңғы қабаты қызыл кiрпiш тен қаланып, 
үстiңгiсi бөренеден қиылған; Ертіс жақ бұрышында ақ мәрмәрдан 
шабылған әдемi тақта бар, онда: «1857-1859 жылдары бұл үйде 
орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрған» 
деген сөздер жазылған. Тақтаны көрген сайын Қа ныш тың қиял 
құсы шарықтап, бұдан 50-60 жыл бұрынғы оқиғалар сүреңін 
көргендей болады: әскери кителiн иығына желбегей жамылып
Ер 
тiстiң ұрымтал тұсындағы аралға қарай кетіп бара жат 
қан 
орыс жазушысының жүдеу бейнесін таниды; ендi бiр сәт әлгi үй 
ауласындағы ағаш сәкiде Федор Михайловичтің жанашыр досы 
Шоқанмен әңгi меле сiп отырғанын аңғарады; әрине, арман же-
тегіне түскен жас өс пірім одан әрі туған ауылына жетiп, Шоқан 
Шыңғысұлының бiр кезде тамылжыта айтып, көңілін елеңдет-


56
Медеу СӘРСЕКЕ
кен, ертегi сияқ ты алуан хикаяттарын әңгiмелеген әкесiн көре дi... 
Орыс әдебиетiнiң кемеңгерi Достоев ский, өз әкесi жігіт күнінен 
ұстаз тұтып, пара 
са 
тты тұрпатын жүрегiнде сақтаған жүрген 
қайран Шоқан!.. Ендi, мiне, араға көп жыл салып, жазмыштың 
жазуын қараңыз, екі ұлы кездескен, бiрiн-бiрi қалтқысыз сүй iп, 
мәңгi табысқан Семейге тап болып, талай күн, талай кештi бiрге 
өткiзген ескi үйдiң қасынан тап өзі, семинария шәкірті, сабаққа 
бара жатып та, келе жатып та күн сайын жанай өтедi... 
Семейдегi өлкетану мұражайы мен Н.В. Го 
голь атындағы 
көпшiлiк кiтапханасы 1883 жылдың күзiнде ашылған. Жа-
ғырапиялық қоғамның Семей бөлiмшесi 1878 жы 
лы ұйым-
дасып, осы өңiрдiң ескілі-жаңа тарихын жүйелi түрде зерт-
теп, сол мақсатпен кiтаптар да шығара бастапты. Көпшiлiк 
кiтапханасындағы кiтап қо ры ә баста шамалы болған, алайда 
Ресей Fылым академиясы бiр жолы 283 том ғылыми басылым-
дарын сый еткен соң-ақ империяның жер-жерiнен әр алуан 
әдебиеттер жиi-жиi түсетiн болған. Мысалы, Санкт-Петербургтiң 
табиғатты сүюшiлер қоғамы өздерi шығаратын журналдар мен 
ғылыми кiтаптарды жыл сайын жiберiп тұрыпты. Нәтижесiнде 
кітапхананың қоры күрт молайды. Қала тұрғындарының да бiлiм 
шамшырағына деген ілтипаты ерекше зор: қыр елi нен кiтап алды-
рып иә жиi келiп, бiлiм қо рынан сусындауға ынталылар да аз емес, 
солардың бiрi – Шыңғыстау қазағы Абай Құнанбайұлы. Хакім 
ақынның мұражайындағы естелiк тер дiң бiрiнде Баянауылдағы 
оқымысты замандасы Сәдуақас Мұса 
ұлы Шорманов пен Абай 
ғұла ма Семейдегi Бас мешiттiң жұма намазында танысып, осы 
кiтапхананың оқу залында табысқандығы айтылған. Демек, шал-
ғайлығына қарамай, Баянауылдың ат төбеліндей білімпаз қауы-
мы Семейдің кітап қазынасын әредік болса да рухани қажетіне 
жарата білген.
1885 жылы Ресейдiң Сiбiр атырабындағы түрмелерiн аралап, 
саяси айдалғандардың тұрмыс жағдайын көріп, нақты сипаттап 
жазу мақсатымен сапарға шыққан американ қалам герi Джордж 
Кеннан Семейге де соғып, бiр неше тәулiк шеру болған. «Сiбiр» деп 
атаған жолжазба кiтабында сол бiлгiр осы қаладан көр ген-бiлге-
нi туралы: «Қала кiтапханасынан мен Спенсер, Бокль, Дарвин, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет