Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет23/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

Льюис, Милл, Тэн, Леббок, Тейлор, Гексли, Лапель, Тиндаль, 
Альфред, Рюссель Уэллес, Мэкензи Уэллес және Генри Мэн сэрдiң 
шығармалары мен Скотт, Диккенс, Мариэтт, Жорж Эллиот, 
Жорж Мак-Дональд, Антони Троллеттiң романдары мен хи-


57
ШЫҒАРМАЛАРЫ
каяттарын көрiп, ерекше таңғалдым. Мынадай мол қазынаны 
жия бiлген қала зиялылары осал емес, олардың рухани деңгейiнің 
биіктігін осыдан-ақ шамалауға болады. Айтылмыш тiзбенi 
көр ген кезде Семей шәрi жөнiндегi бұрынғы естiген қауесетке, 
солардың ықпалымен қа лыптасқан теріс пiкiрiм де өзгерiп, өте 
жақ сы әсерге ауысқанын мойындауға тиiс пiн…» – деген.  
Америка қаламгерiнiң сипаттап отыр ғаны – бұдан отыз жыл 
бұрынғы жағдаят. Жа ңа ғасырдың екiншi онжылдығында қа-
ла ділінің көш бойы ілгерлеп, одан да жоғары деңгейге кө-
терілгені анық. Мұндағы оқу ұялары, гимназиялар мен кәсiптiк 
училищелердiң бiлiмдарлық деңгейі, оларда сабақ беретiн мұ-
ғалiмдердiң бiлiмпаздығы, әрине, уездiк қаладан iлкi жоға-
ры. Соның бiрi – Қаныш Сәтбаев тап бол 
ған, Семей облысы 
атырабындағы бiрден-бiр ор та дәре желi бiлiм беретiн мұғалiмдер 
семи нария сы. Дүние жаңалығын тануға құштар жасөспiрiмге сол 
жайт та өзгеше әсер еткені айқын. Бұл қарсаңда шәкірт те өзгер-
ген: талғамы өскен, алды-артына оймен қарайды; оны енді таяқ 
тастап ойнайтын балалар арасынан сирек көресiң; мұз айдыны мен 
би алаңына да күн сайын бармайды, таңдап, талғап қатынайды… 
Шәкірт Қаныш өнер қадірін қазірде жете аңғарған, білімін қор-
ландырар құпияның да кілтін енді тапқандай. Семинарияның 
ша ғын кiтапханасын мiсе тұтпайтын болды. Алғаш қы жылдан-
ақ көпшiлiк кiтап 
ха 
насының тұрақты оқырманына айналды. 
Ағайынды Белослюдовқа ұқсап, қолына басы артық тиын-тебен 
түссе, кiтап сатып алуға жұмсайтын болды. Тіпті соны тамағынан 
жырып та...
Кiтап оқуға құнығып жүрiп, бiр күнi, сi рә, бұл Семейге тап 
болуының үшiншi жы лы, көпшiлiк кiтапханасынан «Семей дегi 
құм жалдарының сыры» деген жұқалтаң кiтап шаға семинарист 
жігіттің көзi түстi. Авторы – профессор Владимир Афанась евич 
Обручев, Том шәрiнде 1915 жылы жарыққа шығыпты. Оқып 
көрiп едi, таң қалдыр ған ғажап дерекке кезiктi: кiтапшаның ав-
торы Ертiс жағасындағы қалада бiрнеше мәрте болыпты, 1905, 
1906 және 1909 жылдары шекара шебiндегi Жоңғар жотасы-
на саяхатқа аттанып бара жатып, әрдайым бірнеше тәулік аял-
дапты; мына ғылыми еңбекте сөз тек ол жайында емес, Семей 
тұрғындарын жаз шы ға, қыр жақтан қара дауыл тұрғанда, құм 
боратып, зықысын шығаратын табиғи апат жайында жазылған
шындығында олар сол кесапатпен қалай күресуді, қандай амал-
мен қала көшелерін басып қалатын құм жалдарынан құтылуды 


58
Медеу СӘРСЕКЕ
бiлмейді-міс; профессор Обручев сол құбылысты жан-жақты зерт-
теген... Fалым соны сипаттаудан бұрын қыр төскей i нен, Ертiстiң 
арғы-бергi жағасынан, Бұзау аралдан, қарағайы сыңсыған орман 
iшiнен, тiптi қала кө шесінің әр жерiнен құм алғызып, заттық 
құрамын анықтаған. Бiрнеше жыл бақылау дан соң мынадай тұ-
жырымға келген: «Өзен арнасының үстiне келгенде дала төрi-
нен көтерiлген құм қиыршықтары ылғалды ауаға тап болып сал-
мағы ауырлайды да, бiраз бөлегi суға түсiп, ағысқа ілесіп төменге 
жөңкіліп ке теді, ал өзгесі оң жағалауға, қала кө ше ле рiне, орман 
iшiне төселедi. Бұл құбылыс мыңдаған жылдар бойы үздiксiз 
жүрген…» Құм жалдарының жаралу тегiн анықтаған ғалым сол 
апатты азайтудың да амалдарын ұсыныпты: бұл үшiн өзенмен 
жарыса түскен ұзын көшелерге жаппай тас төсеу керек, ал үйлер 
ығына, көшет ағаштардың маңына үйiлген құм жалдарын үнемі 
қала сыртына тасып, екi жа ғаға да жаппай ағаш егiп, табиғи 
қорған тұрғызу қажет… 
Жұқалтаң кiтапшадан оқыған дерек Қа ныш ты ерекше таң-
ғалдырды. Рас, сонда жазылғанның бәрі-бәрін толық түсіне 
қоймаса да, ғылыми еңбек иесiнiң профессор деген да быра атағы, 
одан да гөрi, ғұлама жанның өзi оқитын қаланың шешуi күрделi 
мәселесiмен ерiнбей шұғылданып әрі соны қара пайымдап түсiн-
дiргенi көпке дейiн ойынан кетпей қызықтырғаны анық. Демек, 
табиғаттың небір күрделi құпиясын байыппен зерттеп бiлуге бола-
ды. Ол үшiн, әлбетте, көп бiлу керек, терең бiлiммен қоса ғылыми 
көрегендiк те қажет. Өйтпейiнше табиғаттың тылсым сырын, 
өзiң дi қоршаған ортаның бап-күйiн тани алмайсың. Олай болса?.. 
Семинарияның оқу мерзімі – төрт жыл. Алғашқы жылдан-
ақ семинарист-шәкірт Құдайға құлшылық ету пәнінен (басқа 
діндегілерге бұл міндетті емес), ұстаздық тағылым (педагоги-
ка), орыс және шіркеу-славян тіл дері, есеп, алгебра, пішіндеме 
(геометрия), тарих, жағрафия, жаратылыстану, физика, сурет 
пен сызу, көркем жазу, ән сабағы, қосымша ғылымдарды тану 
(құқық, заң негіздері, ресми қағаздарды жазу рәсімі және бас-
қалар) сияқты түрлі ілім негіздерін жүй елі біліп, тыңғылықты 
білім алуға тиіс. Әлбетте, шәкірттің білім деңгейі көтерілген са-
йын оқу бағдарламасы күрделілене түсіп, жаңа пәндер қосыла-
ды. Жыл аяғында ауызша, жазбаша емтиханда семинаристің
білім ді игеру деңгейі тексеріледі де, келесі басқышқа көшіру иә 
көшірмеу турасында ұстаздар алқасының шешімі қабылданады. 
Бағдарламаны толық меңгере алмаған шә кірт тердің бір курсты 


59
ШЫҒАРМАЛАРЫ
екі жыл оқитындары да жоқ емес, оқудан шығып қалатындар 
да бар. Үздік оқығандар жыл қорытындысында мақтау қағаз 
бен сыйлық алады. Жылдан жылға өте жақсы үлгерген таң-
даулы жиырма шә 
кірт 
ке земствоның арнаулы стипен 
дия 
сы 
тағайындалады. ҚР Мем лекеттік мұрағатына көшірілген семи-
нария құжаттарының бірін де 1916 жылдың бірінші қаңтарында 
земство жәрдемін ал ған 20 шә кірттің санатында Ғабдул-Ғаний 
(құжат та солай жазылған) Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов және 
Мұхтар Әуезов есімдері қатарлас аталған.
Семейде де Қаныш үздiк оқиды. Алғаш қы екі жылда ол неме-
ре ағасының үйiнде тұрған. Семинария ғимаратына жету үшiн 
Омбы (қазiргi Ю. Гагарин атындағы), Крепостная және Больнич-
ная көшелерiн қиыстай жүрiп, Степной даңғылына түседi. 
Жаяу ға бұл едәуiр жер. Әсiресе шыжыған жазда ыстық құмды 
толарсақтан кешіп семинария үйіне жету оңай емес. Үскiрiгi бет 
қаратпас аязды күндерде иә боран түтеген қыс айларында тiптi 
қиын… 
Бәлкiм, осы жайт түрткi болды ма, әлде есейiп қалған шәкiрт 
жiгiт өз бетiмен өмiр сүрудi жөн көрдi ме (оның үстiне Әбiкей 
ағасы балалы-шағалы адам, бәрi де шиеттей жас), кiм бiлсiн, 
үшiншi жылы дербес пәтерге шығады. Ауылдастарының айт-
уынша, Мұхтар және Жекей деген достарымен қосылып, Ханиса 
есiмдi татар әйелiнiң бiр бөлмесiнде тұрған-мыс... 
Бізге мәлім бірқанша естеліктер мен ауызекі әңгімелерде фамилиясы 
көрсетілмей, Жекей есімімен ғана аталған шәкірт, ұлтымыздың біртуар 
перзенті, қаламы хас жүйрік дүлдүл қаламгері Жүсіпбек Аймауытов де-
ген жорамал айтамыз. Кеңес өкіметінің қас жауы ретінде 1931 жылы 
атылған Ж. Аймауытовтың есімін бадырайтып айта алмағандықтан, Қаныш 
Имантайұлы және өзге де естелік айтушылар марқұмды осындай лақап атау-
мен бүркемелеп көрсеткен тәрізді. «Сәтбаев» ғұмырнамасының Мәскеуде 
«Молодая гвардия» баспасының «ЖЗЛ» топтамасында 1980 жылы жарық 
көрген алғашқы басылымында мен өзім де осы амалды қолданып, төртінші 
мүшелін орталаған шағында нақақтан мерт болған сөз зергері Жүсекеңді 
ашық жаза алмай, бір әрпін ауыстырумен далдалап, Айсауытов деп көрсету-
ге мәжбүр болғанмын (қараңыз: сол басылымның 27-бетін)...
Облыс орталығына жаз айларында көш пелi цирк келiп өнер 
көрсетедi. Қала тұрғындары тегінде күрес ойындарына өзгеше 
әуес. Қыз 
ды-қыздымен сол нояндардың кейбiрi цирктiң атақ-
ты палуандарымен белдесуден тайынбайды. Мұндай жүректілер 
көбiне жүкшi, кеме айлағында жұмыс iстейтiн қазақтар арасынан 


60
Медеу СӘРСЕКЕ
шығады. Әлбетте, шәкірт жастар намыс отын қыздырар думан-
ды ортадан қалыс қалмай, қошемет білдіріп қызықтаушылардың 
жуан ортасында жүреді. Палуан атаулы Ертіс жағасындағы көкке 
шығып, Бұзау аралдағы қымызханалар алдындағы құм 
жай 
да 
күш сынасады. Сол тайталасты қызықтаушы жанкүйер топтың 
бастаушысы – тағы да Жекей. Кү реске ол ересек досы Мұхтармен 
бірге түскен. Ахмет Омарханұлы Әуезовтiң ағасы туралы естелiк 
кiтабында екi дос 
тың сол жылдарда Семейде тұрған күрес 
жаттықтырушысы Николай Николаевич Куприяновтан күрес 
тәсiл дерiн біршама уақыт арнайы үйренгенiн ескер тiптi... 
Этнографиялық үйiрме. Жоғарыда біз сөз еткен «Бастапқы 
сауық кешi». Абай Құнанбайұлының дүниеден қайтқанына он 
жыл толуына арналған өткен әдебиет кешi. Қазақтың ескi әдебиет 
нұсқаларын жинау. Абай өлеңдерiмен орыс зиялыларын таныс-
тыру... Бәрi де сол кезде Семейді қоныс еткен ат төбеліндей 
зиялы қауымның өз халқын өрге сүйреп, дүние жаңалығына 
еліктіру мақсатынан, замана көшінен кенжелеп қалмау ниетінен 
туған игі әрекеттер. Солардың қайсысы болсын қаладағы қазақ 
оқығандарының белсенді көмегін талап еткен. Бір кеште, айталық, 
ақындарды айтыстырып, «Батырларды» сайыстырып, іле-шала 
ән салып, шешендер сөзін жатқа оқу үшін қаншама актер керек? 
Кешті ұйымдастырушылар өздері ділгер болған көмекшілерді 
семинария шәкірт терінің арасынан тапқан. Солардың бірі – Қа-
ныш Сәт баев, көбіне ол мандолина тартып иә ақындар жыры-
нан үзінділер оқиды; кейде «Топай көк», «Баянауыл», «Көзімнің 
қарасы» ән 
де 
рін келістіре орындаған; ойын соңында бойшаң 
шәкірт сауыт киіп, қолына айбалта, найза ұстап, қазақтың 
этнографиялық ескі салт-үлгілерін бейнелеуге қатыс қан.
Осы топтың жуан ортасында, бәлкім, ұйымдастыру тобын-
да жасы әлi жиыр маға толмаған Мұхтар Әуезов те болған. Сол 
қарсаңда ол семинарияның үшiншi басқышының тыңдаушысы. 
Үшiншi шәкiрт – бiр өзi «әрi молда, әрi етiкшi, ағашшы, әрi ши-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет