Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет19/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Музыкамен қатар Қаныш биді де артық қадірлейтін еді. 
Краковяк, подиспан, полька, мазурка, вальс билерін сол кездегі 
қазақ жастарында Сәтпаевтардан артық ешкім билемеген. 
Соңғы жылдардың өзінде Кисловодта демалып жатқанда, 
бұл билерді Қаныш өте әдемі билеуші еді. Сондықтан Горький 
атындағы санаторийдің карнавалында бірінші жүлдені әрдайым 
оған тартатын. Қаныштың бұл өнерді жақсы көруі сонша, 


46
Медеу СӘРСЕКЕ
демалысқа барған сайын осы күнгі фокстрот, танго, хали-га-
ли, ча-ча билерін үйреніп, оларды да әдемі орындайтын. Тіпті 
бір жылы твист биін үйренуге құмартып, оның да ырғақтарын 
келістіре, тым әдемі билеп кеткені есімде».
...Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жа-
сында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, 
ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. 
Сауық құрған мәжі ліс терде скрипка иә домбыра тартып, ән де 
шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза 
әңгімелеп, қайыра айтып бер уі қандай?! Сөз саптауы салмақты
жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апа-
сы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі 
мен сеңсең ты мағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол 
қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған 
қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында 
қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең 
көй лектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қа-
ра бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. 
Ша шы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады.
Ой жүгіртіп сараласа, үш-ақ күндей болып зымырап өте шық-
қан үш жылда жөнең қаладан көрген-білгені, көкейіне түйгені 
аз емес. Пав лодардың басты көшесі Владимирскаяның бойында 
Митя Багаевтың (өлкетану мұражайын ұйымдастырушылардың 
бірі – М. С.) фотошеберханасы бар, Керекуге тап болған алғашқы 
жылы Қаныш соған барып суретке түскен. Ертіс жағасындағы 
тұз үйіле тін алаңда «Заря» және бір жерде «Фурор» деп аталған 
кинематограф ашылғанда, аппақ мата керілген қабырғада түрлі 
фотобейнелердің жан біткендей би билеп, ерсілі-қарсылы жү-
гіруін ұзақ қызықтап, таң-тамаша болған-ды; базар алаңындағы 
ағаштан қи ыл ған ауласы кең үйде Коромысловтың көшпелі цир-
кі өнер көрсететін; бір жылы көктемде соның алдындағы тақтай 
сәкіге атақты қа зақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов шығып, 
жуандығы білектей темірлерді сымша бұрап, одан соң әлденеше 
пұт кір тастарын төбесіне көтеріп, ақырында көп кісі тиелген ар-
баны тісімен сүйреп жиналған жұртты қызыққа кенелтті; Шмидт 
деген бай көпес тұрғызған «Ливадия» мейманханасының ал ды да 
кешке таман неше түрлі ән шырқалып, би биленетін ойын-сауық 
алаңына айналатын...


47
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сірә, соның бәрінен де елікпе көңілді жасөспірім Әбікей аға-
сы мен Қамила жеңгесіне еріп зиялы қазақтардың үйіне қонақ-
қа барғанда, қала іргесіндегі «Көкжатақта» тұратын сері көңіл 
жамағайындар шаңырағындағы ойын-тойларға шақырылғанда, 
сол жылдарда атақ-дақпырты дүрілдеп Ертіс атырабына кең 
жайылған Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Ақеділ, Майра, Естай 
сияқты дүлдүл әншілерді тыңдаудан ерекше сергиді. Жан дүние-
сі рахатқа бөленіп, ұмытылмас ләззат алып, өзі де соларға қосы-
лып ән салғандай сүйсіне тыңдайтын-ды...
Сонымен, оқу жолындағы екінші бас 
қыш, тағы бір мек-
теп тәмам болды. Оны да мерзімінен бір жыл бұрын және үздік 
бағалармен бітірді. Сөйтсе де қанағатсыз жас көңіл тояттар емес. 
Бұдан да гөрі биігірек қияндарды тілегендей...
ІІІ
Әбікей Зейінұлы сол көктемде Семейдегі мұғалімдер семина-
риясынан шақыру алған: орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беру 
ұсынылыпты; еңбекақысы мұндағыдан көтеріңкі; әрі пәтер 
үймен қамтамасыз етеді... Әбең үй-ішімен, елдегі үлкендермен 
ақылдасты. Сірә, көңілі ауса керек, «Семинария – екі сыныпты 
училище емес, деңгейі жоғары оқу орны. Семей де – уездік қала 
Кереку емес, облыс орталығы. Орыс зиялылары, оқыған қазақ аза-
маттары жиын жер...» деп толғанып жүрді де, ақыры жазғы емти-
хан бітісі мен көшуге жинала бастады.
– Ал, Қанышжан, екеуміз ертең екі жаққа жүр гелі отырмыз. 
Оқу жөнін не істейтін болдың? Әлде ауылға барған соң ойланасың 
ба? Би атаң бұған не дейді? 
– Өзіңіз қандай кеңес бересіз?
– Меніңше, сенің алдыңда үш түрлі таңдау бар. Біріншісі – Омбы 
қаласы. Сәті түсіп бара қалсаң – әрине, үлкен шәр, мақтаулы оқу 
орындарының біріне түсіп кетуің хақ. Дайындығың жаман емес. 
Бірақ ол – елден қашық, таныс кісі жоқ, қатынасқа да қиын. Би аға 
да Омбыға сені, сірә, жібере қоймас... Екінші оқу – осы Керекуде. 
Мұнда да биыл екі жылдық мұғалім дер курсы ашылғалы отыр. 
Оны бітіріп шықсаң – болыстық мектепке мұға лім боласың... – 
деп ағатайы сәл тоқтады да, – өзіңмен қатар оқыған баянауылдық 
жігіттер Сәлемхат Күленбаев, Жү сіп бек Аймауытов, Сүлеймен 
Ержанов, Жафар Әбдіхалықов, Хабиолла Барлыбаев, Пәуен Жү-


48
Медеу СӘРСЕКЕ
сіпбаевтар осы курста оқимыз десіп, өтініш берді. Өйтетін себебі 
жастары жиырманы орталаған марқа жігіттер, тезірек ку 
әлік 
алып, бас құрап, шаңырақ көтеруді ойлағандарын пәлендей деп 
сөгуге болмайды... Ал сен үшін үшінші жол – көңілің қа ласа, 
Семейдегі мұғалімдер семинариясына бару керек. Ашылғанына 
біраз жыл болды, оқытушылары өте білікті. Би аға да мен бара 
жатқан соң бұған қарсы бола қоймас...
– Өзім де осыны жөн көріп отырмын.
Онда уәде осы болсын, Семейде жолығайық...
Алайда жасы сол жылы жетпіске ілінген Имантай кенже 
баласының шалғайдағы Семейге баруын аса жарата қоймаған. 
Қаныш оқу жайында сөз бастаса естімегенсіп, әңгіме сүреңін 
басқа жайға аударады. Немесе «Бір жыл ауылда болып демалсаң 
қайтеді, мынау соғыс дақпырты да жақсы емес. Ел жайы не бола-
ды?» – деп қамыққан шырай аңғартады.
Қарт биді ойлаған қатері расқа шықты. Қыс бойы дүйім елді 
дүрліктірген соғыс өрті бір-ақ күнде, 19 шілдеде бұрқ етті. Со ның 
шарпуы іргеде тұрған Баянауыл станицасындағы халықтың улап-
шулаған күй зе лісінен-ақ танылғандай: жап-жас казак-орыстар үй 
ішімен жылап қоштасып, май данға аттанып жатыр. Қаланың халі 
қан дай десеңші, қыр елінің жайы не болады – ал егер бұл өрт тым 
созылып кетсе?..
Бұл оқиғаның жалғасын Сәтбай ауылының болашақ күйеуі 
(Раушан Әбікейқызының), қарт бимен талай мәрте мәжілістес 
болған Әлкей Хақанұлы 1969 жылы жариялаған естелігінде ег-
жей-тегжей сөз еткен:
«...Байқасам, Қанышжан не тамақ іш 
пей 
ді, не жарытып 
кісімен сөйлеспейді, бүгіліп ойға түсе бастаған, – деп есіне 
алған-ды сол жылды Имекең менімен әңгімелескенде. – Әбенмен 
ақылдасуға болмады. Ол кісі Өскемен-Жайсаң шығып кеткен. 
Бірнеше күн ойланып-толғанғаннан кейін, «қой, баланы жүдету-
ге болмас. Не де болса, бір жалғызға тапсырдым» деп тамыз айы -
ның басында Қанышты ертіп, Керекуге аттандым...»
Имекеңнің қасына айнымас қоңсылары Бапай мен Қозыбағар 
ереді. Төртеуі бір жұма жүріп, Ертіс бойына таянғанда Қаныш:
– Әке, мен Керекуге бармай-ақ қояйын, он да барсам, оқуға 
кешігемін. Мені осы Қызылшырпыдан (қазіргі Ақсу қаласы – 
М. С.) кемеге отырғызып жіберіңіз, – дейді.
Жолаушылар Семейге баратын кеменің келуін күтіп, Қы-
зылшырпыда бір апта жатады.


49
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Бір күні шай ішіп отырғанда, – деді Име кең әңгімесін жал-
ғап, – келе жатқан кеменің даусы естілді. Жүрегім су ете түс ті. 
Қаныш бұдан былай жалғыз кетеді. Өртеніп тұрған соғыс өрті 
мынау, көңіл жүдеу, ел арасында ауру-сырқау көбейе бастаған. 
«Он бес жасар баланың тағдыры не болады?» деген ой кеудені 
кернеп, есімді тандырғандай. Ауылға қайтадан алып қайтуға 
болмайды. Оған баламның көнетін түрі жоқ. Бұл екі ортада 
Қозыбағар атты жегіп, жүкті артып қойған. Қанышжан ал-
дымда мөлиіп, тез шығуды өтініп тұр. Арбаға үнсіз отырып, 
кемеге келдік. Қанкежан ішке кіріп кетті, бізді кіргізбеді. Кеме 
жүруге айналды. Қа ныш жан жүгіріп шығып, бізге қолын бұлғады. 
Қасымдағы Бапай мен Қозыбағар көздерінен жас мөлтілдетіп, 
аман болғай деп тұр екен. Өзім де ішімнен соны айтып, елге 
қайттық...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет