Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет37/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

су тамызды да: «Сен де құрдымға кетеді екен деп зәрем қалмады. 
Енді ештеңе етпейді, тек қозғалмай тыныш жат. Ертең келе- 
мін», – деді де шығып кетті. Шынында да оңа ла бастадым. Бірне-
ше тәуліктен соң жү ріп-тұруға халім келді. Сол кезде Асылбек 
маған шынайы жағдайды естіртті: сөйт 
сем, першілдерден – 
Бельдеников, Размазин және төрт медбике өліп, ауруханада 
Асылбектің жалғыз өзі қалыпты; уезд орталы ғы нан ешқандай 
жәрдем алмаған; өйт ке ні Павлодар мен Ақмолада сүзек эпиде-
мия сы қауырт күшейіп, өздері де дәрігерлік кө мекке зәру болған; 
оларға қарағанда, біз дегі өлім-жітім әлденеше есе кем болған. 
Сүзектен құтылып уһ деген кезде тырысқақ сап ете қалды. 
Бір ауылда екі кісі мерт болды. Олардың мәйітін өртеп, қора-
қопсысын құртып, маңайындағы құдық, өзен-бұлақтарды мұқият 
тексердік. Асылбек Павлодарға барып 500 адамға төсек-орын, 
палатка әкеліп, эпидемиямен күресетін отряд ұйым дастырды... 
Бірінші сәуірден қыркү йектің алғашқы жаңасына дейін 10 болыс 
ел ді түгел ақ тап, сауықтыру, тазарту һәм сақ тандыру шарала-
рын жүргіздік. Тырыс қақ та үш мәрте бұрқ етіп барып біржола 
тоқтады...»
Уезд басшылары жас білімпазға сенім көрсетті. Керекуге кенет-
тен шақырудың жай-жапсары Қаныш Имантайұлының өмірбаян 
құ жаттарында нақты баяндалған: Павлодар төң керіс комитетінің 
тұңғыш төрағасы, теміржолшы жұмыскер П.В. Поздняк орыс-
ша сауаты түзік азаматты бастапқыда уезд орталығында ұстап, 
мәндірек жұмысқа пайдалануды жөн көрген; алайда жас жігіттің 
денсаулық жайын білген соң ауасы шипа Баян ауылда қызмет 
атқаруға рұқсат етіпті; сол сапарда-ақ ол халық соты міндетін 
мойнына артып қайтады.
Ақсақалдар төрелігі мен билер билігінен өзге қазылықты 
естіп-көрмеген елге енді халық соты үкім айтпақ. Жуанның 
жұдырығында, өңеші кең кер билердің жемсауында талай заман 
теңсіздік көрген бұқара ха лық заң жүзінде де теңдікке жетпек. 
Кеңес сотының қара қылды қақ жарғандай әділ үкімін естіп, та-
лай жылғы есесін қайтармақ.
Жә, сонда қандай жол-жобамен?
Билікті қолына алғаннан бергі үш жылды толассыз шай-
қаспен өткізген жұмысшылар мен солдаттар өкіметінің заңдар 
кодексі туралы ойлауға мұршасы келмегені түсі 
нік 
ті. Қазақ 
даласындағы өкімет заң қабылдамақ түгілі, шекара шебі бел-


90
Медеу СӘРСЕКЕ
гіленіп, біртұтас республика болып толық құралған да жоқ. Сыр 
бойы мен Жетісу – Түркістанға қарайды; Ақмола мен Торғай
Жайық пен Есіл бойы, Астархан мен Атырау – Орынбордан бас-
қарылатын төң керіс комитетіне, ал Ертіс бойындағы қазақ уез-
дері губерния аталғанымен Сібір өлкесіне бағынышты. Бұхара, 
Қоқан хандықтарының иелігінде, Ташкент маңын әзірше ежелден 
қоныстанған қандастарының тағдыры беймәлім. 
Сайын далаға «Есім ханның ескі жөні мен», «Қасым ханның 
қасқа жолымен» төре лік айтып, бұрынғы билердің билігін үлгі 
етуге болмайтындығы және айқын. Бұған дейін даугерлерді бі-
тістіріп, дауласушы руларды бітімге жүгіндіріп келген, өз әкесі 
Имантай би қолданған ата жолы, ақсақалдар төрелігі әжетке енді 
жарамайды.
– Бостандық заңы бойынша үкім айтасыз, жас жігіт. Ақ пен 
қараны адаспай айыратын көзі ашық, оқыған азаматсыз. Төң-
керісшіл пролетариат қолыңызға берген құқық ты әділ пайдала-
нып, ар-инабатқа сүйеніңіз... Езіл ген бұқараның, жалшы қауым-
ның қорғаны болыңыз. Сонда ғана ісіңіз алға жүреді, халықтың 
сеніміне ие боласыз. Кеңес өкіме т і нің сенімді өкілі, жалынды 
үгіт шісі атану – сізге басты міндет! – деген-ді большевик Позд няк 
тұңғыш кездесуде.
Бұл міндетті жас азамат қалай атқарған?
Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін сол күндегі сот жұмыста-
рын ақтарып, нақты деректерге жүгіну шарт. Алайда судья 
Сәтбаев 1920-1921 жылдары қараған жұмыстарының дені сақ-
талмаған...
Сондықтан көз көргендердің естелігіне жүгінеміз:
– Азан, Сазан деген дәулеттілерден кедей Қоқының көп жыл-
ғы еңбегін әперген;
– Найзабекұлы Оспанбайдан, Рақымбайдан еңбекақы даулап 
келген жалшыларына есе кескен;
– Мұстафа баласы Шәпи болыстан ақы даулаған қоңсылары-
ның жұмысын үлгілі сот мәжілісінде қарап, даугерлер пайдасына 
шешкен.
Ел есінде сақталған елеулі оқиға – Фатима қыздың дауы: 
Қозған еліндегі беделді бір атаның сұлу қызы Фатима жастай 
атастырылған күйеуіне барғысы келмей, өз ауылын дағы көрікті 
сері жігітпен көңілі жарасады. Қыздың қайын жұрты намыс 
қуып, қызды зорлықпен байлап әкетеді. Қыз бірақ барған ауы-
лында да өжеттік көрсетеді. Жәбірленушінің аз-маз оқуы әрі за-


91
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ман тынысын аңдаған зерделілігі де болған сияқты, арызын өжет 
қыз өлеңмен жолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет