Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет40/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   244
«Қоңыр күздің аяғы-ау деймін, Шорман ауылына әлдеқалай 
шаруамен барғанымда бидің немересі Зынданың Оспан деген 
жалшы жігіті мені оңашалап: «Мырзаның еркетотай қызы 
сені іздеп отыр, жұрт қа бай қатпай жолық...» – деп сыбырла-
ды. Маған қызық керек, белең бере терезесі алдынан өтіп едім, 
бойжеткеннің өзі сыртқа шығып, орамалға түйілген бірдемені 
жанқалтама сүңгітті де: «Сөдия мырзаның жауабын Оспанға 
айт, өзің маған енді жолама!» – деді. Бар болғыр жап-жас, оң 
жақта отыр ған кезі, ал көркемдігін сұрама, хордың қы зын дай 
десем артық емес; екі көзі қарақаттай, белі де талшыбықтай 
бұралған... Сезе қойдым: сайтан қыз біздің бозбалаға ын тық бо-
лып қалған... Қан кежан қыздың хатын оқыды да: «Ұйық тап 
қалма, ай туа барамыз», – деді. Жазған құлда шаршау жоқ, 
Қанкені түн орта сын да ертіп бардым. Екі атты қалмақша 
қаңтарып, өзеннің биік жарының астына қалдырып кеттік. 
Терезені көрсетіп, бү кең деп кейін шегінсем – жас серігім қай-
та шақырды. Сөйтсем, терезесі есіктей ең 
селі ағаш үйдің 
жақтауына қолы жетпей діңкелеп тұр екен. Амал қанша, 


96
Медеу СӘРСЕКЕ
еңкейіп тұра қалдым да арқама мінгізіп, ішке қарай ытқытып 
жібер дім, сайтан қыз терезені ашып қойыпты... 
Жастардың құмарлық ісі біте ме, ат қалған жарға сері жігі-
тім таң бозара кел ді...»
– Нұр-аға, мұныңыз енді қисынсыздау әңгіме, – деп, мені осы 
ауылға ертіп келген ғалымның немере інісі Тәрмізи Имантаев 
ақсақал үй иесіне дау айтып еді.
Нұрекең кенет қиқылдап күліп:
– Әй, сен, Тәрмізи, қызықсың, сонда сен, Қанкежанды еркектің 
сорлысы еткің келе ме, өзің сияқты можантопай көресің бе? – 
деп дүрсе қоя берді. – Бос сөз! Қанкежан біздің өмірдің қызық-
шыжығын армансыз көрген, құдай тағала оған адам баласына 
тән қасиетті мол дарытқан. Ол әуелетіп ән салғанда, тыңдаушы 
жұрт сілтідей тынады, әншілігі сондай! Ал қараңғы үйді жарық 
қылғандай аппақ борықтай жүзін, нұрлы келбетін, адамды өзіне 
баурап тұратын сипатын сірә да айтып тауыса алмайсың. Жүрген 
жері ойын-сауық, білімі болса – ұшан-теңіз, әмбе өкімет сеніміне ие 
болып жүрген төре жігітке, өзің айтшы, кім қызықпайды?! Жоқ, 
Тәрмізи шырақ, ажары түзік қыз-қырқынның оған құмартпаға-
ны кемде-кем...»
Демек, сол қарсаңда жиырманың межесінен өткен жігіттің 
аяғын шырмап, отау үй түзеудің де уақыты жеткен. Әлбетте, 
ғасырлар бойы қа лыптасқан ата-баба дәстүрінен ол да тысқары 
қалмаған. Ол істің жөн-жобасы тегінде Қа ныш тың жас күнінде, 
«Ағаш үйдегі мектепке» қатынап жүргенде қаланған...
Имантай би әлдебір даулы мәселемен Қар қаралы атырабындағы қалың 
қаракесек ішіне жолаушылап барып, сірә, қайтар жолда өзін дей дөңгелек 
дәулетке ие, балалы-шағалы шағын ауылға құдайы қонақ болады. Ауыл иесі-
нің есімі – Смағұл, артық-ауыс сөзге жоқ момын кісі екен. Биге қо нақжай 
ауылдың бәйбішесі ерекше ұнайды, биязы жы миып отырып, отбасының ша-
руасын тү гендеген ебін де аңдаған. Бейтаныс қонақ аттанарда сыр тартып: 
«Құсжан бәй бі ше, біздің үйде бір асыл кездік бар еді, соған лайық қынды 
сіздің үйден көрдім. Сабақты ине сәтімен деген, бәйбішемді жі 
берсем – 
соның жөні қалай болар екен?» – дей ді білем. Ақылы кемел әйел қаржас 
биінің тұспал сөзін бірден ұғып: «Жіберіңіз, бәйбі шеңіз көңілімізден шықса, 
бәлкім, нәумез қайтармаспыз...» – десе керек.
Сол жазда-ақ Нұрым бәйбіше ақсақалының тапсырмасымен атқа қонып
қарғыбауын артынып та, айдатып та барып, Смағұлдың Шәрипа есім 
ді 
бүлдіршін қызын Қанышқа айттырып, құй рық-бауыр жесіп, құда болып 


97
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қайтады. Содан бері он шақты жыл өтті. Екі ауылдың арасы жақындамаған-
мен, көңіл ортақтығы суыған жоқ. Қаныштың оқуы түгесілмей, ауыр сыр-
қатқа ұшырауы ғана бұл істі біржола тындыру мерзімін біршама кейіндете 
берген-ді. Енді, міне, ұзақ оқу тәмам болып, қызметке шықты. Ел іргесі 
бүтінделе бастады. Екі жақтағы ата-ана да баяғы уәделерінен шығып, екі 
жасты қосуға қам жасаған.
Алайда Қаныштың өзі түрліше сылтау айтып, сол шаруа-
ны кейінге ысырады. Қартайған әке-шешесінің көңілін суытып 
біржола «жоқ» демейді, әлі де оқығысы келетінін айтады, ты-
нымсыз қызметін де көлденең тартып, біраз жаттығайын дейді. 
Кенжесінің түсініксіз сырғақтауын жаратпаған әкесі күндердің 
кү 
нінде қамығып отырып, жетпіс бестің қыр 
қасына шыққан, 
төрден гөрі көрге жуықтаған кексе шағында төс түйістіріп, аспен 
бекіткен құдалықты бұза алмайтынын, ана дүниеге де әке лік па-
рызын өтеп аттануды қа лайтынын төндіре айтып, ақырында: «Сен 
өзі қалыңдығыңды ұнатпай жүрсең – сол жаққа бір мәрте барып, 
Шәрипаны көріп, ұнатпасаң – басың азат демейсің бе? Біреудің 
оң жақта үкілеп ұстап отырған бейкүнә перзентін жіпсіз байлап 
қойғанымыз қалай болады?» – деген-ді.
Сол сөз түрткі болып, Қаныш Қарқаралыға аттанды. Қалың-
дығын көріп, аз-кем тілдескен білем. Бұрынғы уезд орталы-
ғындағы қазақ мектебінде бірнеше жыл оқыған, көрік-жүзі тол-
ған айдай көңілге толымды, нәркес көз, қыпша бел, сол күнде он 
тоғызға аяқ басқан Шәрипаның сұлу келбетіне байыпты мінез-
құлқы сай екеніне тәнті болады. Айтып-айт пай не керек, салқын 
қабақ аңғартып жүр ген сері жігіттің өзі де кенет елігіп, ауылына 
келген соң әке-шешесіне: «Айтқандарыңыз болсын!» – десе ке-
рек. Әрине, қажы ауылының үл кендері жедеғабыл әзірлік жасап, 
Қарқаралының күншығыс бөктерін қыстайтын Сма ғұл ауылына 
сән-салтанатын оңдап, жастар тобын аттандырады. 
Осы оқиға жайында сол ауылдың ескі көзі Жұмаш Шәдетов 
ақсақал бертінде бізге мынадай әңгіме айтқан-ды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет