Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет52/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   244
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра 
тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен 
кеш сермедім...» – деп тақпақтаған Қаныш кексе серігіне жымия 
қарап, Абай өлеңінің мәнін орысша жеткізді.
– Иә-иә, дәл айтасыз. Тап сол өлең! Тегі, Ибрагим Құнан-
баев – үлкен ақын! Мен танитын білімді қазақтардың бәрі де солай 
дейді. Ақын ғана емес, сірә, ерекше кемеңгер адам. Өйткені, ғапу 
етіңіз, сіздерден кем оқыса да, көп жайтты артығырақ ойлаған, 


126
Медеу СӘРСЕКЕ
ұрпақтарын да білімдарлыққа тәрбиелеген. Мысалы, бел баласы 
Тұрағұл Ибрагимұлы нақ сондай адам, өз бетімен оқып-тоқығаны 
көп, Шығыс қана емес, орыс әдебиетін жап-жақсы біледі... 
Тегінде, мен білетін қазақ зиялылары шетінен өте талантты жан-
дар, тек тереңдеп оқымаған. Айталық, сіздің немере аға ңыз Әбікей 
Зейінұлымен сұхбат құру – мен үшін үлкен тағылым! Жуықта ол 
кісі маған қазақ жастары жаппай құлшынып, оқу жолына түсе 
бастады дегенді мақтана айтты. Мен де ол кісіге: «Бұл тамаша 
құбылыс!» – дедім. – Он-он бес жылдан соң, демек, жеміс күтуге 
болады. Гимназия, семинарияда оқитын жас түлектерге олар 
ұстаздық етеді. Сөйтсе де, шырақ, сіздің халықтың перзенттері 
техникалық білім алуға да ұмтылса игі. Мына даланы жаңа 
өмірге тезірек бейімдеу үшін бұл да керек кәсіп. Сіздің әулетті мен 
біршама білдім дей аламын. Жастары шетінен дарынды. Әсіресе 
сіздің туған ағаңыз Бөкеш... Неге оқымаған, түсін беймін, болыс 
төрағасы, ғапу етіңіз, бұл енді қазіргі жағдайда соншама мәнді 
қызмет емес. Немесе сіз өзіңіз, әрине, сіздің ұлттың мінез-құлқын 
жете білем деп айта алмаймын. Сөйтсе де, Қаныш, кейбір білімді 
жастар шенеунік болуға ерекше құмар...
Михаил Антоновичтің әңгіме дуына бе ріл гені сонша, тоқтап 
тұрғанын ұмытып, жас серігіне әредік күлімсірей қарап ақтарыла 
сөйлесін. Қаныш та бір өзі үшін аса қымбат сәтті ешқандай бөгде 
сөз, көлденең әрекетке қимағандай еміне түсіп беріле тыңдаған-
ды. Тек әлден соң:
Сіз, сіз, шыныңызды айтыңызшы, маған да оқы дейсіз бе? 
Әттең, кеш қалдым ғой, Михаил Антонович! – деді даусы дірілдеп. – 
Әмбе, жал ғыз емеспін...
– Оқығың келсе, қымбаттым, ешқашанда кеш емес!
– Менің жасымда сіз институт бітіріпсіз. Ал мен балалы шә-
кірт атанып... 
– Шәкірт, шәкірт!..– Профессор кенет атын тебінді. Сірә, 
әлденеге шамданып қалғандай. Екеуі енді үзеңгі қағыса қатар 
жүр ді. – Біле білсең, мен қазір де шә кірт пін. Иә, иә, өмір бойы 
шәкіртпін. Оқуға құныққан адамның ізденісі ешқашан тоқ-
талмайды. Құдай тағала үйренбеуден, біл дім, толдым, болдым деу-
ден сақтасын. Онда тоқтағаның емес, оңбағаның! 
– Оқығым келеді, – деді сөдия жігіт біраздан соң. – Әрине, 
туғандарым, үй-ішім қар 
сы. Оның үстіне кеуде сырқатым да 
аяғыма оралғы болып, адымымды ұзатпады.


127
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Шынымен оқығың келсе, Имантай ақ са қалмен мен-ақ сөй-
лесейін, әкең – заманды терең түс інетін ақылды адам, – деді Усов 
қуанып. – Томға келесің. Сібірдің ауасы екеуміз дің дертімізге 
теріс болмас деймін. Тек онда қымыз жоқ, тамақ та тапшы.
– Әкеймен өзім сөйлесейін. Сіз уездік ревкомға, қайтар жолда 
губерния басшыларына құлаққағыс етіңіз. Қызметімнен босат-
сын. Қайбір еріккендіктен сот болып жүр дейсіз, ел ішінде сауат-
ты кісілер аз. Кім біледі, ешқайда жібермейміз деп кедергі жасауы 
мүмкін.
– Жібереді, жібермей көрсін! – деп қатуланған Усов қамшысын 
көтерді. – Ұлан-ғайыр даланың жерасты қазынасын халық игі-
лігіне тезірек жарататын инженерлер сөдиядан гөрі керегірек 
екенін Кеңес өкіметі сөзсіз көтереді. Қам жеме бұған, босайсың! 
Бұл шаруаны, шы рақ, маған қалдыр!..
– Жер өндіріп алсақ қайтеді, Михаил Антонович?
– Мейлің, тек ұзаққа жарамаспын. Бараба шаруасының ұрпағы 
болғаныммен, кабинетте шалбар тоздырған қағаз кеміргіш еке-
німді ұмытпаңыз, қымбаттым.
Қаныш тортөбел атқа қамшы басты. Ауыларалық шолақ жа-
рыстарда бәйге алып жүрген шыға шаппа жүйрік жылқы еді. Шу 
дегеннен серігінен оқ бойы озып, алға шығып кетті. Қонақтың 
астындағы аймаңдай торы ат ұзыны есік пен төрдей, көлденеңі 
де бірталай, бір көрерге көрікті жылқы болатын. Жүрісі жай-
лы, қылтың-сылтыңы жоқ жуас мал болған соң мейманға әдейі 
мінгіз ген, әкесінің төл аты. Ә дегенде Қанышқа елі гіп біраз жер 
шапқанымен, тортөбелдің жуық маңда жеткізбейтінін ұқты да, 
Усов тізгінін тартып, қояншоқаққа ауысты. Қа ныш та атының ба-
сын тежеді.
Профессор серігі қуып жеткенде, ол тортө белдің ылпылдаған 
жол жорғасымен баяу тербетіліп, ән шырқап келе жатыр еді. 
Михаил Антонович жас жігіттің құйқылжыған көңіл күйін бір-
ден ұқты: сірә, әлденеге қат ты тебіреніп, сол қуаныш бебеу қағып, 
сырлы әуенге айналып, өз-өзінен ән болып кө кі регінен төгіліп 
келе жатқан тәрізді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет