267
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өңді қазақ жігіті көтерілді. Жете білмейтін адам нұрлы шы райына
қарап, отыз беске келген сақа геолог деп ойлауы екіта лай. Әлде
ұяң, әлде жаратылысы солай – өзіне телміре қадалып, тым-тырыс
тынған көпке жасқана көз тастады. Сонсоң тамағын кенеді.
– Қадірменді қауым! Ғылым иелері және геолог әріптестер!
Жезқазған кенінің қоры мен келешегі туралы дау бүгін туып отыр-
ған жоқ. Бұл жөнінен ол – сақал-шашы ұзарған ескі дау, кеніштің
өзі де дүйім жұртты мезі қылған бақытсыз кен!.. – деп залға барлай
қараған, әзілін қауым қабылдаған тәрізді, бірталай кексе езу тар-
тып қозғалақтап қалды. Сол да демеу болғандай, одан әрі бөгелмей,
кібіртіктемей көсіле сөйледі. – Жезқазған қыртысында әр түрлі
уақытта көптеген геолог бар лау жүргізген; оның кен үлгісін талай
білімпаз ту алысқа жәшіктеп та сып, қызыға қараған; тіпті шеттен
келіп, мұхиттың арғы бетіне алып өткендер де болған... Алайда
тап бүгінге дейін Жезқазған аймағы келелі талқы, түпкілікті кесім
естімей, қиыр даланың қалтарыс бір түкпірінде елеусіз жат қан,
геологиялық жөнінен табиғаты мәлімсіз, жа ратылыс-тегі жұмбақ
кеніш болып танылмай келді. Ал бүгін Обручев, Архангельский,
Байков, Самой лович тәрізді қадірлі академиктеріміздің тікелей
жәрдемімен, жезқазғандық кен іздеуші қарапайым геологтардың
өтінішіне ынта қойып қалтқысыз демеуімен тұңғыш рет беделді
зор жиын алдында ғы лыми талқыға түскелі отыр. Бұған да біз зор
ризашылықпен тәубе дейміз!..
Бұдан әрі баяндамашы бостағай сөзді қойып, залға жиналған
зиялы қауым ның көпшілігі есімін тұңғыш естіп отырған Жез-
қазған-Ұлытау өңірінің таңғаларлық қазба байлықтары, оның
қазіргі күнге дейін барланған кен қоры мен ғажап мүмкіндіктері
туралы егжей-тег жейлі әңгімеге көшті.
Достарыңызбен бөлісу: