260
Медеу СӘРСЕКЕ
дым», – деді төмен қарап... Былай шыққан соң Ахмедия айт-
ты: «Әй, Халеке, саған ғана емес, әлгі сөз бәрімізге тиді. Сабаз
шын қысылып жүр екен. Бұрын көр
сетпеген мінезін бүгін
көрсетті! Ұят болды. Өлсек те енді бурабайдың басында өле-
й ік. Азаматтың сағы сынбасын, біз деп жанын жалдап жүрген
ер емес пе?!» Жігітте рім сайдың тасындай жайсаң еді, не ке-
рек, сол айдың жер тесу жоспарын өлермендік жасап орындап
шықтық».
ПАВЕЛ ПРОКОПЬЕВ:
«Сол кездегі адамдардың төзімі мен
жанкештілігіне мен осы күнге дейін қайран қаламын. Күніне
15-16 сағат жұмыс істейміз, кейде жатаққа қайтпай, бура-
бай басында түней
тін кезіміз де жиіледі. Сондағы алатын
еңбегіміз қанша десеңізші?.. Бойдақ кезім. Аға коллектордың
міндетін атқарып, кіші жұмыскердің еңбегін аламын. Кейде
сол да тимейді. Бірақ сыр бермей, көппен бірге шыдап бақтым.
Ал балалы-шағалы жұмыскерлер қалай төзді соған?.. Қаныш
Имантайұлында, әрине, маза жоқ. Бурабайға келсе бірімізге
темекі, бірімізге насыбай сыйлап, жайымызды сұрап, істеп
жатқан жұмысымызды асықпай көреді. Сонсоң «Шыдаңдар,
жі гіт тер!» деп көңілі мізді аулап, бірер күн қасымызда жүреді
де, тағы да қаражат қамдауға аттанады. Кейде Қоңырат,
Ащысай сияқты өнді ріс терге барып, солардан қалған-құтқан
жабдықтар сұрап әкеледі. Біздің ісмерлер де құрал жоқ деп қарап
отырмай, ескіні құрап, кейде жоқты қолдан жасап тырмысып
бағады. Соның бәрі барлауды тоқтатпаудың амалы, қайткен
күнде Жезқазғанды дүйім елге таныту!..»
ІІ
Тырбанған мезі тірлікпен 1933 жыл да өтті.
Барлау тоқтаған
жоқ. Бірақ былтырғымен салыстырғанда ізденіс деңгейі күрт
төмендеді. Былтыр бір ғана Жезқазғанда 196 ұң ғыма бұрғыланып
еді, қазіргі соның үштен біріне де жете алмады (небәрі 59). Ал
алдағы жылда? Бір ғана үміт – «Биылғы қаржы бөлініп кетті,
келесі жылы болмаса...» деп сырғытпа жауап естірткен мекеме-
лерде. Амал не, олардан қайыр болмасына жыл басында-ақ көзі
жетті. Бас басқарма қаржы беруден үзілді-кесілді бас тарты.
Өткен күзде әр жерден там-тұмдап түскен қаржымен жұ-
мыскердің жыл басынан бергі еңбегін төлеп, кейбір қосалқы цех-
тарды комбинаттан қайтарып алып, жағдайды біршама түзегендей
261
ШЫҒАРМАЛАРЫ
болған. Жетіспейтін жабдық, тетіктерін де түгендеп, жаңа жылға
тоқ көңілмен шыққан-ды. Соның бәрі енді зая іс болды:
қосалқы
шаруашылықтарды қайыра өткізді; бұрғылаушылар тобын да
сиретіп, бірталай жұмыскермен есеп айырысты...
Амал қанша, былтырғы кәсібіне қайыра кірісті.
Алтын барлау ұжымы өткен жылғы ізденіс нәтижесіне риза
екен. Мық пен Обалыдан алынған ақтас үлгілерінен көп-көрім ал-
тын шығыпты; «Демек, сіздермен істес болу бізге тиімді!..» – деп
ұжым басшылары Сәтбаевқа ілтипат білдірсін. «Біздің де биылға
сақтаған сыйымыз бар сіздерге. Әжім, Ақшоқы деген төбелер
іргесінен бірнеше жыра қазғанбыз. Шашыранды алтын желісін
кескен сияқтымыз. Шүбәсіз анықтау үшін, әрине, шурфтар қа-
зып, әлі де барлау керек!..» – деген мәлімдемесін естіген соң-ақ,
Алтын барлау тресті қолқ етіп: «Бәлкім,
сіз мыспен шұғылдануды
қоя тұ рып, күллі тобыңызбен бізге ауыссаңыз қайтеді? Бәрібір
сіздің бұл саладағы еңбегіңізді Главцветмет елеп-ескеріп отырған
жоқ. Ал біз, Қаныш Имантайұлы, қолыңызды қақ пай мыз, қа-
ражатты тілегеніңізше аласыз, күллі Қазақстан атырабын кезсе-
ңіз де ер кіңіз!..» – деп күтпеген ұсыныс жасаған. Ұлытау аты-
рабының келешек бақыты – алтын емес, күміс те емес, мыспен
байланысты екенін Қаныш инженер өте жақсы білетін.
Сондықтан
да келіскен жоқ. Былтырғыдан да қомақты қаржы алып, соған
лайық барлау жасауға міндеттеніп шартқа отырды.
Көмір институты мен Лак-бояу тресімен де оп-оңай келісіп,
былтырғы шарттарын одан әрі ұзартты. Уәдеге бекем әрі тиянақты
ісімен үмітін ақтаған маманға ілтипат білдіріп, «Қысталаң жағ-
дайыңызда сізге көмектесу – борышымыз!» деп, жадау көңілін
демегеніне ризалық айтты.
Әлбетте, бәрінен де алған қаражат Жезқаз
ғанның кен тө-
белеріндегі күйбең тірлікті одан әрі жалғастыруға дәнекер болды.
Сөйт се де?.. Өздері тап болған сергелдең қашанға дейін созылады?
Кім соған тосқауыл қоя ды?..
Жыл басында билеуші партияның XVII съезі шақырылған.
Жезқазғандағы
зиялы көптің назары, әрине, «Жеңімпаздар съезі»
атанған коммунистер құрылтайының газеттерде жарияланған
күнделігіне ауған-ды:
«Жезқазғанның қоры күмәнсіз анықтал-
Достарыңызбен бөлісу: