Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет111/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Кен орнының геологиялық күрделі сыры әбден анықталды 
деуге болмайды, өйткені зерттеу аяқталған жоқ. Сөйтсе де оның 
генезисі – жаралу, тү зілу тегі хақында өзімізше пайымдаған пі-
кіріміз бар. Біздіңше, кен белдемінің тү зі луін жер жыныстарының 
ішінара, пласт бойынша тереңде жүрген күрделі тектоникалық 
құбылыстармен байланыстыра қарау керек. Әсілі, сол байла-
нысты дәл анықтау  кен қабаттарының ҚАЙ ДА, ҚАШАН, 
ҚАНДАЙ ТЕРЕҢДІКТЕ орналасқанына бастар нұсқа болмақ... 
Көңіл бөлер бір жайт: кен белдемі, кейбір зерттеушілер айтып 
жүргендей, бір мезгілде емес, бірнеше кезеңде түзілгендігі. Тереңге 
жүрген ұңғымалардың тік қимасын көрген адам бұған шүбәсіз 


268
Медеу СӘРСЕКЕ
иланады. Шынында да, кен қабаттарының орналасу жүлгесі 
шөгінді жыныстардың дестесін қайталап отырады. Жезқазған 
структурасының бұл – басты ерекшелігі. Соған қа 
рап кен 
қабаттары көне заман теңіздерінен тұнған шөгінділермен бір 
дәуірде, яғни мыс еріген қанық ерітінділерден түзілді деп еріксіз 
ойлайсың. Сондықтан да бізден бұрынғы зерттеушілер Жезқазған 
генезисін тұнба текті деп жорамалдады. Ал біз бұған мүлдем 
қарама-қарсы пікірдеміз. Иә, струк 
 
тураның жоғарыдағы 
дай 
мойын бұрғызбас айғағын көре тұра солай дейміз. Баяндамашы-
ның өзі және оның жезқазғандық әріптестері кен генезисін тұнба 
емес, гид ротермалдық (яғни жыныс жарықшағына көтерілген ми-
нерал ерітінділерден тү зілген – М.С.) текте түзілген деп есептей-
ді. Неге? Біздің ойымызша, кен түзуге миллион жылдар көші ғана 
емес, арғы-бергі замандарда жүрген күрделі тектоникалық про-
цестер де айтарлық тай әсер еткен. Бұған дәлел: мысқа қанық 
көне теңіз дің шөгінді тұнба ларынан ірі амфибиялар (құрлықта 
да, суда да өмір сүре алатын қос мекенді жәндіктер иә өсімдік-
тер – М.С.) қал дықтарының табылуы... Демек, кен желілері теңіз 
шөккен кезде ғана емес, құр лық түзілген мезгілде де пайда болған. 
Кен орнының генезисін қайта қарап, ғылыми жаңа концепцияға 
көшу бізді бұрынғы зерт теушілер аңғармай кеткен қисапсыз 
мол олжаға жо лықтырды. Қысқасы, тұн ба текті теория бойын-
ша ешқашан болжауға болмайтын «бос» қабаттардан әрқашан 
кен желілеріне кездесіп отырдық. Жезқазған қыртысындағы кен 
қоры ның соңғы жылдарда керемет өсіп, дүниежүзі лік аренаға 
шығуы да осында. Гидротермалдық тектің пайдасына осының 
өзі-ақ жеткілікті айғақ емес пе?..» 
Даусы саңқылдап естіледі. Аққұба жүзі албырап, нұрлы 
шыраймен жады 
рай түс 
кен. Бастапқы кідірісі, үніндегі діріл, 
әредік та мағын кенеп қобалжуы ұмыт болған. Барын асырмай, 
жоғын жасырмай, қалтқысыз жүректен досжар қауым алдында 
жан сырын, дүдамал кү діктерін тежеусіз ақтарып тұр...
Қарашаның он бесіне дейін созылған жиында Қаныш Сәтбаев бес 
мәрте мінбеге көтерілді. Жалпы мәжілістерде, қайсыбір секция-
ларда тыңдалған баяндамаларының тақырыптары: «Жезқазған 
мыс кені ауда нының жалпы геологиялық сипаттамасы және 
оның металлогениясы; кен орнының генези сі, құрамы және қоры», 
«Жезқазған төңірегіндегі полиметалл кендері», «Жезқазған-
Ұлытау ауданындағы кеніштік ал 
тын», «Жез 
қазған айма-


269
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғындағы көмір ошақтары» және «Үлкен Жезқазғандағы отқа 
төзімді, флюстік, құрылыстық материалдар»... Соның бәрі бір 
ғана сауалға жауап береді: «Бұл ауданның шикізат қоры ора-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет