Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет229/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

 
ІІІ
Ұзақ та ыстық қауышудан соң екі машинаға бө лініп отырып
Теңдіктегі ауылға келген-ді. Сол күнде ол «Шадыра» кеңшары-
ның бөлімшесі.
...Президенттің бүгінгі жүріс-тұрысына біршама таңдан-
ғанымен Бөпежан соны құптаған ниетінен ауған жоқ: бір сәт мұңа-
йып, іле-шала балаша қуанғанын да ақтап, шынайы сағыныш 
осылай болса керек-ті деп те ойлаған-ды. Бірақ соның бәрі шексіз 
зорайып, межеден асып бара жатқанын көр генде не дерін білмей, 
қарсы тұруға және шарасы болмай шын қысылды. Тек жұлдыз 
жамырауға айналған кешкі сәтте, ғалымды қау малаған көптің 
сөзін бөле:
– Қаныш аға, ертеңгі мәжілісті қайтеміз? – деп уайым білдіре 
есіне салған.
Әңгімеге ден қойған көпшілік оның қамқорсыған сөзін 
ұнатқан жоқ. Кейбіреулері «Қой, шырағым, асықпа!» десіп, на-
разылық білдіріп күңкілдей бастағанда, ғалым өзі:
– Асықпа, Бөпежан. Бір реті болар, – деп тоқтау айтты. 
Бұдан кейін көмекші тіл қатқан жоқ. Үнсіз бақылаушы боп 
жайбарақат отыра берді.


598
Медеу СӘРСЕКЕ
Ғалымның тумасы Қамаш ақсақал қонақтарға арнап шалған 
құлынның уыз етін ортаға ала отырып, әңгіме-дүкен құрған аша-
май өңді кәрілер тобы сағынып көрген Қанышына бауырмалдық 
білдірумен бірге, сүйген жанның өзінен де сондай ыстық ықылас 
күтетін тәрізді: сөздерінде соның лебі, көздерінде соның ізі 
жатқандай...
Бір-біріне ілтипат білдіріп, екі заман әңгі месін кезек толғаумен 
отырғанда түн келесі күнге ауып, таң сызат берді.
– Ал, рұқсат етсеңіздер, аттанар едік, – деді қонақ. Кездескен-
нен бері жасап отырғандары – көңіл қимастыққа салған қысас 
екенін білетін қауым төрдегі үлкендерге ошарыла қарады, ал олар 
рұқсат та деген жоқ, болмайды деп кесіп те айтпады. Көбінің күр-
сініп, ауыр дем алғаны сезілді. Бөпежан ғана президентті қостап:
– Таңғы салқынмен жолды үдетіп алғанымыз жөн ғой, – дей 
бергенде, алпамса денелі қарт тың саңқ еткен зор даусы оның әлсіз 
үнін көміп кетті.
– Әй, Қаныш, туған жұртыңның бағанадан бері сенен батып 
сұрай алмай отырған бір тілегі бар. Соған «жә» десең аттанасың, 
ал көнбесең ұлықсат жоқ. Сені жиналысқа шақырған адамдар да 
біздей ет пен сүйектен жаралған пенделер болар-ау, осында бір қа-
уым ел отырмыз, босатпасақ бармайсың!
Қаныш Имантайұлы еріксіз кідірді. Бө пежан да ғалымның 
лебізін ести сала іле жөнелмегеніне өкініп, төрдегі үлкендерге 
жалтақтай қарап, босағада тұрып қалды. Осындай кереғар өті-
ніштер, келеңді-келең сіз тілектер ғалымның алдынан әр дайым 
ке зіге беретін. Қабылдау сұрап алыстан келгендер дің кейбірінің 
өресі бір күндік құлқын тіле у і нен аспай, ұсақ-түйек боп кететіні де 
бұ ған таныс. Мына шал да соның бірі болмағай?.. Бірақ үні өктем 
шықты, бұйыр ғандай ыңғай танытты. Сірә, қомақтылау қолқа. 
Сонда не? Осы отырған қауымда ға лымның туған жеріне сирек 
келетініне өкпе-наз болғанымен, кейбір сапарларда көлденеңдей 
қалатын тілену кезікпеген-ді. Өзге мекендерден гөрі бұл ауылдың 
соған хақысы бола тұра, өз еншілеріне тиген бір кешті күйкі іске 
салмауы көмекшіні ерекше қуантқан. Мұны ол осы елдің білім-
ділігіне, ізет тілігіне сайып, ғалым туған жұрт тың іл кі өнегесі деп 
білген-ді. Ал мынау, ойда жоқта сопаң ете қалған өктем талап?..
– Айтыңыз, Мүке!
– Айтсам, басылып отыр, – деп Мұқыш қарт та маңғаз шырай-
мен баптана сөйледі. – Келін-кепшік пен жасы кішілер ұялып үн-
де мейді, өз тұстастарың әдеп сақтауда, ал мен сияқты ағаларың: 


599
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Қа шанғы жүреміз, даусын бір естіп қа лайық» дейді саған. Әніңді 
сағындық, жарқыным, бала күннен бізге мә лім кәусар үніңді тағы 
бір мәрте тыңдасақ деп күтіп отырмыз түгел. Сұрайтынымыз – ән!
– Ән?
– Дұрыс-ақ! Жөн сөз!
– Мұқыш аға тауып айтты. Бәріміздің тілеуіміз сол! 
Қаныш жымиған қалпы өзін қаумалаған топ қа аңыра қарады. 
Жүзі албырап, күлімдеген көз 
дері жайраң қағады. Бөпежан 
да Мұқыш шал ға қуана көз тастап: «Айналдым сендей ақылды 
қарттан!» – дегендей сүйсінуді ішінен білдірді. 
– Қай әнді айтайын? Тек біреуін ғана атаңдар.
– «Қанапияны» сұраңдар.
– «Ырғақтыны» айт.
– Жоқ, «Бүркітбайды» айтсын!
– «Бүркітбайды» айт. Сұрайтынымыз – «Бүркітбай!» – деді 
Мұқыш қарт.
«Бүркітбай» – Қаныш Имантайұлының бала жастан сүйіп са-
латын іңкәр әні. Сонау жиырмасыншы жылдары, осы елде халық 
соты болып қызмет істеп жүрген шағында, жиын-тойда, ойын 
қойғанда, әрбір сауық кешін осы елдің ынтық әні – «Бүркітбайды» 
айтқызбай тар қамайтын. Мына егделер соны ұмытпапты. 
Қолына тиген ескі домбыраны әуелі күй леп алды. Содан соң ән 
сазын бір қайтара тартып өтті. Тек содан кейін, «А-а!» деп тамағын 
кеней дауыстап алып, әнді бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет