18
Медеу СӘРСЕКЕ
бiлетiн игi әсе рiн сезiн ген. Шоқанның
ұшан-теңіз бiлiмдарлы-
ғына өмiр бойы тәнтi болып, өз ұрпағына сүйсiне әңгiмелеуден
жаңылмаған. Соған дәлел: біртуар азамат 1865 жылы дүние
салғанда, әкесi Шың
ғыс төре Жетi
суға, марқұмның мүрдесi
жерленген Алтын-Емелге өкілетті топ аттандырғанда, мiнәжат
етушілердің санатында нағашы жұртынан да (Шоқанның анасы
Зейнеп – Шорман бидiң тұңғышы)
бiрнеше кiсi қосылған, алыс
сапарға ықылас білдіргендердің бірі – жиырма жасар Имантай
Сәтбайұлы...
Имантай Сәтбайұлы Омбыдағы үш жылғы оқудан өзге мек-
теп көрiп, бiлiм алмаған. Бiрақ өз бетiмен iзденіп, білімін мо-
лайтудан өмiр бойы жаңылмаған,
ескі тарих, шешендiк сөз-
дерге, өлең-жырға, батырлық дастандарды тыңдауға ерекше
құмар болыпты, кейбiр әндерді домбыра сүйемелімен өзі де
көп-көрім шырқаған деседі. «Зарқұм», «Қызыл табан Хасен»,
«Шәкiрат» сияқты ұзақ қиссаларды әлденеше кеш жырлайтын
дүлдүл жыршыларды ауылында қонақ етіп,
сый-сыяпат берiп,
құрмет көрсеткен. Жасырақ кезiнде Имекең аңшылық, құсбегi-
лiк өнерді де меңгеріпті. Алайда ән-жырды қастерлегендей ұзақ
елікпеген деседі. Бәлкiм, өз ауылынан бұл өнер дің Мағаз (Жәмiн
Сәтбаевтың баласы), өз ұрпағынан Әбсәләм, Бөкеш тәрiздi хас бiл-
гiрлерi
жетiлген кезде құс баулып, тазы баптауды соларға артып,
өзі қызықтаушы болып қалған...
«Жас кiсiнiң Имекең алдынан өтуi оңай болмайтын. Тезге
түскендей, не профессорға емтихан бергендей сезім кеше-
тін, – депті академик Ә.Х. МАРҒҰЛАН ілгеріде біз сілтеме
жасаған есте лi гiн де
. – Өйткенi Имекең жастарға сын көзi
-
мен қарап, олардың болашағына зор ынтамен ден қойған… Бұл
туралы мынадай оқиғаны еске түсiруге болады: 1916 жылы, жаз
күнi, Имекең мен Сәкең (Сәдуақас Мұса ұлы Шорманов – М.С.)
әңгiме лесiп отыр ған да, екеуінің үстіне Қазанда оқып жүрген
бір топ студент кіріп келеді. Олардың ішінде заң факультетін
бітір гелі жүрген Мұқыш пен Базарбай бар. Студенттердің мі-
незі, сөйлеген өрескел сөз дері Имекеңе ұна майды. Ол кісі көзінің
қырын Сәкеңе тас тап:
– Мырза, осы балалардың оқуы, білімі Шоқанның оқуынан
қалай? – депті.
– Шоқанның оқуы бұлардан әлдеқалай төмен. Ол тек қана
кадет корпусын бітірді. Бұлар университет бітірейін деп жүр.
Арасы жер мен көктей.
19
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Менің ойымша, бұлар мен Шоқанның арасы да жер мен көк-
тей сияқты. Шоқанның ойына жете алмаса, бұлардың көп оқыға-
ны нан не пайда? Шоқан аз оқыса да көп тоқыған. Оның білімі,
ойы, бұларға қарағанда асқар таудай емес пе! Шоқан сөйлегенде
кәрі де, жас та, білімпаз да оны тыңдауға құмартып, бар ынта-
сын салып құлақ түруші еді. Шоқанның қасында бұлар кім? Екі
сөздің басын құрап сөйлей білмейді, ешкімді Шоқандай өзіне тар-
та алмайды. Тек тірі болғай... – деп ойшыл қарт сол кездегі жас-
тарды қатты сынайды...
Имекеңмен әңгімелесу бір ғанибет еді.
Ол кісінің XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған
оқиғаларды жүйрік білуі, оны төндіре айтуы жас кісіні білім са-
ра йына кіргізіп жібергендей әсер қалдыратын...»
Қазақ даласын ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатымен
XIX ғасырдың екінші жартысында
Баянаулаға келушілердің
Шорман мен Сәт бай ауылдарына ат басын бұрмағандары кемде-
кем. Сөйтудің түп себебі – өз заманының білгірлері Мұса, оның
үлкен баласы Сәдуақас (Омбы қаласында гимназия тәмамдаған),
солардың қақ ортасында зерделі білімпаз Имантай Сәтбайұлына
жолығып, сұхбат құру...
Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағының бірінші кітабының 653-бе-
тінде «Жоқтау жырларының үлгісі» жазбасына мынадай түсінік беріл-
ген:
«Бұл нұсқаны Бұхар жыраудың ұрпағы, баянауылдық белгілі жыр-
Достарыңызбен бөлісу: