Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет5/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

жете бiл мей мiн, есімде сақталмаған. Үлкендердiң айтуынша, 
керемет балажан кiсi болыпты. Әсiресе «Кенжетайым» деп менi 
ерекше жақсы көрген. Алдында жатып ұйықтап қалсам – оянып 
кетедi деп тырп етпей, қол-аяғы ұйығанын елең қылмай отыра 
бередi екен…» – деп сыр шерткен бертінде балаларына Қаныштың 
өзi. 
Сәтбай ауылының өткен ғасырдың 80-жылдарына дейiн өмiр 
сүрген есті егделерiнің жадында Әлима жайында бірлі-жарым 
айғақтар сақталған: ойлау қабiле тi өте күштi, сөзге ұста болып-
ты және орайын тауып сөйлеген; әсіресе ертек пен ескi жырларды 
сүйсіне шырқаған; жұмбақ, жаңылт паш айтқанда қарсыластарын 


13
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көп бiлетiндiгiмен, тапқырлығымен жеңеді екен. Ақ жеңешенiң 
ауылдастарына өз жанынан шығарып айт қан көп жұмбағының 
біреуі мынау: «Алыстан қара көр інді, қарайғанмен қара емес, 
қампайғанмен бөрi емес; арқасында азық көп, ірiмшiк емес, құрт 
емес, сары май емес, жент емес; жерге түстi, iн қазды, қарны 
өстi, сыздады, тиген жерi қызарды; бұл не?..» Қапелімде ешкім 
шеше алмайды, әлде өтірік білмегенсиді. Имекең нің кіші қосағы 
кенет жайраңдай күліп, іргені нұсқап: «Әне, бүйі кетіп барады, 
біреуің өлтіре салыңдаршы!» – деп жұмбағын өзі шешіп, жұртты 
күлдіреді екен.
Бергі жылдардағы сұхбат үстінде ғалым туған анасынан гөрі 
үлкен шешесі Нұрымды көбірек есіне алған. Нұрым бәйбіше 
ақсақалының кіші әйелінен туған балаларына ғана емес, барша 
ауыл-аймаққа мінезі жайлы, ешқашанда қа бақ шытуды білмейтін 
сабырлы, сонысымен де үлкен-кішіге сыйлы, қолы ашық, мей і -
рімді кісі болған. Ауылдастары оны «Нұр апа» атандырып, ерек-
ше құр меттеген. Әлимаға да сал қын қабақ көрсетпеген, әсіресе 
сырқаты меңдеген соңғы жылдарда бағып-күтіп, одан туған бала-
ларды қағажусыз өсірген.
Екі шешенің ортасында тел өскен, бүкіл ауылдың сүйіктісі 
болған еркетотай кенже ай санап жетіле берген. Қаз тұрды. 
Жүрген соң кешіккен жоқ, былдырлап тілі шықты. Үлкен-кішіні 
сәби қылығымен баурайтын бол ды. Ат көрсе мінем деп ұмтылады, 
тұғырдағы құсты да қолына алам деп талпынады, қозы-лақты 
ұстаймын деп қуады. Қалайда ұзақты күнге дамыл көрмей тым-
пыңдап жүгіруден жалықпайды.
Көп жылдар өтсе де, ауылдастары жадынан кішкентай Қа-
ныштың кейбір балалық қылықтары ұмытылмаған.
«Қанкежан біржосын тыныш бала болды, – деп әңгімелейді 
оны бесікте тербеткен Нұрлан ҚАСЕНОВ. Басы бақырдай үл-
кен еді, көп ұйықтайтын. Жер басып отырған шағында, жүре 
бастаған кезінде басы ауған жағына құлап, зәремді алғанын қалай 
ұмытайын. Би атам сол күннің өзінде: «Менің осы балам не сөз 
ұқпайтын мау бас, не елден асқан данышпан болады. Бас бітімі 
өзгеше зор жаралған дейтін-ді». Тағы бір ауылдасы САДЫҚ қарт: 
«Менің анық біле тінім – Қаныш бала болып өскен жоқ, кішкентай 
кезінен онда үлкен нің мінезі болды», – деп таңырқаса, ҚАМЫШ 
есімді замандасы: «Ойнап өспейтін бала бола ма? Қанышпен 
асық та ойнадым, алысып та ойнадым. Бізден ерекшелігі – бір 
ойынды көп ойнамайтын, тез зерігетін. Ойын үстінде әр алуан 


14
Медеу СӘРСЕКЕ
тапқырлық жасап, зейінімен ұтып кететін...» – деген куәлік ай-
тады. Ғалымның дербес мұрағатында мұндай естеліктер әлденеше. 
Мұқыш ШӘДЕТОВ естелігін де мынадай да оқшау ой айтылған: 
«Жайлауға шыққанда сиырдың өлі жүнінен доп жасап қақпақыл 
ойнайтынбыз, жалықсақ, әлдеқандай бір тақырды меншіктеп 
алып асық соғамыз. Қаныш та бізден қалмайды, тек ұзақ ойнап 
жарытпайды. Өзен табанынан ақ тас іздеп, көбіне өз бетімен 
лағып жүреді...»
Әрнеге әсерленген балақай ақ тасты, сірә, бір ғана қасиетіне 
бола қызықтаған. Өйткені қараң ғы түскенде, иә кешті күтуге шы-
дамы жетпесе, атасының кү пі сін бүркеніп, ақ тастарды бір-біріне 
соққыласа – көк жасыл ұшқындар шашып, айналаны от жаңбыры 
орап, таң-тамаша қы зыққа кенеледі. Есейе келе баланың талғамы 
өзгер ді. Жуа іздеп тауға шықса, сасыр алу үшін сайға құласа, 
көбелек қуып өзен жа ғаласа – әлдебіреу жолына әдейі шашып 
кеткендей-ақ түрлі-түсті әдемі тастар көзіне бірден ілігеді: жылан 
жонды шұбар ала, аспан реңдес жасыл көк, сынған беті шырша 
кескінді ирек-ирек, иә қолдан қиғандай қошқар мүйіз өрнегі бар 
ақшағыл, мөлдірлігі шыныдай опырылмалы жұп-жұқа тастар – 
бірде-бірі даланың қара қошқыл жертасына ұқсамайды, жараты-
лысы жұмбақ жыныстар... Қалайша тастап кетесің? Көтере алса 
сол қалпында, әйтпесе бір мұртын сындырып әкетеді. Кіш кен тай 
Қаныштың қалтасын тесетін құрт, ірімшік, асық емес – даланың 
нақышы бөлек жабайы тасы. Үлкен апасы аузын бүрмелеп арнайы 
тіккен асық қалта да ақыр аяғында тас салатын дорбаға айналған...
Сезімтал бала көңілі өзгеше ермек із дей ді. Сайын даланың 
бұйығы тірлігінен жалығып, қанат біте бастаған қиялы қияға сам-
ғар кең өріс тілейді. Әттең, жүріс-тұрысына тежеу көп. Оған се-
беп – екі ауылдың өзіне деген ерекше ілтипаты, әсіресе әкесінің 
өзгеше қам қорлығы. Көзінен титтей таса болса, өзінен қар ға адым 
қашық жүрсе, биден маза кетеді: кіші баласы әлдекімнен қағажу 
көретіндей күпір сезіктен сірә да арылған емес. Қаныш – соңғы 
қызығы әрі шаңырақ иесі. «Кенжетайым» деп марқұм анасы 
біліп атаған екен, бұл күнде ол шынында да кенже. Қаныш екіге 
толғанда Әлима қосағы дүние ден қайтты. Ара ағайынның «тағы 
да төсек жаңғырт» деген қамқор сөзіне Имантай құлақ асқан жоқ, 
қалған ғұмырын үш қарғасының жолына бағыштап, өмір кешуді 
жөн көрді...
Ойын баласына, әлбетте, ермек көп. Қаныш та барлық сәби 
атаулыға тән шалдуарлық қылықтың талайын көр сет кен. Ұйық-


15
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тап жатқан әпкесі Қазизаның қойнына құрбақа салып жіберіп, 
иә торға түскен жарқанатты қазандағы сүтке тоғытып үй ішін 
шошытқаны – Сәтбай ауылының үлкендері кейіннен ертегідей 
тамсана жыр ететін еркелік нышаны. Қыстаудың желкесінде бір 
беті түйетайланып біткен жалпақ тас бар. Балалар асықты көбіне 
соның үстінде ойнайды, ал қыста бұл жер – тамаша сыр ғанақ. 
Шошақ төбенің желкесіне кө те р і ліп, шанаңды ылдиға қарай қоя 
берсең – қарсы алдыңнан тымық күнде жел саулап, көзіңнен 
жас парлап құйындай ұшасың, ақыры өзен жарына барып бір-ақ 
тірелесің...
«Қаныштың Алыпсоқ дейтін иті болған. Бір күні қызық бол-
ды, – деп әңгіме шертеді Нұрлан ақсақал. – Күзеуден қораға ке-
ліп қонғанбыз. Шаруаның көбейіп, үл кен-кі ші түгелдей әбігерге 
түсетін беймаза мезгіл. «Пәлі, Кенжені қараңдар!» деген дауысқа 
жалт қарасам, қолында сүйреткен бірдемесі бар Қанкежан 
Қарамұрынның үсті нен бері түсіп келеді, соңында арсалаңдаған 
Алыпсоқ. Тұра жүгір дім. Қырдың сұр қояны екен, тамағынан ит 
қысып тастаған... Біз шаруа қамдап жүргенде, Қанкежан жаз 
бойы көрмеген үйреншікті ойын төбелерін аралауға шығады. 
Ажалы ғой, қалқан құ лақ сорлы қараған түбінен тұра қашыпты. 
Жүйрік Алыпсоқ қоя ма, дөң асыр май бас салған. Не керек, күздің 
қара суығында бүрсеңдеп жүр ген бізге аяқ астынан себеп табыл-
ды. «Балаң аңшы болды, өз бетімен қоян алды» деп, Нұр-апаның 
еркіне қоймай, марқа сойғызып, етке тойдық...»
Дүз аңына әуейілік – құртақандай Қанышқа әкесінен ауысқан 
өнер. Әділін айтқанда, аңқұмарлық оған үлкен ағалары Әбсәләм 
мен Бөкештің әсерімен дарыған. Ауылға қо нақ келсе, иә қар жау-
са, жігіттер аттарын суытып, тазы, құстарын баптауға кіріссе, 
кенжеден маза кетеді: үл кендердің соңынан қалмай елпілдеп жү-
гі р умен болады; аңшы меймандар неше түрлі әңгіме айтып, жоқ-
ты бардай етіп өті рік соғып жатса да, құлағы делдиіп, аузы ашы-
лып тыңдап отырады. Әсір е се Бөкештің Қарашаңырақ аталған 
қыран қаршығасын айналсоқтап, құсты жемдеуге көмектесіп, 
ағасы жоқта «Кәл, кәл!» деп шақырып, тұғырда мүлгіп отырған 
қыранды елеңдетіп қояр еді.
Көктем шыға ауыл жайлауға бет түзейді. Қаныш үшін бұл – 
сағынып күтетін ерекше күн! Бұл сәтті балалар қыс бойы шыдам-
сыздана күтеді. Төр жайлауға жеткенше неше тәулік жол жүру 
керек. Үрдіс жүрмей, жолшыбайғы бұлақ, суларда екі ауыл бес-
он күн тоқтап, мал мен жанға тыныс беріп, біртіндеп жылжып 


16
Медеу СӘРСЕКЕ
отырады. Көбіне қонатын жерлері – Батпақкөл, Шыбындыкөл, 
Шөптікөл, Айнабұлақ, Шабақайдың басы, Нияз таулары...
Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері өзгеше. Шыр етіп 
жерге түскеннен бері ол соның аясында. Даланың шыжыған 
ыстығын да, қарлы боран, қақаған суығын да қаршадай кезінен 
көріп пісіп-қатқан, бәрі-бәріне көндігіп, күн санап, жыл санап
қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап 
жеті ліп те келеді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет