Сәрсенбиева Әлия



бет4/7
Дата28.04.2023
өлшемі199,29 Kb.
#87654
1   2   3   4   5   6   7
Ой операциялары
Адамныңойы бір жолмен, бір ағыммен ғана жүрмей, бірнеше жолдармен, тәсілдермен әрекет етіп отырады. Ой тәсілдеріне анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыружатады.
Анализ – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Анализ (талдау) тәжірибелік (ойлау-сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді.
Синтез – бұл әр түрлі бөлшектер, қасиеттер мен әрекет – қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Анализ бен синтез тұтас нәрсенің қарама-қарсы екі жағы. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, демек ой тәсілінің осы екі түрін қатарынан қарастыру керек.
Абстракциялау дегеніміз – ұғымдардың кездейсоқ белгілеріне көңіл аудармай, тек маңызды ерекшеліктерін оқшаулап бөліп алу.
Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Яғни, жалпы ұғымдардан жалқы, нақты ұғымдарға көшу.
Топтастыру – заттар мен құбылыстардың, жағдайлардың топқа және шағын топтарда белгілеріне қарай ойда топтастыру және біріктіру.
Салыстыру – бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой-әрекет. Салыстырудың түрлері: а) бір жақты; ә) көп тарапты; б) үстірт және тереңдей; в) тікелей және жанама.
Гипотиза – болжау, жағдайларды шешудің проектісі.
Инсайт – кейбір мәселелерді тез арада шешуді түсіну.
Ойлау түрлері-
негізі үшке бөлінеді: Көрнекті- қимылды ойлау-дәл жағайға негізделген
Бейнелі ойлау-еске алу арқылы ойлау
абстракті-логикалық ойлау- заттарды еске түсіру емес, дерексіз ұғымдар мен түсініктерге негізделген.
Интуиция- ойлау үрдісіне көмектесетін жағдайлар мен себептердің қорытындысы.
28. Сөздік-логикалық ойлау — ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды, логикалық кұрылмаларды пайдаланатынымен сипатталады
29. Зейін -назар, ілтипат, внимание, дегеніміз психиканың белгілі бір объектілерге бағытталуы, соларға қадалушылығы. Қысқа және мерзімді.
Зейін бұзылуы- алаңғасарлық -еріксіз оңай назардың бір нәрседен екінші нәрсеге ауысуы.
Бір бағыттылық- назардың бір нәрседен екінші нәрсеге қиын ауысуы.
Зейін түрлері- ерікті осыны ырықты, еріксіз бұны ырықсыз, үйреншікті.
Зейін қасиеті- бөлінушілігі- назарды бір кезде бірнеше объектілерге бөліну қабілеті, зейіннің аударылуы бір объектіден екінші объектіге жылдам жылжуы.
Зейіннің тұрақтылығы, бағытталуы
30. Ерік- жігер, қайрат, воля. Қиындықтарды жеңетін саналы, бағытталған психикалық белсенділік; кедергілерді жеңуге арналған, тарихи қалыптасқан психикалық сапа.
Волюнтаризм- тек ақылды мойындау
Бихевиоризм- тәртіп манерлер адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын зерттеуге жүйелі көзқарас.
31. Күрделі ерікті процестің кезеңдерінің реттілігі.
Даярлау, шешім қабылдау, жоспарлау.


32. Темперамент- жеке адамның биологиялық фундаменті, оның туа пайда болған қасиеті. Темперамент жеке адамды жалпы анықтай алмайды, ол жеке адамның қасиетінің бірі. Латынша дұрыс араласу деген мағынаға ие. Әрбір жеке адамның жалпы мінездемесі.
Темперамент функциясы: адаптивті рөл: адамның энергияны динамикалық мүмкіндіктерін жұмсауды реттейді, денені шамадан тыс жүктемелерден қорғайды.
Гиппократ төрт темпераменттінің физиологиялық негізін қаласа, Павлов орталық нерв жүйесінің төрт типін қалады.
Темперамент түрлері:
Холерик темпераментті адамдар- ұмтылу ерекшелігі, тасқындаған эмоционалды, көңілінің жылдам ауысуы, ұшқалақтығымен көзге түседі.
Сангивиниктер де жылжымалы, эмоция көңіл құбылмалы қиыншылық пен сәтсіздікті оңай жеңгіш, жылы жүзді, ширақ және көпшілікті.
Флегматиктер- баяу және байсалды.Олардың қайғыларыың сыртқы көрінісі бай емес. Көңіл ауысуы жылдам болмайды. Олар қадалғыш және өзін-өзі еркін билейді. Павлов айтуынша бұлар - өмірдің қажымайтын еңбекқорлары.
Меланхоликтер- белсенділігі төмен, шаршағыш, қайғысының ауырлығына қарамай сырт жағына байсалды. Олар ұялшақ, қорқақ, батылсыз, оңай жарақаттанғыш,көңіл ауысуы жай.
33.Павлов темпераменттің физиологиялық негіздерін зерттеді. темперамент- әрбір жеке адамның жалпы мінездемесі.
Павлов орталық нерв жүйесінің типтеріне қарай бөлген:
Холерик- күшті ұстамсыз,сангвинник- күшті жылжымалы, тепе-тең, флегматик- күшті тежеу, меланхолик-әлсіз типке сай.
34. Ақпарат жинау әдістері.
Сұхбат-Бұл кездесу белгілі бір тақырыптағы адамдар тобының идеялары немесе сезімдері туралы ақпарат жинауға бағытталған.
Бақылау-Бұл жағдайда зерттеуші зерттеу пәнінің ерекшеліктерін талдайтын көрермен ретінде әрекет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет