Сәрсенбиева Әлия



бет2/7
Дата28.04.2023
өлшемі199,29 Kb.
#87654
1   2   3   4   5   6   7
Психикалық процестер мына түрлері болады
Танымдық- Зейін; Түйсік; Қабылдау; Есте сақтау; Ойлау; Сөйлеу; Қиял.
Эмоцианалды- Сезім; Эмоция; Аффект; Стресс.
Еріктік- Мақсатқұмарлық; Табандылық; Жауапкершілік; Сенім; Жігерлік; Батылдық.
6. Психикалық қасиеттер- темперамент, мінез,қабілет, бағыттылық.
7. Психикалық күйлер- қорқу, қуану, зерігу, зорығу.
8. Психология салалары - Бұл дегеніміз, бір ғана психология емес, әртүрлі қолдану салалары мен әртүрлі мақсаттарға бағытталған көптеген психология салалары бар. 
Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік
маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп
ұйымдастыру.
Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі
формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе
психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған,
психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін
зерттейді.
Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер,
айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады.
Зоологиялық психология – жануарлардың психологиялық әрекеттерін
қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін
зерттейді.
Салыстырмалы психология – адамдар мен жануарлардың психикасының
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін,
яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім
және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым-
қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің
іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін
зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму
заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың,
сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп
талдайды.
9. Психология әдістері – зерттеушілердің психологиядағы ғылыми теориялар құру және практикалық ұсыныстарды қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты алу және кеңейту мүмкіндігін пайдаланатын әдістер мен әдістердің жиынтығы
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті
бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ
уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым
ӛкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи,
және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар,
сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау;
биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық
(материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг,
психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
10. Сенсибилизация- (Сезімталдық арттыру) — (фр. sensibilisation — организм сезімталдығының артуы. 
11. Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады.
12.Сана-сознание- психикалық урдестерінің ерекше қосылуы, адам психикасының қоғамдық- тарихи себепшісі болды. Бұл адамға тәң зат.
Сананың бұзылуы
Есенгіреу-қозу табалдырығының күрт жоғарлауы.
Сопор-сезім мен рефлекстер сақталғандағы сананың толық жоғалуы
Кома- сезім мен рефлекстердің еще сананыңда толықтай жоғалуы.
Лунатизм- сомнамбунизм- ұйқы сұрау
автоматизм- ауру адам транспортпен жүреді, бірақ есінде ештене қалмайды.
13. Түйсік- Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне.
Экстероцептер- сыртқы анализаторлардың рецепторлары көру,есту сиякты
Проприорецептор- дене мүшесінің қозғалуы, оларға мышщы сияқты заттар жатады.
Интрорецептор- дене ішінде орналасқан сезім мүшелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет