Сәрсенбиева Әлия



бет5/7
Дата28.04.2023
өлшемі199,29 Kb.
#87654
1   2   3   4   5   6   7
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға
болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға
жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда,
немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір
фактілі материалдар жинауға болады.
35.Аурудың ішкі сипаты.
Жеке адамның ауруға деген көз- қарасынан аурудың ішкі сипаты қалыптасады.
Аурудың ішкі сипаты дегеніміз- науқастың қайғыруынан, сезінуінен, оның жалпы жағдайынан, өзін-өзі ұстаудан құралады.
Николаев жеке адамның ауруға деген көз-қарасын 4 деңгейге бөлді.
1. Сенсорлы- патологиялық импульстар сезінулер санаға енеді.
2.Эмоциональді- бұл қорқу, үрей сияқты ұнамсыз эмоциялар тудырады.
3. Интелектуалды- адам не істеу керек ,кімге бару керегін ойлайды. аурудан шығу жоспарын құрады.
1 и 2 жеке адамға дестабилизация, ал 3 және 4 - стабилизация.
4. Мотивациялық-дәлелдік, себептік, адам өз әрекеттерін қайтадан қарайды.
36. Симуляция - (лат. simulatio-көріну, сылтау) - жоқ ауруды бар етіп көрсету
37.Диссимуляция-ауруды, оның белгілерін жасыру
38. Аггравация- нақты ауруды науқас үлкейтілген күйде сезіну. Бар аурудың немесе жарақаттың көріністерін асыра бағалау, ауырлату. Науқас айналадағы адамдардың оны ойлап, бар назары ода болуына тырысады.
39. Жоққа шығарушылар-анозогнозия- психологиялық қорғау механизмі, Түйе-құс позициясы. Басты құмға жасыру, проблема жоқ, бала ауырмайды. Маскүнемдерде болады.
40. Науқастың сырқатына қатысуының негізгі 13 типке бөлген:
1. Үйлесімді немесе гормониялы. Өмірге түңілмейтін, ешбір асырусыз сырқатына дұрыс баға беру. Емдеу жетістігіне жету үшін белсенді құлшыну. Өзін күтушілерге ауыртпалық түсірмеуді қалайды. Қолайсыз жағдайлар туғанда, яғни мүгедектік кезінде көңілін басқаға аудару. Қолайсыз жағдайларда quo ad vitam ойын өзінің ісіне, жақындарының өміріне, солардың қамқорлығына жұмылдырады.
2.Үрейлі.Сырқаттың қолайсыз ағымына, мүмкін болатын асқынуларына, емнің тиімсіздігіне сенімшіл болу, үнемі үрейленеді. Жаңа емдеу тәсілдерін іздестіреді,солар туралы қосымша ақпарат іздейді. Ипохондриядан айырмашылығы сырқат туралы объективті мәліметтер көп қызықтырады. Сондықтан өзінің шағымдарының айтқаннан гөрі, тындағанды ұнатады. Көңіл-күйінің үрейлігі, жабырқану-үрейдің салдарынан болады.
3. Ипохондриялық. Көңілі субъективті сырқатқа және басқа жағымсыз сезімдерге жұмылдырылған. Ол туралы айналасына айтқанды ұнатады. Сырқатты асыра сілтеп көрсетеді. Емделуді қалап тұрып, оның жетістіктеріне сенбейді. Өзінде жоқ ауруларды қиялдайды, елестетеді.
4. Мелахолиялық. Сырқатпен басы қатуы. Сауығып кетуге, емнің тиімділігіне сенбеушілігі. Қоршаған ортаға пессимисстік көз-қараспен қарау, суицидальді ойларға дейін депрессиялы ойларды айту. Объективті мәліметтердің қолайлы болған кезінде де емге сенбеушілік.
5. Апатиялық. Өзінің ғұмырына, сырқаттың соңына, емнің қорытындысына толық парасыздық.Емдеулер мен шараларға еріксіз көндігу, бұрын толғанырған заттардың бәріне қызығушылық жоғалту.
6. Неврастениялық. Мінез-құлқы «тітіркендіргіштік әлсіздік» түрінде танылады. Тітіркендіргіштік әсіресе ауырған кезде, жағымсыз сезімдерде, емнің сәтсіздігінде, зертеулердің қолайсыз мәліметтерінде ашу ретінде байқалады. Тітіркендіргіштік алғашқы кездескен адамға тиеді және кейде өкінішпен, жылаумен аяқталады. Ауырсыну сезімдеріне көндікпеу. Шыдамсыздық. Жеңілдікті тоса алмау. Кейінен шыдамсыздық пен мазасыздық көрсеткеніне өкіну.
7. Обсессивті-фобиялық (О). Үрей және күмәншылдық ең біріншіден шынайы қауіптерге емес, мүмкін болмас асқынуларға, емнің сәтсіздігіне, сонымен қатар (аз негізделген) сырқатпен байланысты өмірдегі, жұмыстағы, отбасы жағдайында сәтсіздіктеріне ауады. Шынайыдан гөрі, ойдан шығарылған қауіптер толғандырады. Үрейден қорғануға ырымдар мен салт –жораларды қолданады.
8.Сенсетивтік (С). Қоршаған ортаға өзінің сырқатының мәліметтерінің әсер ету туралы қолайсыз сезімдерге шектен тыс уайымдау. Айналасындағылардың одан қашқақтайтынына, сырқаты жайында қолайсыз өсектің таралуынан қорқу. Сырқатына байланысты жақындарына масыл болуға және олардың ұнатпаушылық қарым-қатынастарынан қорқу.
9. Эгоцентрикалық (Я). “ Сырқатқа беріліп кету ”. Жақындарының және айналадағылардың көңілін өзіне қарату мақсатында өзінің уайымы мен қиыналысын сыртқа көрсету. Барлықтары бар жұмысын тастап, тек науқастың ғана жанын ойлап, қамқоршылық етуді талап етеді. Айналасындағылардың әңгімелерін өзіне қабылдайды. Басқа адамдардан да қамқорлық талап етеді және оларға жақтырмай қарайды. Үнемі өзінің сырқатқа ерекше қатысын көрсетуге ынталанады.
10. Эйфориялық (Ф). Көңіл- күйі негізсіз көтереңкі, кейде ойнақы. Сырқаты мен еміне жеңілтек қарайды. Сырқаттың өздігінен жазылатынан үміттенеді. Сырқатына қарамастан өмірден барлығын алуды тілейді. Күн тәртібіне жеңілтек қарауы ауру ағымына қолайсыз әсер етеді.
11. Анозогнозиялық (3). Сырқат туралы, оның зардабы туралы ойларды есінен белсенді шығарып тастайды. Сырқаттың байқалуларын, белгілерін басқа жеңіл аруларға жатқызып, мойындамайды. Тексерілулер мен емделуден бас тартады. «Өзінің заттарымен» емделгенді қалайды.
12. Эргопатиялық (Р). «Сырқаттан жұмысқа беріліп кету». Сырқаттың ауырлығына, қиналуына қарамастан жұмысын жалғастыруға тырысады. Бұрынғыдан гөрі ынтамен жұмыс істейді, барлық уақытын жұмысқа арнайды, емделуге тырысады, бірақ жұмысты жалғастыру мүмкіндігін тастамайды
13. Паранойлық (П). Сырқаттың біреудің жаман ойынан туындағанына сенімді болу. Процедуралар мен емделулерге шектен тыс күмәншылдықпен қарайды. Мүмкін болар асқынуларға немесе дәрілердің кері әсеріне, дәрігерлердің және қызметкерлердің немқұрайды қарайтынына жала жабуға ұмтылады. Осыған байланысты жала жауып, жазалауды талап етеді. Сырқатқа байланысты қарым-қатынас жүйесі сипатталған типтердің біреуіне де келмеуі мүмкін. Бұл жерде белгілері өзара ұқсас (үрейлі-обсессивті, эйфориялық-анозогнозиялық, сенсетивтік-эрогпатиялық және т.б.) аралас типтер туралы сөз болуы мүмкін.
Конечный, Боухал бойынша:
1. Қалыпты- адекватты-уақытында тексерілу, емделу, Жеңу үшін оптимальды жағдайлар жасайды.
2. Немқұрайлы-ауру мен ситуацияны жете бағаламау. Таяз ойлайтын адамдарда кездеседі. үстіртін қарайтындар, негізсіз оптимисттер.
3. Жоққа шығарушылар-анозогнозия- психологиялық қорғау механизмі, Түйе-құс позициясы. Басты құмға жасыру, проблема жоқ, бала ауырмайды. Маскүнемдерде болады.
4. Нозофообты- аурудан өте қорқу
5. Ипохондриялық- өзінде жоқ ауруды табады, қиялдайды, елестетеді, дәрігерлерге барады, өздерінде, дәрігерлерді де азаптайды.
6. Нозофильдік - ауырғанды жаратады. Сөздерінің бәрі ауру туралы, кісілермен ауру туралы әңгіме құрады, ауырғанда жұмысы артта қалады.
7. Утилитарлық ауырғаннан пайда іздейді. Жұмыстан босау и тд
41. Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
42. Аффилиация.Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет