Сәрсенбиева Әлия



бет6/7
Дата28.04.2023
өлшемі199,29 Kb.
#87654
1   2   3   4   5   6   7
Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау.
Рефлексия-қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. 
Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). 
Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды.

43. Эмпатия- латын тілінен аударғанда бірге қайғыру деген мағынаны береді. Өзге адамның,науқастың жан-дүниесін, қайғысын түсініп,сол қайғыға ортақтасу.


44. Аффилиация (лат. affiliate - қосу, қосылу) - адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. адамның қоршаған орта тарапынан қолдау табуға ұмтылысын сипаттайтын ұғым. Аффилиация кезінде адам - айналасындағылармен достық қарым-қатынаста болып, әрдайым олармен бірге бақытты күндерді көргісі келеді. Қолдауды күту.
45. Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

46. Кәсіби бейімделу- бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі


Кәсіби имидж- тұлғаның өзін-өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Имидж компоненттері:
Іскер имидж- адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады.
Вербальді имидж- қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой. ауызша
Вербальді емес іс-әрекет имиджі- ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құралады.
Көп-қырлы күрделі имидж- позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет