Мақсаты: Қардың жерге түскендегі қалықтаған, дыбыссыз әсемдігін көруге , сезінуге баулу. 2. Қимылды ойындар: «Қармен атысу» «Аққала жасаймыз
3. Жеке жұмыс: 2-3 балаға қардан түрлі бейнелер жасауды үйрету. (аю, қоян, гүл, кесе.т.б.)
4. Еңбек: Балабақша теліміндегі қарды жинау.
5 Көркем сөз: Б.Жақып. «Сырғанақ» Біз тебеміз сырғанақ, Таудан төмен сырғанап. Бір шанада екеуміз, Құламайды екенбіз. Балалардың дербес ойындары
Серуен №9
1. Бақылау.Торғайларды бақылау. Мақсаты: Қыс мезгілінде неліктен торғайлар бүрісіп тұрады? Олар тоңбас үшін не істеу керекпіз? сұрақтарына жауап беруге үйрету. Құстарға қамқорлық көрсетіп, қорғауға тәрбиелеу.
2. Қимылды ойын «Торғайлар мен машина» «Шеңберге түсу» 3. Жеке жұмыс: 2-3 балаға торғай туралы тақпақ жаттату Торғай, торғай, торғайсың, Жақын неге қонбайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда торғай тоңбайсың.
4. Еңбек:Құстарғатамақ беру. 5. Көркем сөз: Торғай-торғай, тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып, «Шиқ-шиқ» десіпотырады.
Серуен №10
1. Бақылау. Қысқы ауа-райын бақылау. Мақсаты: Қыстағы ауа райы салқынды, боранды, аязды болатынын. Бүгінгі ауа-райын айтыңдаршы. Балалар қысқы күннің ерекшеліктерін айту.