Серуен №1 Бақылау: Табиғатты өзгерістерді бақылау


Көркем сөз.Жұмбақ. Үш көзді батыр



бет8/8
Дата13.01.2023
өлшемі1,02 Mb.
#61187
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
кккыысс

5. Көркем сөз.Жұмбақ. Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)




Серуен №18


1. Бақылау. Ағаштарды бақылау.
Мақсаты: Шыршаны басқа ағаштармен салыстыру
арқылы ағаштардың ауа райына байланысты өзгеруін бақылату кезінде олардың атауы, пайдасы туралы түсінік беру. Жапырағынан танытуға үйрету.


2. Қимылды ойындар: «Өз ағашыңды тап»,
«Қуыспақ».


3.Жеке жұмыс. Екі-үш балаға ағаштың пайдасы және оны күту туралы ақыл-кеңес беру.


4. Еңбек.Қар тауын жасауды бітіру.


5. Көркем сөз. Жылыстайды даламның
Ақ түнекті бораны.
Түйіп алып қабағын,
Басып қалды қораны.






Серуен №19


1 Бақылау.Суықторғайды бақылау.
Мақсаты: суықторғайдың тамақтануын бақылата отырып оның сыртқы түрінің қай құсқа ұқсайтынын білдіру.


2 Қимылды ойындар: «Дәл түсір» ,
«Кім алысқа лақтырады?»


3 Жеке жұмыс. Балаларға қыстап қалатын құстардың атауларын үйрету..


4 Еңбек. Құстарға жем шашу.


5 Көркем сөз. Торғай, торғай тоқтаған,
Торғайды торғай мақтаған.
Бір торғай ұшса боранда,
Бәрі жабылып жоқтаған






Серуен №20


1. Бақылау. Транспортты бақылау.
Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін толықтыруды жалғастыру. Оларды тануға , айырып атауға үйрету.Соның ішінде автобусты бақылату және олардың әртүрлі болатынын көрсету. Жол жүру ережелерін де қайталату.


2. Қимылды ойындар: «Өз орныңды тап»,
«Жүргізуші мен жаяу адам»,


3. Жеке жұмыс. Екі-үш балаға автобустағы мәдениеттілікті үйрету.


4. Еңбек. Алаңды жинау. Тазалыққа дағдыландыру.
5. Көркем сөз:
Жылыстайды даламның
Ақ түнекті бораны.
Түйіп алып қабағын,
Басып қалды қораны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет