1. Бақылау: Қарды бақылату. Мақсаты: Қарды қолға ұстап, салқын екендігін, неге ұқсайтындығын көрсету. Ақ ұлпа қардың жұмсақ, жеңіл, салқын екенін сезіндіру. Қарды қолға ұстаса алақан жылуына еріп суға айналатынын көзбен көрсету және жұмсақ қардан түрлі бейнелер жасалатынын айтып түсіндіру.
2. Қимылды ойындар: «Қане қолымыз қайда» «Кім тапқыр?» қардан түрлі бейнелер жасап жарысу.
3. Еңбек: Қақпа жасаймыз.Қатты қарлардан қақпа және қорғандар жасау.
4. Жеке жұмыс: Алақанда қар қалай тез еріп кететінін тәжірибе жасатып жеке-жеке көрсету.
5. Көркем сөз: Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқа күндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды.
Серуен №12
1. Бақылау. Боранды желдің көтерілуін бақылау. Мақсаты: Боран қандай жағдайда болады? Қысты күндердің сықырлаған аязы мен азынаған бораны болады. Қатты жел болғанда қар борап борандатып көтерілетінін түсіндіру.