Серуен №1 Бақылау: Табиғатты өзгерістерді бақылау


Серуен №13 1. Бақылау. Терезедегі аяз салған оюларды бақылау



бет6/8
Дата13.01.2023
өлшемі1,02 Mb.
#61187
1   2   3   4   5   6   7   8
Серуен №13


1. Бақылау. Терезедегі аяз салған оюларды бақылау.
Мақсаты: Терезеге оюды аяз қыстың суығын білдіріп әдемі өрнектермен безендіреді,оюлар әр түрлі бейнелерге ұқсайды. Мысалы мына ою атқа ал мынау сырғаға ұқсап тұр. Сендер неге ұқсатып тұрғандарыңды айтыңдаршы.


2. Қимылды ойындар:«Ақ серек, көк серек »
«Шана жарысы».


3. Жеке жұмыс. Қарды нысанаға тигізіп лақтыру. (2,5-2метрден)


4. Еңбек: Қардан оқтар жасау (лақтыру).


5. Көркем сөз: Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.(Аяз)
Қыс болса құрып өрмегін,
Салады небір өрнегін. (Қырау)



Серуен №14




1. Бақылау. Топ алаңына келген құстарды бақылау.
Мақсаты: Құстардың қарға салған іздерін қарап, қарды тұмсықтарымен шұқылап жем іздегендерін тамашалау.Жемсауыттан жем жегендерін бақылап үркітіп алмау.


2. Қимылды ойындар: «Көңілді үшеу»-шанаға екеуден отырып сүйреу, «Қайда тығылды?»


3. Жеке жұмыс. Ойын-жаттығу:Шаңғының қимылын салып жүру.


4. Еңбек.Жолды қардан тазалау, кішкене күрекшелермен жұмыстану.


5. Көркем сөз: Тал басында
Түндіксіз отау.
(құстың ұясы)
Жаңылтпаш: Тасқа қара қарға қонды,
Қара ала қарға талға қонды




Серуен 15


1.Бақылау. Аспанды бақылау.
Мақсаты: Аспанның түсіне ұқсайтын заттарды атату. Оның түсі кейде өзгеріп тұратынын айту.Бұлтты және шуақты, ақ бұлт, қара бұлт болса, қар жауатынын немесе қатты боран болатынын түсіндіру.


2.Қимылды ойындар: «Қарды кім алысқа лақтырады?»,«Бұлттар болып үйіріл де жазыл» шеңберге тұрып ойнау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет