Сәттілік әріптесім! 10 сынып ІІІ оқу тоқсаны ҚҰҚЫҚ-1 сағаттық


Конституциялық құқықтар мен бостандықтар -



бет21/24
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65903
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
382 Т бұйрық-10 -1 сағаттық Құқық-ІІІ тоқсан

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар - әрбір елдің Ата Заңында көрсетілген елдің азаматтарына тиесілі күнделікті өмірде жүзеге асыра алатын еріктері мен еркіндіктері. 1995 ж. 30 -тамызда қабылданған ҚР Конституциясының ІІ -бөлімі “Адам және азамат” деп аталады. Осы бөлімде Қазақстан азаматтарының конституциялық мәртебесі белгіленген.
Мәтінмен жұмыс.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001сілтемесіндегі “Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы” мәтіні және ҚР Конституциясымен танысады. Ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп,қолдау жасау
1 бап Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
2 бап Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс.
3 бап Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
4 бап Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.
5 бапЕшкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.
6 бапӘр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.
ҚР Конституциясының баптары.
12 -бап.
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
14-бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16-бап.
1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17-бап.
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет