Сәттілік әріптесім! 10 сынып ІІІ оқу тоқсаны ҚҰҚЫҚ-1 сағаттық


Білім беру ұйымының атауы



бет19/24
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65903
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
382 Т бұйрық-10 -1 сағаттық Құқық-ІІІ тоқсан

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Жеке құқық
Еңбек құқығы жүйесі

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары ның құқықтық реттелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.4.1 - Қазақстан Республикасы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.3.4.2 - әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының іске асуын зерттеу

Сабақтың мақсаты

Еңбек қатынастарының құқықтық реттелу ерекшеліктерін, қағидаларын, еңбек құқығының жүзеге асу жолдарын анықтау

Құндылықтарға баулу

- Өз елінің заңдарына деген құрметті қалыптастыру; заңды орындау міндеттілігін ұғындыру
- Жаһандық азаматтылық: жағдаяттарды шешу, өзге елдермен салыстыру
- Құрмет пен ашықтық.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Миға шабуыл
-«Еңбек бәрін жеңбек» мағынасын түсіндір


Сабаққа ынталанады.
Жағымды ахуал туады.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Тақырып
тық суреттер

Жаңа білім



Мәтінмен жұмыс

  1. Еңбек құқығының түсінігі

  2. Еңбек құқығының субъектілері

  3. Еңбек құқығы субъектілерінің түрлері:

  4. Еңбек құқығының қайнар көзде

  5. Еңбек құқығының қағидалары:

ЕБҚ оқушыға тапсырмада жетіспейтін сөзді толықтыруды ұсыныңыз
КР Конституциясы
24-бап. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар

1.Азаматтың қандай еңбек түрімен айналысатындығы туралы шешімді кім қабылдайды?
2.Ерікті еңбек ету дегеніміз не? Еріксіз еңбек ету қандай жағдайларда мүмкін?
Еңбек қатынастарының ерекшеліктері: ҚР Еңбек кодексі мен ҚР заңнамаларын негізге ала отырып жағдаяттар шешу
Жағдаят №1
Мектеп директоры өзіне кедергі келтіріп жүрген кәсіподақ ұйымынан құтылмақшы болды. Осы мақсатта ол мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлерін өз кеңсесіне бір-бірлеп шақырды және екі арыздың бірін жазуға таңдауды ұсынды: не кәсіподақтан шығу арызы немесе өз еркі бойынша жұмыстан шығу арызын жазу. Математика мұғалімі өз құқықтарын қорғау үшін сотқа баруға шешім қабылдады.
Мектеп директоры еңбек заңнамасының қандай қағидаларын бұзып отыр?
Жағдаят №2
Колледж оқытушысы өз құқықтарын қорғау барысында колледждің жетекшісімен бірнеше рет қақтығысып қалды. Біраз уақыттан соң оқытушы өз еркімен жұмыстан шығу жөнінде өтініш береді. Жұмыстың соңғы күнінде жұмыс кітапшасын алғаннан кейін, ол ондағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7б.1 б. 54 т. (қызметкердің жұмыс орнында алкогольді, есірткелік, уытты мас күйінде болу) сәйкес жұмыстан босату туралы жазбаны көреді. Кадр бөлімінің бастығына жүгінген кезде, ол кездейсоқ қателік кеткенін айтып жазбаны түзетіп береді. Алайда, оқытушы бұны кездейсоқ қателік емес деп өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді шешеді. Сотқа берген талап арызында оқытушы еңбек заңнамасының негізгі қағидалары оған қатысты бұзылғанын көрсетті.
Бұл жағдайда қандай қағидалар туралы айтылуы мүмкін?Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының қандай заң актілерінде тұжырымдалған?
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Еңбек құқығына түсінік береді
Бағалау критерийі: Берілген жағдаяттардың шешімін анықтайды
Дескриптор:
Заңнамаға сүйене отырып, заңға сілтеме жасай отырып мәселенің шешімін көрсетеді



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Екі жұлдық,бір ұсыныс»
Өзін-өзі бағалау

Құқық негіздері, Практикум, Әдістемелік құрал, Астана 2015 ж.
Тажибаева А.Х. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ Оқу -әдістемелік құрал, 2016

Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы.Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 405 бет.


ҚР Конституциясы



Бекіту



Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары ның құқықтық реттелуі



Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка



Кері байланыс

Кері байланыс
Мен мына тұстарды басқаларға түсіндіре аламын...
Тақырыппен таныстым, бірақ ...
... сәйкес жағдаяттарды шеше аламын

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет