Сәттілік әріптесім! 10 сынып ІІІ оқу тоқсаны ҚҰҚЫҚ-1 сағаттық


Білім беру ұйымының атауы



бет17/24
Дата07.02.2023
өлшемі1,73 Mb.
#65903
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
382 Т бұйрық-10 -1 сағаттық Құқық-ІІІ тоқсан

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Жеке құқық
Отбасы құқығы жүйесі

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.3.2 - Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.3.3.3 - әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының негізі – зайырлы қоғам мен жоғары руханилыққа баулу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Ой салу


-Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі
Б. Оқушылар сабақта жаңа тақырыппен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен, терминдермен танысады.

Сабаққа ынталанады.
Жағымды ахуал туады.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Тақырып
тық суреттер

Жаңа білім



Мағынаны тану.
Академиялық білімдер түсіндірілімі.
Жазып ал да, жаттап ал!!!

Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәрртіпте тіркелген еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.
ОТБАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Некені тіркеу қағидалары:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;
Отбасын құру және сақтау қағидалары:
1) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;
2) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 
3) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 
4) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 
5) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 
6) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру. 
Оқушылардың міндеті– берілген жазба жұмысының талапқа сай орындалуын қамтамасыз ету.
ЕБҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.
«Попс формуласы»: Ерлі зайыптылардың жеке және мүлікті құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді
1-қадам: «Менің ойымша...»
2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»
3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
БЛИЦ СҰРАҚТАР жаттығуын жүргізу ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет