Сәттілік әріптесім! 11 сынып ІІІ оқу тоқсаны ҚҰҚЫҚ-1 сағаттық



бет15/22
Дата10.01.2023
өлшемі0,55 Mb.
#60773
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
382 Т бұйрық 11 сынып Құқық 1 сағаттық-ІІІ тоқсан

Құжаттан үзінді

Өз ойым

Кәмелетке толмаған баланың алимент алу құқығы бала бұл қаражат көзін қажет еткен,етпегеніне қарамастан жүзеге асады.
Кәмелетке толмаған баларға қатысты төленетін алименттік міндеттеме:
―Баланың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаражат көзі;
― Мақсатты көздерге,яғни баланы асырап – бағуға жұмсалады;
― Ай сайын тұрақты төленеді;
― Қымбат бағалы мүлкі,басқа қаражат көздерінің болғандағына қарамастан төленеді;
― Ата - ана құқығынан айрылған,шектеген жағдайлардың барлығында төленеді;
― Қасақана орындалмау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын міндеттеме болып табылады;




Ата-аналардан жасы толмаған баларға мынандай мөлшерде алимент өндіріп алынады. Егер отбасында бір балаға бола,ата-ана табысының,басқа да кірістерінің төрттен бір бөлігі, екі балаға - үштен бір, үш және одан көп балаға-тең жартысы өндіріліп алынады.
Ата-ананың табысынан және өзге де кірістернен үлестік қатанаста алимент өндіру мүмкін болмаған жағдайда сот тұрақты ақша сомасында алимент мөлшерін белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайларға:
1.үнемі алынбайтын өзгермелі табыстар (шығармашылықпен айналысатын адам немесе кәсіпкерлер болмаса);
табыстарын немесе өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналар, т.б. Ақша қаражаты шетелвалютасы немесе басқа табысы жоқ адамдар жатады




Ерлі-зайыптылардың арасында да алименттік міндеттемелер болады.
1.Еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайдың (зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар,I, IIтоптағы мүгедектер).Заңға сәйкес екінші жұбайдан алимент талап етуге құқығы бар.
2.Жүкті кезінде және ортақ баласы туылғаннан бастап үш жыл бойы баласын тәрбиелеп отырған ананың да алимент талап етуге құқығы бар.
3.Ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайдың бала 18 жасқа толғанша.
4.Неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған жұбайдың алимент алу құқығы болады.Алимент өндірудің мұндай түрі, әдетте , ұзақ уақыт бойы отбасында бірге өмір сүрген ерлі – зайыптыларда пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет