Ақнұр базардасауда жасайды Жаз мезгілінде жасөспірімдердің дені қаладағы базарларда еңбек етеді. Әсіресе, шаһардағы «Дина» толайым сауда базарына қала тұрғындары мен қонақтарының көптеп ағылатынын ескерсек, мұнда балалардың да тиын-тебен табуына мүмкіндік көп. Біз қазандай қайнаған базарда жасөспірімдердің қандай жұмыс істеп жүргенін көру үшін сол жаққа барып қайтқан едік.
Базар іші ығы-жығы халық. Мұндағы саудагерлердің тынымсыз тіршілігі бір мезет те тоқтамайтындай көрінеді. Ересек адамдармен бірге дамыл таппай, еңбекке қызу араласқан балалар да осында жүр. Солардың бірі – Ақнұр. Ол Өскемендегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алады.
– Жұмыс беруші тараппен еңбек келісімшартын жасадым. Өйткені былтыр даяшы болып жүргенде, жалақымды ала алмай, алданып қалған едім. Содан ойға түйгенім, кәмелеттік жасқа толмай тұрып, жұмыс істемеген жөн. Себебі еңбек заңнамасын білмейтін жасөспірімдерді алдау оңайға түседі, - дейді Ақнұр.
Бүгінде жалдамалы жұмысқа орналасып, артынша алдау мен арбауға түсіп қалған балалардың нақты саны жоқ. Себебі жұмыс беруші тараппен ешқандай келісімшарт жасалмағандықтан, ата-аналардың көбі заң орындарына шағымданбайды.
Бала құқығын қорғау мақсатында полиция бөлімшелері, сондай-ақ білім бөлімдері басқа мүдделі органдармен бірлесіп базарларда, автомобиль парктерінде, жанар-жағармай құю бекеттерінде, автомобиль жуу орындарында, құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Біз кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің еңбек құқығын қорғауды басты назарда.
Елімізде 2002 жылдан бері «Бала құқығы туралы» заң қабылдаған. Заң бойынша, егер ата-ана баласын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін болса, ата-ана құқығынан айырылады. Ал бала еңбегін заңсыз пайдаланған тұлғалар еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 86-бабының үшінші тармағына сәйкес айыппұл төлейді. Осы орайда, заңды бұзған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 70, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатынын айта кеткен жөн. Егер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн жұмыс беруші бiр жыл iшiнде тағы бір рет бала еңбегін заңсыз пайдаланатын болса, айыппұл мөлшері бірнеше есеге дейін өседі
Дескрипторлар:
Кәмелетке толмағандардық еңбек құқығын анықтайды
Кәмелетке толмағандарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын анықтайды
Кәмелет жасына толмағандарға жұмыс берушінің міндеттерін анықтайды
Кәмелетке толмағандардың еңбекке қабілетті жасын анықтайды.
Дискриптор:Сәйкестендіру арқылыКәмелеттік жасқа толмағандар еңбек нормаларын анықтай алады.
Ақпаратты пайдалана отырып тапсырманы орындау және парақтарын айырбастау арқылы тексеру: