Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері


Электрмен қамту, электрлік жабдықтар, найзағайдан қорғау және байланыс



бет34/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
158 СП РК 4.03-101-2013

10.4.4 Электрмен қамту, электрлік жабдықтар, найзағайдан қорғау және байланыс
10.4.4.1 Жарылыс қаупі бар аймақтарға электрлік құрылғылар, электрлік жетектер және шоғырсым желілерін таңдау ҚР ЭОЕ сәйкес жүзеге асырылады.
10.4.4.2 Құрылғыларды сығылған газбен қамтамасыз ететін трансформаторлық кіші бекеттер (ТБ, ЖТБ) жеке салынады.
Электрлік қондырғыларды және ГТБ,ГТО және басқа да СКГН объектілерін газбен қамтамасыз ететін ТБ, ЖТБ, АБҚ және РБ ҚР ЭОЕ талаптарына сәйкес жобалайды.
В-1а және В-1г класына жататын жарылыс қаупі бар аймақтарда мыс тарамдары бар шоғырсымдар мен сымдар қолданады, ал В-1г класы аймақтарына алюминий тарамдары бар шоғырсымдар мен сымдар қолдануға болады.
10.4.4.3 Кез келген класқа жататын жарылыс қаупі бар аймақтарда резина және поливинилхлоридті оқшаулағышы бар шоғырсымдар мен сымдар қолдануға болады.
Полиэтиленді оқшаулағышы немесе қабықшасы бар шоғырсымдар мен сымдарды барлық кластардың жарылыс қаупі бар аймақтарында пайдалануға болмайды.
10.4.4.4 Кез келген кластың жарылыс қаупі бар аймақтарында жарылыстан қорғалу деңгейі немесе қабықшаның қорғалу дәрежесі МЕМСТ 17494 сәйкес келетін электрлік машиналар қолданылады.

73


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
10.4.4.5 Санатты объектілерге орнатылатын электрлік құрылғылар және БӨҚ жарылыстан қорғалып жасалуы керек.
10.4.4.6 Барлық кластардың жарылыс қаупі бар аймақтарында айнамалы және тұрақты ток электроқұрылғылары нөлдендіруге (жерге тұйықталуға) жатады, ал нөлдендірілген (жерге тұйықталған) қораптар мен шкафтарға орнатылған электрлік құрылғыларды жерге тұйықтамауға болады.
10.4.4.7 Жарылыс қаупі класына тәуелді ғимараттар, құрылыстар мен сыртқы технологиялық құрылғылар үшін ҚР ҚН 2.04-29-2005 талаптарына сәйкес найзағайдан қорғаныс қарастырылады.
10.4.4.8 ГТО және ГТБ үшін сыртқы телефонды байланыс және аймаққа дапуыс зорайтқыш арқылы диспетчерлік хабарлау қарастырылады.
ГТБ үшін ішкі байланыс та қарастырылады.
БҚ сыртқы телефон байланысына шығу да қарастырылуы мүмкін.
10.5 Аралық баллон қоймалары
10.5.1 Аралық баллон қоймаларын және ГТО, ГТБ толтырылған баллон қоймаларын тұрғылықты жер аймағында ғимараттар мен құрылыстардан нормативке сәйкес арақашықтықта орнату керек.
Аралық баллон қоймасы ғимараттары ГТО, ГТБ өндірістік аймағы ғимараттарына, оның ішінде инженерлік-техникалық қамту желілеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
Аралық баллон қоймасы ғимараттары [ 1] сәйкес А санатына жатқызылады. СКГ аралық баллон қоймалары ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 талаптарын ескере отырып жобалануы тиіс.
10.5.2 Баллон қоймасы (БҚ) аумағында технологиялық үдеріске тәуелді орналасады:


  • баллонның толтырғыш бөлімі;




  • шамадан тыс толған немесе ақауы бар баллондарға арналған сұйыққойма (баллон);




  • бос баллондарға арналған бөлім;




  • әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.

10.5.3 Орталықтандырылған жылумен қамту болмаған жағдайда қазандық және буландырғыш бөлімдер қарастырылады.


10.5.4 БҚ аумағы жеңілдетілген типті желдетілетін қоршаумен, мысалы металл тормен қоршауға алынуы керек.
10.6 Авто газ толтыру бекеттері
10.6.1 Авто газ толтыру бекеттері, көп отынды АҚБ (АГҚБ) СКГ үлескілері [ 5 ] талаптарына және (немесе) ережелер жинағы талаптарына сай бекітілген техникалық-экономикалық құжаттама талаптарына сай жобаланады.
Бұдан басқа АГҚБ жобалағанда аталмыш объектілерді жобалауға қатысты басқа да нормативті құжаттардың талаптарын сақтау қажет.
АГҚБ маңайына биіктігі 1,6 м кем емес жанбатын материалдан жасалған желдетілетін қоршау қарастырылады.

74


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет