10.4.3 Инженерлік коммуникациялар 10.4.3.1 Сумен қамту жүйесі өндірістік және тұрмыстық қежеттіліктерді, сонымен қатар өрт сөндіруге жұмсалатын су қажеттілігін қамтамасыз етуі керек.
Өрт сөндіруге жұмсалатын сығылған газ сұйыққоймаларына арналған су шығыны нормативтік құжаттарымен анықталған көлемде қамтамасыз етілуі тиіс.
10.4.3.2 Артезиандық бұрғылардан немесе ашық су қоймаларынан газ объектілерін сумен қамтамасыз еткенде тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су хлорланып, санитарлық қадағалау органдары белгілеген мерзімде бактериологиялық талдау жасалуы керек.
10.4.3.3 Жылдың жылы (ыстық) мезгілінде сығылған газды сақтау паркінің сұйыққоймаларын суландыру жүйесінің жұмысын тексеру ұсынылады.
10.4.3.4 Сұйыққоймаларды суландыру жүйесіне су беретін су құбыры тиектері сұйыққоймалардан 25 м кем емес қашықтықта қол жетімді жерлерде орналасады.
10.4.3.5 Кәрізді жобалау кезінде өндірістік-нөсерлі, шаруашылық –нәжісті кәріз және ластанбаған өндірістік ағындарды қайта пайдалану, сонымен қатар, жергілікті тазалаудан кейін ластанған ағындарды пайдалану қарастырылады.
10.4.3.6 Суда ерімейтін сұйықтарды, және асылған бөлшектерді аулау үшін өндірістік –нөсерлі кәрізде арнайы тұндырғыш орнатылады.
10.4.3.7 Гидравликалық зерттеулерден және сұйыққоймаларды, автоцистерналарды, баллондарды жуғаннан кейін су кәрізге тек гидротиегі бар, сығылған газдың кәрізге түсуін болдырмайтын тұндырғыш арқылы ғана өтеді.
10.4.3.8 Сақтау базасы аумағында, бекеттер мен басқа объектілерде беттік суларды бұру аумақта гидротиегі бар жауын суын қабылдағыш арқылы шығаруды жоспарлау есебінен қарастырады.
10.4.3.9 Өндірістік және қосалқы ғимараттарда су, бу (төмен қысымды) және ауалық жылыту құрылғыларын орнатуға болады.
10.4.3.10 Жылу желілерінің құбыр жолдары жер бетінен тартылады.Құбыр жолдарын жер астынан арнасыз тартуға жекелеген үлескілерде жер үстінен тарту мүмкін болмағанда жол беріледі.
10.4.3.11 А санатына жататын өндірістік ғимараттардың ішінен жылыту жүйесі құбыр жолдарын ашық түрде тару қарастырылады. Құбыр жолдарын құм себьілген еден штабына тартуға болады.
72
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013 10.4.3.12 Желдеткіштер және тартпалы желдеткіштердің электроқозғалтқыштары тек жарылыс қаупінсіз жасалғанда ғана қолданылады.
Желдетудің ағынды жүйелердің жабдықтауды ҚР ҚНжЕ 4.02-42 талаптарына сәйкес жобалау керек.
10.4.3.13 Тартпалы желдету құрылғысы орналасқан (желдету камерасы) ғимараттарда 1 сағат ішінде кем дегенде бір реттік ауа алмасуды қамтамасыз ететін желдеткіш қарастырылады.
10.4.3.14 Желдету жүйелері өнімділікті реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
10.4.3.15 Тартпалы және ағындық желдеткіштердің барлық шиберлері түсті металдардан жасалады.
10.4.3.16 Барлық ауа жолдары жанбайтын материалдан жасалады және жерге тұйықталады. Желдету жүйелерінің жұмсақ қойғыларының металл бөгеттері болуы керек.
10.4.3.17 А санатына жататын ғимараттарда тартпалы желдеткіш жүйелерде ауаны соруға арналған кертіктерді жүйеге бөгде заттардың түсуін болдырмайтын тормен жабады.
10.4.3.18 А санатына жататын ғимараттарда ғимараттағы газдың қауіпті мөлшері туралы дабыл бергіштері орнатылады.
10.4.3.19 Желдеткіш жүйесі технологиялық жабдықтың іске қосу құрылғыларымен тосқауылданады, тосқауыл құрылғының желдеткіш жұмысы басталғаннан кейін 15 минуттан соң қосылу мүмкіндігін және желдеткіш өшкен кездегі құрылғы жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Апаттық желдеткіш жарылыс қаупі бар ғимараттарда жергілікті орнатылған газ талдағыштармен тосқауылданады.