Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері


кесте – Жерүсті сұйыққоймаларының максимальді жалпы сыйымдылығы



бет32/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Байланысты:
158 СП РК 4.03-101-2013

20 кесте – Жерүсті сұйыққоймаларының максимальді жалпы сыйымдылығы





ГТО, ГТБ сұйыққоймаларының жалпы




Топтағы сұйыққоймалардың жалпы




сыйымдылығы, м3




сыйымдылығы, м3

2000 дейін

1000










2000 – 8000 аралығында

2000










Сұйыққойма топтары арасындағы минимальді қашықтық - 21 кесте бойынша.




21 кесте- Сұйыққойма топтары арасындағы минимальді қашықтық
















Топтағы сұйыққоймалардың жалпы




Жер бетінде орналасқан шеткі




сыйымдылығы, м3




сұйыққойма топтарын түзушілер










арасындағы қашықтық, м













200

дейін




5













200

– 700 аралығында




10













700

– 2000 аралығында




20












10.3.3 Топ ішінде жерүсті сұйыққоймалары арасындағы ара қашықтық қатар тұрған ең үлкен сұйыққойманың диаметрінен кем болмауы тиіс, ал сұйыққойма диаметрі 2 м дейін болғанда – 2 м аз болмауы керек.


Екі немесе одан көп қатарға орналастырлатын жер беті сұйыққоймалары қатарлары арасындағы ара қашықтық ең үлкен сұйыққойма ұзындығына тең, бірақ 10 м кем емес болуы керек.
10.3.4 СКГ қабылдау және сақтауға арналған сұйыққоймаларды жапсарлау МЕМСТ 20448 қарастырылған әр түрлі таңбалы газдарды жеке сақтау және қабылдау шарттарын ескере отырып қарастырады.
10.3.5 ГТБ СКГ сақтау базаларының сыйымдылығын бекеттің тәуліктік өнімділігіне (орындарсыз), сұйыққоймалардың толу дәрежесіне және газ толтыру бекетіндегі СКГ сақтауға арналған сұйыққоймалар санына тәуелді анықтайды. Газ сақтауға арналған сақтандырғыш санын объектінің (26) формула бойынша анықталатын есепті газ түспеген жұмыс уақытына , тәулік тәуелді анықтауға болады
, (26)
мұнда - сығылған газ өндіруші-жеткізуші зауыттың объектіге дейінгі
қашықтығыкм;
- вагонмен жөнелтілетін жүкті жеткізудің нормативті тәуліктік жылдамдығы, км/тәу (рұқсат етіледі 330 км/тәу);
- жүктің жөнелтілу және келуімен байланысты операцияларға жұмсалатын уақыт, ( 1 тәулік ретінде қабылданады);

68


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
- объектідегі сығылған газ қорын пайдалануға қарастырылатын уақыт, (жергілікті жер жағдайларына байланысты 3-5 тәулік көлемінде қабылданады).

Сәйкес негіздемемен (көлік құралдары байланысының нашарлығы және т.б.) шамасын арттыруға болады, бірақ 10 тәуліктен артық емес.


10.3.6 Объект сығылған газ шығаратын объектіге тасымалдануы автоцистерналармен немесе құбыржолдары арқылы жүзеге асырылатын кәсіпорынға жақын орналасқан жағдайда газ қорын 2 тәулікке дейн қысқартуға болады.
ГТБ өндірістің кәсіпорнында орналасқан жағдайда сығылған газ қорын өндірістік кәсіпорын үшін қабылданған қор отынын сақтау бойынша нормативке тәуелді анықтайды.
10.3.7 Жерүсті сұйыққоймалары құю келте құбыры жағына қарай 2-3 % еңкіштікпен орнатылады.
Төменгі құраушысы жанасқан аймақтың жоспарлы белгісімен бір деңгейде немесе жоғары орналасатын сұйыққоймалар жерүстілік болып есептеледі.
10.3.8 Жерүсты сұйыққоймаларын жанбайтын материалдан жасаған, отқа тұрақтылық шегі 2ч) кем емес және баспалдақты орнықты металл алаң құрылғысы бар тіреулерге орнатылады.
Алаңдар арқаудың, құралдар мен люктердің екі жағынан орнатылуы керек.
Желдетуге арналған желкөзге алаңды бір жағынан орнатады.
Бірнеше сұйыққоймалар үшін бір алаң орнатқан жағдайда баспалдақтар алаңның соңғы бөлімінде орналасуы керек. Алың ұзындығы 60 м артық болғанда оның ортаңғы бөлігіне қосымша баспалдақ орнатылады. Баспалдақтар үйме топыраққа шығарылады.
10.3.9 Жерүсті сұйыққоймалары күн сәулесі әсерінен қызып кетуден (мысалы, сұйыққойманы ақ немесе күміс түсті бояумен бояу, сумен салқындату) қорғалады.
10.3.10 Сақтау базасын жер астына орналастыру үшін тек цилиндрлік сұйыққоймалар ғана қолданылады.
10.3.11 Топырақпен жабылатын жерасты және жерүсті сұйыққоймалар жанбайтын материалдардан жасалған түпнегізге орнатылуы керек.
Жер астына орнатылған сұйыққоймалардың жоғарғы түзушісі жердің жоспарлы бергіленуінен төмен, 0,2 м кем емес тереңдікте орналасуы керек.
Жерасты сұйыққоймаларына жоғарғы түзушіден 0,2 м кем емес биіктікте топырақпен көмілетін, ені сұйыққойма қабырғасынан бастап 6 м кем емес және өрт әсерінен жылу оқшаулауды қамтамасыз ететін жанбайтын материалмен қорғалған жерүсті сұйыққоймалар жатады. Бұл жағдайда сұйыққойма мен оны пайдалану уақытында қорғайтын маттериал арасында қуыстар түзілуінің алдын алуды қамтамасыз ету қажет.
Сұйыққоймаларды құрамында органикалық қоспалары жоқ құммен немесе сазды топырақпен жабуды қарастыру керек.
10.3.12 Жер асты сулары болжалды жоғары аймақтарда сұйыққоймалардың қалқып шығуын болдырмайтын шешімдер қарастыру керек.
10.3.13 Сұйыққоймаларды жемірілуден қорғау керек:


  • жерасты сұйыққоймаларын МЕМСТ 9,602 талаптарына және белгіленген талаптарға сай бекітілген нормативті - техникалық құжаттарға сәйкес;




  • жерүсті сұйыққоймаларын екі қабат топырақтан және сыртқы жұмыстарға арналған екі қабат бояу немесе эмальмен құрылыс ауданындағы есепті температурада;

69


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
10.3.14 Электроқозғалтқыштарды сорғыштармен және компрессорлармен жалғағанда диэлектрлік төсемелер жалғастырғышы және тығырық қолданылады.
10.3.15 Баллондардың толу дәрежесін бақылауды оларды толтыру тәсілінен тәуелсіз өлшеу жолымен немесе барлық баллондардың толу дәрежесін анықтаудың дәлдігін қамтамасыз ететін басқа да тәсілімен (100%) жүзеге асырады.
10.3.16 Ғимараттан тыс орналастырылатын СКГ жылытуға арналған буландырғыштар және жылу алмастырғыштар (бұдан әрі – буландырғыш құрылғылар) СКГ сақтауға арналған сұйыққоймалардан және толтыру цехынан, сорғыш –компрессоры ғимаратынан 10 м кем емес қашықтықта орналастыру керек.
10.3.17 Өнімділігі 200 кг/сағ буландырғыш құрылғыларды сорғыш –компрессорлы бөлімге немесе жерасты және жерүсті сұйыққоймалардың қылта қақпақтарында және сақтау базасы шегінде сұйыққоймадан 1 м кем емес қашықтықта орналастыруға болады.
10.3.18 Буландырғыштар арасындағы қашықтық буландырғыш диаметрінен және 1м кем болмауы керек.
10.4 СКГ объектілерін жабдықтау
10.4.1 Газ құбырлары, арқау және БӨҚ
10.4.1.1 Газ құбырлары сорғыш-компрессор немесе толтыру бөліміне енетін жерінде ғимараттан кем дегенде 5 м кем емес және 30 м артық емес қашықтықта электр жетегі бар сөндіргіш құрылғы қарастырылады.
10.4.1.2 СКГ сұйық және газ фазаларының газ құбырларын ҚР ҚН 4.03-01 талаптарына сәйкес болат құбырлардан жасау қажет.
10.4.1.3 ГТБ ағызу, құю және толтыру құрылғыларын жалғау үшін резина және резинаталшықты майысқақ түтіктер қолданады, олардың материалдары түтіктің белгіленген қысым мен температурадағы тасымалданатын газ әсеріне тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.
10.4.1.4 ГТО және ГТБ өндірістік аймағына газ құбырларын тартқанда биіктігі жер деңгейінен 0,5 м биік жанбайтын материалдан жасалған жер беті тіреулеріне орнатады.
10.4.1.5 Газ құбырларын отқа тұрақтылығы бойынша негізгі өндірістік ғимараттардың ІІІ және одан төмен типті ғимараттардың сыртқы қабырғаларына терезе ойықтарынан 0,5 м төмен және есік ойықтарынан 0,5 м жоғары қашықтықта оронатады. Бұл жағдайда арқауды, ернемекті және бұрандалы қосылыстарды ойыстар үстіне немесе астына орналастыруға болмайды.
10.4.1.6 Газ құбырлары мен басқа да коммуникацияларды В – 1а класты жарылыс қауіпті аймақтар ғимараттарын жырылыс қаупі жоқ аймақтардан бөліп тұратын қабырғалар арқылы тартқанда екі жағынан газ өтпейтін материалмен тығыздалған құтыларда орнатады.
10.4.1.7 Сығылған газ құбырларының өткізгіштік қабілетін есептеуді аталмыш ЕЖ «Газ құбыры диаметрін және жіберуге болатын газ шығынын есептеу» тарауына сәйкес жүзеге асырады.
10.4.1.8 Сұйық фазаның жер үсті газ құбырларының газ құбырын күн сәулесінен қызғанда қысымның артуынан қорғау үшін ілмекті құрылғылармен шектелген үлескісінде

70


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
газдың тасталуы газ құбыры деңгейінен кем дегенде 3 м биіктікте орналасқан шам арқылы жүзеге асырылатын сақтандырғыш қақпақша қарастырады.
10.4.1.9 Сорғыш-компрессорлы, баллондарды толтыру және құю, дегаздандыру және бояу ғимараттарында, сонымен қатар А санатына жатаны басқа да ғимараттарда ғимарат ауасындағы газдың қауіпті концентрациясы дабылдарын орнату керек.
10.4.1.10 Жерүсті және жерасты СКГ сұйыққоймалары үшін [6] сәйкес сақтандырғыш ілгек және БӨҚ қарастырады.
10.4.1.11 Жерүсті сұйыққоймаларының сақтандырғыш қақпақшалардың өткізгіштік қабілеті (сақтандырғыш қақпақша арқылы жіберілетін газ мөлшері) жерүсті сұйыққоймасы мен қоршаған орта арасындағы қоршаған орта температурасы 600 ° С өрт жағдайында жылу алмасу шарттарымен, ал жерасты сұйыққоймалары үшін жер беті сұйыққоймалары үшін анықталған 30% есепті өткізу қабілеті мөлшерінде анықталады.
10.4.1.12 Сұйыққоймалардың сақтандырғыш қақпақшаларынан газдың шығарылуы жерүсті сұйыққоймаларының қызмет көрсету ауданының төсемесінен кем дегенде 3 м биіктікте орналасқан шығару газ құбырлары арқылы жүзеге асырылады. Бір сұйыққоймаға бірнеше сақтандыру қақпақшаларын жалғастыруға болады.
Шығару газ құбырларының ұштарында осы газ құбырларына атмосфералық ылғалдың түсуін болдырмайтын және газ ағынын төменге бағыттайтын құрылғылар қарастырылады.
Сақтандыру қақпақшалары бар шығару газ құбырларында сөндіргіш құрылғылар орнатуға болмайды.
10.4.1.13 Жер асты сұйыққоймаларының ілмекті арқауын, сақтандырғыш, ретету құрылғысын, БӨҚ үйіліп жабылатын бөліктің астынан зақымданудан сақтандырып орнатады.

10.4.2 Құю құрылғылары


10.4.2.1 Темір жол эстакадасында және құю бағаналарындағы құю құрылғыларының саны ГТБ максимальді тәуліктік газ шығару шамасынан газдың темір жол цистерналарына түсу әркелкілігін ескере отырып (әркелкілік саны 2,0 тең) анықтайды.
Құю құрылғалары жұмысы үшін жанбайтын материалдан жасалған құю құрылғыларын цистерналарға (бағана) жалғау алаңдары бар эстакадалар (бағаналар) қарастырылады. Эстакада ұшына ені 0,7 м кем емес, еңкіштігі 45° аспайтын баспалдақтар орнатады. Эстакаданың баспалдақтары мен алаңдарының биіктігі 1м, төменгі жағының тұтас қаптауы 90 мм кем болмауы керек.
10.4.2.2 Газ құбырларында газды темір жол цистерналарынан ағызу үшін жергілікті ГТБ газ құбырлары жалғасқан жерде қарастырады:


  • нсұйық фаза газ құбырларында – кері қақпақша;




  • бу фазасы газ құбырларында – жылдамдықты қақпақша;




  • сөндіргіш құрылғыға дейін – газ қалдықтарын газ құбырлары жүйесіне немесе үрленетін шамға (газ құбыры) жіберу үшін ілмекті органы бар жалғастық.

71


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Жылдамдықты қақпақшаны құюдың (ағызудың) құбыршексіз әдісінде арнайы құрылымды металл газ құбырлары бойымен құюдың (ағызудың) қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген жағдайда қарастрылмайды.
10.4.2.3 ГТО және ГТБ автоцистерналармен келіп түсетін газды құйып алу үшін қаптауы автоцистерналарды бу және сұйық фазалы сұйыққоймалардың газ құбырларымен жалғасқан жерлерінде темір жол құрылғысына ілмекті-сақтандыру арқауы арқылы жалғастыру қарастырылады.
Газ баллонды автокөліктерге газ құюға арналған бағаналарды ілмекті –сақтандыру арқауымен және газ шығынын есептеу құрылғысымен жабдықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет