Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет17/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің масштабы 
мен перспективасын анықтай отырып, негізгі заңдылықтарды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Сурет салу барысында негізгі принцип болып табылатын жалқыдан жалпыға, жеңілден 
күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалып отыру керек. Қаншалықты салынатын модельдің 
үлкендігіне қарамай кез-келген нобайды кағаз бетіне орналастыруды ойластырып отыру қажет. 
Жылдам салынатын нобайларда заттың көрінбейтін бөліктерін елестете отырып көмекші 
сызықтармен негізгі пропорциялық заңдылығын ұстап отыру өте маңызды. Пропорциялық 
заңдылығы сақталмаған суреттерде конструкциялық құрылымы автоматты түрде бұзылады. 
Натураның пропорциялық дұрыстылығын бұзуға болмайды, оларды біртіндеп және 
құрылымдық заңдылығымен байланыстырып отыру қажет. 
Заттың кішкене қосалқы бөлшектерін конструкциялық құрылымының көмегімен және 
салынатын форманың ыңғайына қарай біртіндеп салу керек. Мұндағы жарық көлеңке жеке 
бөлінбей суреттің жалпы көрінісімен бір уақытта жүргізіліп отырады. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық 
сабақта студенттер композицияның масштабын анықтау және перспектива заңдылықтарының 
ерекшеліктерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-композицияны құру барысында негізгі заңдылықтарды ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
- композицияны құрастырудың негізгі әдістеріне бірнеше жобалар сызу; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе 
гуашь, перспективалық және масштабтық көріністер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет