Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет20/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік суреттегі монографиялық 
анализ ерекшеліктерін анықтай отырып, негізгі заңдылықтарды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Натурадан сурет салуда перспективалық зандылықты үйрену үшін тәжірибе жүзінде интерьер 
ішінде қойылған натюрмортты бейнелеу тиімді болып табылады. Мұнда натюрморттан қашық 
жатқан қабырға бұрыштары салынады, ал егер жақын жерден салатын болсақ перспективаны 
анықтау қиынға соғады. Пастель- сурет пен бейнелеу өнерінде кең қолданылатын бояу 


20 
материалы пастель бейнелеудің дербес түрі болып табылады. Өзінің атауын ол итальяндық 
раsta -қоймалжың (қамыр кепкен пастель бояуы осылай көрінеді) деген сөзінен алынған. 
Пастель - бұл таяқша не қарындаш түрінде пішінделген пигмент ұнтағы. Пигменттің әрбір түсін 
ақтау үшін бор, магнезия, каолин, тальк сияқты ақ қосымшалар алынады. Кейде қарындаштар 
сынып қалмауы үшін аз мөлшерде желім де қосады. Желімнің құрамы мен мөлшеріне қарай 
пастель қатты, орташа және жұмсақ болуы мүмкін. Жұмыс барысында сынып қалмауы үшін 
пастельдер өте берік және төзімді болуы керек. Сонымен бірге пастель қағазбен жұмыс жасауға 
ыңғайлы сырғанап кетпейтін және тырналып кетпейтін болуы керек. Пастельдің басқа бейнелеу 
техникасымен ерекшелігі - еркін жұмыс жасай алуда, ол кебуді қажет етпейді, түсі мен өңін 
өзгертпейді. Пастель түгел бір қабатты жауып не алып тастауға, кез келген уақытта жұмысты 
аяқтап, қайта бастауға мүмкіндік береді. Онымен ең жұқа қабаттарды саусақпен немесе мақта 
тампонымен жағуға болады. Қате болған жерлерін шүберекпен, мактамен сүртуге де болады. 
Қағазды өшіргішпен өшіруге болмайды, бұл өшірілген жерге кейін пастель жағылмайтын 
болып қалады. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер түстердің ерекшелігі мен 
түрлерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-композицияны құру барысында түстердің негізгі заңдылықтарын ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет