Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы
мен жасау жолдарын, осы заттар арқылы сызықтық қаңқасын құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Аталған пән сәулеттік өнердегі ең басты пән аралық ой- қабілетін қалыптастырады.
Сәулеттік өнердегі ғылыми көзқарасын студенттің қабылдаған білімінің синтезін нығайтады.
Сурет жалпы теориялық және практикалық сәулет өнерінің аспектісі және негізгі пәні болып
есептелінеді. Сурет пәні оқу бағдараламасында ерекше орын алады. Сурет өнер ғана емес,ол
ғылым. Сәулет өнері әлемнің құрылыс саласымен тығыз байланысып, графика тілімен сәулетші
қоршаған ортаға эстетикалық баға беріп, профессионалдық талғаммен жетілдіреді. Осы курс
графикалық өнердің практикалық білім алу бастамасы болып есептелінеді. Затты нақты және
бейнелі шығармашылық идеялардың танымдық тілі мен шығармашылық бағыттарын реттейді.
Сонымен қатар әрқашан ойлау қабілетіне, санасына, елесіне және қиялына ықпал етуі. Сәулет өнері
әлемнің жобасымен тығыз байланысты жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің негізі болып
табылады.
Курстың теориялық және практикалық негізі болуы ол ойлау қабілетіндегі кескіндеме,
суреттемені, техникалық кұрал-жабдықтарды меңгере алу және кеңістіктегі қойылымды
қабылдау, көре білу, қабылдау теориясын игеру.
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық
сабақта студенттер сурет пәнінің негізгі ұғымдары мен сәулет өнерінің ерекшеліктерін
қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-сурет салу барысында негізгі заңдылықтарды ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық суреттерді А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-геометриялық денелердің композициялық пішінін бір-бірімен салыстыру;
-композициялық эскизді графикалық түрде орындау.