Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет41/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: бөлшектік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, сәулеттік композиция заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Жазылу процесінде мынадай принципті немесе қасиетті естен шығармаған жөн. Ол — үлкен 
қатынастардан бастап кіші қатынастарға дейін, кері қарай кіші қатынастардан үлкен 
қатынастарға дейін жазылу, салыстыру, реңдерін табу, көлемдерін көру, бейнелей білу болып 
табылады. 
Гризайль техникасымен жұмыс жүргізу барысында немесе жалпы живопись өңірінде нұсқаны 
еш уақытта жеке қарауға немесе оның өрісінен бөлек тыс алып қарауға болмайды. Қандай 
натюрморт болмасын, олардың белшектеріне жалпылама қарап, тұтас жазған тиімді. Мысалы, 
жазылу барысында геометриялық денелерді жеке-жеке жазбай, қағаз бетінде біркелкі орындау, 
яғни дене мен дене байланысын, денелердің өрісімен байланысын, жалпы натюрморт 
денелерінің ортамен байланысын көрсету. 
Егерде өмірде кездесетін химиялық тәжірибеге жүгінсек, онда мынадай құбылысты байқаймыз. 
Фотосуретшінің фото шығарып жатқан кезіне назар аударсақ, мысалы, фото қағазы 
бейне шығару суына (проявитель) түскен кезде фото бетіндегі бейнелері бірте-бірте бір 
мезгілде фото қағазының барлық жерлерінен көріне бастайтынын байқаймыз. Ендеше, тұтас 
бейнелеу табиғи тәжірибелі процесс болып табылады. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер тереңді-көлемдік 
композиция формаларын қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны 
орындауы тиіс: 
-сурет салу барысында композиция заңдылықтарын ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет