Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет44/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: капительдік композициядағы 
көркемдік форманы анықтай отырып, контрастты композиция заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Б.з.б.VІІ және VI ғасырларында грек тарихын - архаикалық деп атаған. Бұл архаикалық дәуірде 
монументалдық құрылыстар тастардан, атап айтқанда әк және жұмсақ жергілікті 
материалдардан жасалған. Эллинистік архитектураның шеберлері б.з.б.VІІ ғасырдың өзінде 
ғимараттың бөліктерінің рационалдық қатынастарының қатал жүйесін ойлап тапқан. 
Ғимараттың бөліктерінің қатынастарындағы тәртіпті орнатқан, өлшемдері белгіленген бұл 
конструктивті және декоративті бөліктерге тіркескен бүтін көркемдік мағыналы жүйені ордер 
деп атаған (латын тілінде ордо - тәртіп деген мағынада). 
Грек архитектуралық ордер келесі негізгі элементтерден тұрады: үшбаспалдақты стереобаттан - 
хромның цоколді бөлігі, капительден және бағана базасынан тұратын колонналар; архитрав, 
фриз, және карниздерге бөлінетін антаблементі (кұрылыстың қайта жабу бөлігі). Антаблементтен 
жоғары - үшбұрышты фронтон, төбенің екі жақты жабуымен шектелген. 
Грек архитектурасының қалыптасу процесінде алғашқыда 2 негізгі ордер пайда болды: 
дорикалық және ионикалық кейінірек (б.з.б. 430ж.) Басстағы Аполлон храмы интерьелінде 
коринфтік ордер пайда болды. Олардың детальдарда және ара-қатынастарда айырмашылығы 
болды. Дорикалық архитектураның өзінің қарапайымдылығы мен мықтылығымен, ионикалық- 
жеңілділік, үйлесімділік , ал коринфтік - үлкен декоративтік айырмашылығы болды. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер тереңді-көлемдік 
композиция формаларын қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны 
орындауы тиіс: 
-композицияны құру барысында архитектура заңдылықтарын ескеру; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет