Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Форманың объективті қасиеттерінің және сәулеттік композиция құралдарының бірі – түр-түс
болып табылады. Түр-түстің адам өмірінде атқарар ролі өте зор, оның арқасында қоршаған орта
бізге түрлі-түсті ерекшелігімен әсер етіп, ерекше сезімге бөлейді.
Адам өзінің өмірінде түр-түсті ертеден-ақ пайдалана бастады. Бұған бүгінгі күнге дейін
сақталған үңгірлердегі қабырға жазулары мен жартастағы суреттер дәлел бола алады.
Бөлшектерді жасауда қажетті деректі алға ала отырып, назардан этюдтің жалпы жағдайын тыс
қалдыруға болмайды заттарды және бір рет қайталап салыстыру керек, болашағын болжау
керек. Екіншіге қарағанда алдыңғы жоспарда заттар ерекше айқын суреттелуі тиіс, ал
бағыттағы жоспарда олар жалпы көрініс күйінде қалады. Бөлшектеу жұмысын аяқтаған соң
жұмысты қортындылауға болады. Назарды тағы да этюдтік жалпы жағдайына, бүтіндігіне
аудару керек. Егер бөлшектеу сатысында қандай да бір зат ерекшеленіп тұрса, оларды басу
керек, егер рефлекстер нысанды бұзса оларды жалпылау керек. Бұл үшін натюрмортқа және
этюдке сығырайып қарау керек, нысандағы бөлшек жоғалып бара жатса (этюдте) нұсқада да
солай болуы тиіс. Егер бояу өте қалың жағылса бояуы гуашь бояуы сияқты көрінсе, бұл жерді
ақырын жуып түзету керек. Акварель бояуымен орындалған кескіндеменің кереметтілігі
бояулардың мөлдірлігі мен «сыңғырында».
Заттағы жарық түскен учаскелері кейде нағыз анық сызықтармен белгіленеді, түрлі пішімдегі
қатынастар жарықта қарама – қайшылы болады, сол кезде натюрморттағы көлеңке
жерлеріндегі бұл қатынастар жұмсақтау болады және пішіндегі қаныққан шеттері болмайды.
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер басты салу формаларын
қарастырады.
Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-композицияны құру барысында түрлі-түсті композиция заңдылықтарын ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау.