39
3.Берілген тақырып бойынша этюд құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері.
Бақылау сұрақтары:
1.Форманың объективті қасиеттеріне не жатады?
2.Адам басын салудың ерекшеліктері?
3.Графикалық түр-түс қалай анықталады?
Практикалық сабақ №30
Сабақтың тақырыбы: Модельдің сызықтық қаңқасын тұрғызу және түс қатынастарын
айқындау.
Сабақтың тақырыбы: Композицияның сызықтық қаңқасын тұрғызу .
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, композициядағы түр-түс туралы
ұғым.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. адам басының пішінін контраст арқылы айқындау.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Сурет салатын әрбір студент қойылған нұсқадан белгілі қашықтықта отыру керек, сонда ол
үлкен тон және түстер мағынасын жақсы меңгереді.
Композициялық шешімнің тәуелділігі, берілетін контрастілермен әртүрлі қолданады. Бұл
жерде ірі көлемдегі формалар кішілерімен үйлесімді қолданылуы мүмкін, және сфералық
формадан куб формасына, жазықтықта орналасқан затпен тігінен тұрған заттарға контрастілі
үйлесімімен қолданылуы мүмкін. Натюрморттың композициялық шешімін жазғанда жарықтың
қатынасы және қойылған нұсқаның заттар арасындағы хроматикалық контрастілері негізгі
рольде болады. Ол кезде жалпы колоритінің сюжеттен берілетін ара қатынасында қолдану
қажет. Қойылған натюрмортты нұсқада беру үшін фонын жазу үлкен мағына береді. Түрлі
бояумен боялған фон, жалпы топталған заттардың бір мезгілдегі контрастілері түрлі күште әсер
ете отырып, оның силуэтін ерекшеліндіреді. Егер нұсқада заттардың артында мата қойылса,
оларды түрлі суретте пластикалы етіп, ірі және майда бүрмелері формаға гармониялы етіп бере
алатындай, жарық түсу ерекшелігін айқын, жартылай көлеңке, көлеңке суық- жылы түстердің
қатынасын шеше алатындай орналастырып жаза білу керек. Ең негізгі роль жарықтың түсу
ерекшелігіне негізделеді. Бұл тапсырманы орындағанда жарық түсетін жерлерінің формасының
анықтылығы мен ірі көлеңкелі учаскелерінің массаларын да бірге жаза отырып, ұсақ-түйектерін
біріктіру әдістерін де ұмытпауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: