20
материалы пастель бейнелеудің дербес түрі болып табылады.
Өзінің атауын ол итальяндық
раsta -қоймалжың (қамыр кепкен пастель бояуы осылай көрінеді) деген сөзінен алынған.
Пастель - бұл таяқша не қарындаш түрінде пішінделген пигмент ұнтағы. Пигменттің әрбір түсін
ақтау үшін бор, магнезия, каолин, тальк сияқты ақ қосымшалар алынады. Кейде қарындаштар
сынып қалмауы үшін аз мөлшерде желім де қосады. Желімнің құрамы мен мөлшеріне қарай
пастель қатты, орташа және жұмсақ болуы мүмкін. Жұмыс барысында сынып қалмауы үшін
пастельдер өте берік және төзімді болуы керек. Сонымен бірге пастель қағазбен жұмыс жасауға
ыңғайлы сырғанап кетпейтін және тырналып кетпейтін болуы керек. Пастельдің басқа бейнелеу
техникасымен ерекшелігі
- еркін жұмыс жасай алуда, ол кебуді қажет етпейді, түсі
мен өңін
өзгертпейді. Пастель түгел бір қабатты жауып не алып тастауға, кез келген уақытта жұмысты
аяқтап, қайта бастауға мүмкіндік береді. Онымен ең жұқа қабаттарды саусақпен немесе мақта
тампонымен жағуға болады. Қате болған жерлерін шүберекпен, мактамен сүртуге де болады.
Қағазды
өшіргішпен өшіруге болмайды, бұл өшірілген жерге кейін пастель жағылмайтын
болып қалады.
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа
лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер түстердің ерекшелігі мен
түрлерін қарастырады. Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-композицияны құру барысында түстердің
негізгі заңдылықтарын ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау.
Достарыңызбен бөлісу: