Сезімтал организм


Негізгі биологиялық қауіптерді тізімдеңіз. Жұқпалы қауіптерге не жатады



бет4/17
Дата19.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#108522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
19.Негізгі биологиялық қауіптерді тізімдеңіз. Жұқпалы қауіптерге не жатады. 
1) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың (бұдан әрі – төтенше жағдай) туындауы; 
2) адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруы жағдайы
3) халықтың, жануарлардың инфекциялық сырқаттанушылығының орташа статистикалық деңгейден асып түсуі; 
4) инфекциялық аурулардан болатын өлімнің (өлім-жітімнің) орташа статистикалық деңгейден асып түсуі; 
5) өсімдіктер ауруларының зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары таралуы
6) Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктердің карантиндік ауруларының таралуы; 
7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде туындаған, биологиялық тәуекелдің туындауына нақты немесе ықтимал мүмкіндік жасайтын жағдай; 
8) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптардың бұзылуы, оның ішінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жасыру; 
9) патогенді биологиялық агенттерге санкцияланбаған қол жеткізу
10) патогенді биологиялық агенттермен реттелмейтін еркін жұмыс істеу; 
11) патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілері және (немесе) диверсиялар, патогенді биологиялық агенттерді бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару ретінде әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және пайдалану үшін биологиялық технологияларды және өзге де аралас технологияларды қолдану; 
12) патогенді биологиялық агенттердің дәрілік, химиялық және (немесе) биологиялық құралдардың әсеріне төзімділігін (резистенттілігін) қалыптастыру;
13) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мамандар біліктілігінің төмендігі, кадрлардың жетіспеушілігі
14) аса қауіпті инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды жұқтырғыштар және (немесе) тасымалдаушылар болып табылатын халықтың көшуі және жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу ортасының өзгеруі; 
15) Қазақстан Республикасының аумағында ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін және (немесе) патогенді биологиялық агенттерді қолдануға байланысты соғыс қимылдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет