Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет11/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
 
В) а- u дауысты дыбыстар қатары. 
 
(Еріннің  алға  қарай  ұзаруы  және  жабық  позицияда  алға  қарай  
жылжуы  мен  дауыс  түтігінің  тарылуы  нәтижесінде  айтылатын 
дыбыстар.) 
1) а (â) А-дыбысы. 
«Бұл  дыбысты  мен  дауысты  дыбыстар  қатарының  басқы  орны 


17
 
(исходный пункт) ретінде алдым. Жоғарыда көрсетілген а дауысты 
дыбысының  әлсіз  реңкі  болып  табылады.  Бұл  дыбыс  дауыс 
шымылдығының  сәл  ғана  жиырылуы  нәтижесінде  жасалады. 
 дыбысы Солтүстік Германиядағы немістердің тілінде r дауыссыз 
дыбысының алдында айтылатын ашық дыбыс. Мен өз мәтіндерімде 
а дыбысын көпшілік жағдайда  ā арқылы таңбаладым (Халық ауыз 
әдебиеті  үлгілері.  ІҮ  кітап).  Негізінен  Тараншы,  содан  соң  Тобыл 
мен Волга татарлары диалектілерінде қолданылады» /11,Х/ — дейді 
В.Радлов.  Ғалымның  бұл  суреттеп  отырған  а  дыбысы  неміс 
тіліндегі arbeit, arm тағы басқа сөздерде кездеседі, ал қазақ тілінде 
байқалмайды. 
2)  ạ  [Брюкеде  а°,  Сиеверс  пен  Лепсиус  бұл  дыбысты  жеке 
таңбамен сипаттамайды]. 
Бұл  оңтүстік  Германиядағы  неміс  тілінің  а  дыбысына  сәйкес 
келетін, ағылшын тілінің «all» сөзіндегі а дыбысына сәйкес келетін 
дыбыс.  Үннің  сәл  төмендеуінен  және  дауыс  шымылдығының 
жиырылуы нәтижесінде жасалады. Дыбысты айту барысында ауыз 
сәл ашық тұрады. 
3) о екі дыбыстық реңкімен сипатталады. 
а) [Брюкеде о


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет